Шебер сынып: Оқушылар білімін бағалау - формативті, суммативті және критериалды тәсілдер

«Білім бөлімі» ММ

«№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Шебер сынып

Тақырыбы: « Оқушылар білімін бағалау - білім берудің маңызды үрдісі»

Мұғалім: Камзабекова Т. С.

ІI (ілгері) деңгей

Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

«Оқушылар білімін бағалау - білім берудің маңызды үрдісі» тақырыбындағы

шебер сыныптың жоспары

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудағы формативті, суммативті, критериалды бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізу.

Міндеті:

  • формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу;
  • оқушылардың өзін-өзін бағалауын және өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесу;
  • мұғалімдерге оқыту үшін бағалаудың мәні мен маңыздылығын ұғындыру;
  • Бағалау түрлерінің тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.

Нәтиже:

  • Мұғалімдер бағалаудың түрлерімен танысады.
  • Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.
  • Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Құрал-жабдықтар: презентация, А 3 қағазы, кері байланыс парағы.

Уақыты: 25. 11. 2015ж.

Шебер сыныптың өткізілу барысы:

І. «Өзара презентациясы» тренингі

Тыңдаушылар өздері жуптасып бірін - бірі таныстырады. Таныстыру барысында сіздер мынандай маңызды сұрақтарға тоқталсаңыздар.

-менің ерекше мақтанатын қасиетім;

-мен нені жақсы жасай аламын;

-мен адамдардың қандай ерекше қасиеттерін бағалаймын.

Сіздердің мақсаттарыңыз 60 секунд ішінде презентация құрау.

Рефлексия: Осы кісі жайында өзіңізге қандай жаңа мағұлматтар алдыңыз.

Құрметті әріптестер! Сіздер бір-бірлеріңізді таныса отырып, өзара бір-бірлеріңізге бағалау жүргіздіңіздер.

-Біз бағалаумен қалай кездесеміз?

Біз бағалаумен кез-келген жерде кездесеміз. Ол баға болсын, сөз болсын біздің санамызға бірдей әсер береді.

Тақырыпқа ену. Видео «Опять двойка».

Сіздер өздеріңіз ұғып отырғандай біз бүгін не жайында сөйлесеміз?

-Оқу үдерісінде бағалау керек пе?

-Сіздер сабақта нені бағалайсыздар?

-Бағаны өзгерту керек деп айта аласыздарма?

Топпен жұмыс.

Жылдың төрт мезгілінің суретін салыңыздар. Суретті аяқтағаннан кейін өздеріңіз өз суреттеріңізді бағалаңыздар, топтар бір-бірінің суретін бағалайды.

-Сіздердің өздеріңіздің бағалауларыңызбен басқа топтың бағалауымен сәйкес келді ме?

-Өздеріңізді бағалаған кезде қандай ерекшеліктерге қарап бағаладыңыздар?

-Бағалауда қандай қиындықтар туындады

-Біздің бағалау жүйеміз сіздерге қиындық туғызама?

-Біздің қойған бағамызды неліктен? не үшін алғандағын? оқушылар дұрыс түсіне алама?

Критериалар құру

-Эстетикаға сай салынуы

-Жыл мезгілдерінің реттілігі

- Тақырыптың ашылуы

-Түстердің үйлесімі

-Ерекше құбылыстардың болуы (жаңбыр, жел, қар, боран)

Егерде сіздердің суреттеріңізде осы критериалар болса онда бір баллдан есептейсіздер

-Енді айтыңыздаршы, сіздердің қойған бағаларыңыз өзгерді ме?

Сіздер қалай ойлайсыздар, қандай бағалау түрін қолдандық?

Осы бағалау сіздерге түсінікті болды ма?

Таныстырылым:

1. Тақырып, мақсат, міндеттерімен таныстыру .

2. Бағалау түрлеріне түсініктеме беру

Видео «Оценивание для обучения»

Кері байланыс

«Алақан» әдісі арқылы бүгін алған жағымды сәттерді 5 сөзбен жеткізеді.

«Алақан»

1. Бас бармақ - Не ұнады?

2. Балан үйрек -Жаңа не білдім?

3. Ортантерек - Не жөнінде ойландыңыз?

4. Шылдыр шүмек - Өз қоржыныма не аламын?

5. Кішкентай бөбек - Не білгім келеді?


Ұқсас жұмыстар
Білім сапасын бағалау жүйесіндегі жаңа түрлері: формативті және суммативті бағалау
Оқыту үшін бағалау: формативті және суммативті бағалаудың әдістері мен практикалық жаттығулары
Сыныптағы формативті бағалау: Кембридж бағдарламасы тәжірибесі және критериалды балдық жүйені енгізу
Мұғалім көшбасшылығы және формативті бағалау арқылы мектептегі оқушылар белсенділігін арттыру
7-сынып тарих сабағының рефлексивті есебі: Отырықшы мен көшпелілердің материалдық мәдениеті, әдіс-тәсілдер мен формативті бағалау
Мұғалімдерге арналған оқытудағы критериалды бағалау жүйесін енгізу және қолдану
Формативті және жиынтық бағалау: мұғалімдерге арналған коучинг жоспары
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалау: оқушыларды әділ және нақты бағалау бойынша коучинг жоспары
Критериалды бағалау: мұғалімдерге арналған практикалық-әдістемелік семинар
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі мен оқыту үдерісіндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz