Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер .Сөйлем мүшелері

Сабақ:Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер . Сөйлем мүшелері. Мектеп: «Б. Момышұлы атындағы мг» КММ
Күні: 26. 09. 2017
Мұғалімнің есімі: Усербаева А. Қ. .
Сынып: 8-орыс сыныбы
Қатысқандар саны:17.
Қатыспағандар:
Барлық оқушылар :Мақалдарды аударады.
Кері байланыс: Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі : Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, мәтінді түсінеді.
Кейбір оқушылар : Мақалдардың идеясын айта алады.
Оқушылар : Мазмұндайды және аударады.
Мақал- мәтелдер мен тіркестер: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» т. б.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Мақалдарды талдау.
Жазылым бойынша ұсыныстар: Орфографиялық ережелерді сақтау.
Мұғалімнің іс әрекеті
Сәлемдеседі.
Сыныптың психологиялық ахуалын көтереді.
Топтарға бөледі.
Тапсырмаларды орындатуда және бағалауда бағыт-бағдар береді.
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Суммативті бағалау ұпайларына сай нақты бағаны шығарады.
Оқушының іс әрекеті
Ортаға жиналады.
Сәлемдеседі.
Тағам атаулары, қима қағаздарда жазылған мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарарқылы топ құрады.
Тапсырмаларды орындайды.
«Бас бармақ», «Бағдаршам» арқылы формативті бағалайды.
Табыс критерийлері арқылы суммативті бағалайды.
Басталуы
2 минут
1 минут
Сәлемдесу. Тренинг: жұптасу арқылы оқушылар бір-бірлеріне қарап, «Мен өмірді сүйемін, себебі . . . » деп сөйлемді толықтырады.
Сергіту сәті
Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға. /
Тағам атаулары арқылы үш топқа бөлінеді.
Ортасы
5 минут
10 минут
1 минут
1 минут
7 минут
6 минут
1 минут
3 минут
Аяқталуы
3 минут
5 минут
Сабақтың барысы:
1-тапсырма: «Қарлы кесек» әдісі арқылы Әке, Ана туралы ойларын айтады. Оқушы қайталап, өз ойын қосады. Есіне жақсы сақтаған оқушы алғыр атанады.
2-тапсырма:
«Еркін микрофон» әдісі арқылы әр топқа қима қағаздарда жазылған отбасы тақырыбына арналған мақал-мәтелдер таратылады. Топтар осы тапсырмаға қатысты басқа топтарға 4-5 сұрақтар дайындайды. Сұрақтар дайын болғаннан кейін, әр топтан тілшілер топтарды аралап, мақал-мәтелдер туралы түсініктері, мәні-мағынасы мен аудармасы жайлы түрлі сұрақтар қояды.
1. Ата - бәйтерек, Бала -жапырақ.
2. Ананың сүті- бал, Баланың тілі - бал.
3. Отбасым-алтын бесігім
4. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
5. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
6. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.
Бағдаршам арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалау.
Қима қағаздарда жазылған мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы үш топқа бөлінеді.
3- тапсырма:
«Презентация»әдісін пайдаланып, «Әкеме қарап өсемін . . . », «Шешеме қарап өсемін . . . », «Әжеме қарап өсемін . . . », «Атама қарап өсемін . . . » немесе «Әпкеме қарап өсемін . . . » . . . тақырыптар төңірегінде қалауы бойынша әр топ 1 слайд жасап, қорғайды (АКТ) .
4 -тапсырма:
«Кім шапшаң?» тәсілін пайдаланып, грамматикалық тапсырма орындау. Сиқырлы шарлардан алынады:
Бас бармақ арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалау.
а) Жұмбақтарды шешіңдер:
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Ұлдардың кішісі (іні)
6. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
7. Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеген кім?
8 . . . не отбасынан басталады?
ә) Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңдар.
Тірек сөздер: отбасы, ата-ана, тұрмыс-тіршілік, көмек, әдеп.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің, -деген өлең жолдарымен сабақ аяқталады.
Табыс критерийлері арқылы өз жұмыстарын бағалайды .
Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін, кемшіліктері туралы ауызша дәлелдейді.
Үй тапсырмасы: Отбасы туралы 3 мақал жазып, мағынасын түсіндіру.
Бағалау
Бағдаршам
АКТ
АКТ
Саралау -Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға
тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
Мұғалім
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz