Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы

Исина Айнаш Екпиновна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

№ 6 орта мектеп КММ

Коучинг сабақ жоспары

Тақырыбы:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы
Тақырыбы:: Мақсаты:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор екенін түсіндіру;
Тақырыбы:: Оқу нәтижесі:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы:

Әдебиет - оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал екені түсіндіріледі.

Сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу түрлерін анықталады.

Оқушыларды оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру, алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету жолдары көрсетіледі.

Тақырыбы:: Негізгі идеялар:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы - өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.
Тақырыбы:: Материалдар мен құрал-жабдықтар:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы: Интербелсенді тақта, маркерлер, постерлер, оқулық кітаптар, смайликтер, стикерлер
Тақырыбы:: Өткізу барысы:
Тақырыбы:: Этап
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы: Тапсырма
Уақыт
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
Тақырыбы::

Ұйымдастыру кезеңі

Психология лық ахуал тудыру кезеңі

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы: Қатысушы мұғалімдер шаттық шеңберіне тұрады
3 мин

Сәлемдесу, коучинг жұмысына сәттілік тілеу

Жүректер таратып береді.

«Ай да біреу аспанда

Күн де біреу аспанда

Тұратұғын елжіреп

Бәрімізде бір жүрек» дегендей бір бірімізге жүрегімізге ұсына отырып, тілек айтайық.

Қатысушылар бір-біріне тілек айтады
Тақырыбы:: 2 Топқа бөлу
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы:
2 мин

Топқа жыл мезгілдеріне қарай бөлу

«Кімге көктем, кімге күз, кімге қыс ұнайды?»

Топ басшысын белгілеп, бағалау парақшасын беремін.

Қатысушылар өздеріне ұнайтын жыл

мезгілдеріне қарай бөлініп, топтарға жайғасады. Топ басшысы сайланады.

Тақырыбы:: 3 Коучинг тақырыбы-мен таныстыру
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы:
1 мин
Коучинг тақырыбымен таныстырамын. Тақырып идеясымен таныстыру туралы бейнежазба көрсетіледі.
Тақырыбы:: 4.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы: Тапсырма №1
5мин

Кітап таратып беремін. «Астана» өлеңінің мәнін ашу.

«Астананың символы не?» Бәйтеректің суреті көрсетіледі.

Ол туралы мәтін таратып беріп, мұқият оқуды тапсырамын

Мәтінді жинап аламын да, сол мәтіннің азат жолмен қиылған нұсқасын беріп, рет-ретімен орналастыруды тапсырамын.

Өлеңмен танысады, берілген сұрақтарға жауап береді, мәтінді оқиды.

Мәтінмен жұмыс жасайды.

Қиылған мәтін бөліктерін рет-ретімен қойып шығады.

Тақырыбы:: 5 Көрсетілім
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы:
3мин

«Кейс- стади»технологиясы туралы мәлімет

«Кейс- стади» технологиясы функционалды сауаттылықты қалыптастыру құралы екенін айтып өтемін.

Тақырыбы:: 6
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы: Сергіту сәті «Шарфты байлау әдістері»
3мин
Әр топ мүшелері шарфты байлаудың әртүрлі тәсілдерін көрсетеді.
Тақырыбы:: 7.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы: Тапсырма №2
10 мин

Айтыс туралы кітап беремін.

1-топ тапсырмасы: айтыс сахнасының суретін салу және ол туралы әңгімелеу;

2-топтың тапсырмасы: қыз бен жігіт айтысын шығармашылықпен жазып көрсету;

3-топтың тапсырмасы: айтыс туралы эссе жазу керек;

Берілген айтыс үлгісін оқып шығады

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

Тақырыбы:: 8. Көрсетілім
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы:
3мин
Интербелсенді тақтадан функционалды сауаттылық туралы мәлімет айта отырып, тапсырманы қорытындылаймын.
Тақырыбы:: 9. Бағалау
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы:

1мин

3мин

Әр топ мүшелеріне көрші топ мүшелерінің жұмысын «Басбармақ», «От шашу», «Үш шапалақ» әдістерімен бағалауды тапсырамын,

Топ басшыларынан бағалау парақшасын толтырып, өз топ мүшелері туралы айтуын сұраймын.

Топ мүшелері басқа топтарды бағалайды.

Топ басшылары бағалау парақшасы бойынша өз тобының мүшелеріне баға береді

Тақырыбы::

10. Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы:
«Тілектер аллеясы» атты алакатты ілемін, стикерлер таратамын.
Қатысушылар 2 жұлдыз, 1тілек жазылған стикерлерін «Тілектер аллеясындағы» іздерге апарып жапсыру керек.
Тақырыбы:: Дереккөздер:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы:

-Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІ деңгей;

- А. Ш. Орақова, Т. Б. Корнилова, Ж. А Жартынова, А. А. Касымова.

Коуч - мұғалімнің жұмыс кітабы., 2014

-Курс барысындағы таратпа материалдар.

-Көзбен көретін айғақтар негізінде функционалды сауаттылық туралы слайдтар.

Исина Айнаш Екпиновна

Бастауыш сынып мұғалімі

№ 6 орта мектеп КММ

« Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы»

тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор екенін білемін. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т. б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету - қазақ тілінің басты міндеті болып танылатынын нақтылау мақсатында өз әріптестеріме осы коучингті ұйымдастыруды жөн көрдім. Коучингімді жоспарлағанда әріптестерімде бір серпіліс, сабақ үдерісіне жаңалық әкелсе екен деп ойладым. Әр мұғалім өз ісіне басқа көзқарас танытып, оқушыға, жаңаша әдіспен сабақ берсе екен деген ой болды.

Бұл тақырыптың мен үшін маңыздылығы, Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасының «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет» деген сөзі мені осы тақырыпта коучинг өткізуге алып келді.

Коучинг жұмысын жоспарлы 7 модульді ықпалдастыра өткіздім. Коучингке бастауыш сынып мұғалімдері, тарих пәні, қазақ тілі мен әдебиеті пәні, орыс тілі, география пәні мұғалімдерімен қоса мектеп басшылары да қатысты. Сәлемдесіп алғаннан кейін әріптестерімді «Шаттық шеңберіне» шақырдым. Жүрекшелерді бір-біріне сыйлай отырып, тілек айтқыздым да, ең соңында қолдарында қалған жүрекешені қатты умаждауды сұрадым. Осы жерде жанымызда жүрген досымызға, алдымызда отырған оқушыға ағаттықпен айтылған қатты сөз оның жүрегін мына умаждалған жүректей етеді. Міне, сондықтан бір-бірімізге қатты сөз айтып, жүрегімізді жараламайық деген тілекпен коучинг жұмысын бастадым. Қатысушыларды топқа «Кімге көктем, жаз, қыс ұнайды?» деп бөлдім. Жаз мезгілі демалыс уақыты болғандықтан ол мезгілді алмадым. Топқа бөлініп отырған топ мүшелері топтарына ат қойып, топ басшысын сайлады. Топ басшыларына бағалау парақшасын таратып бердім. Коучингте үш топ жұмыс жасады. Жұмыс тақырыбымен таныстырып алғаннан кейін топтарға оқулықтағы «Астана» өлеңімен танысып шығуды тапсырдым. Өлең мазмұнын ашатын сұрақтар тізбесін әр топ жаздық. Осы жерде «Астананың символы не?» деген сұрақ қойдым. Қатысушылар бірден «Бәйтерек» деп жауап берді. Ол туралы мәтін таратып беріп, мұқият оқуды тапсырдым. Берілген уақыт өткеннен кейін мәтінді жинап алдым да, сол мәтіннің азат жолмен қиылған нұсқасын беріп, рет-ретімен орналастыруды тапсырдым. Топ мүшелері бұл тапсырмаға өте қызыға қатысты. Осы жерде тарих және география пәні мұғалімі осы әдісті өз сабақтарында қолдануға болатынын айтты. Осы тапсырманы қорытындылау мақсатында интербелсенді тақтадан функционалдық сауаттылық туралы мәлімет бердім. «Кейс-стади» технологиясы функционалды сауаттылықты қалыптастыру құралы екенін айтып өттім. Кейс-технологияға жатады:

-жағдайды талдау әдісі;

-инцидент әдісі;

-рольдік ойындар әдісі;

- іс хабарды талдау әдісі;

- ойындық жоба;

- дискуссия әдісі;

Ойындық жоба мен жағдайды талдау әдісін іске асыру мақсатында қатысушыларды сергіту үшін «Шарф байлау» ойынын өткіздім.

Функционалды сауатты оқушы өз білімін кез-келген жерде пайдалана алуы керек екенін баса айтып өттім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болатынын көрсеттім:

1. Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану
Мектеп жуналы
Мектепте тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы тарихты меңгерту
«12 жылдық дауысы: заманауи мектептегі заманауи сабақ» шебер-сынып фестивалі
Функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы
Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау
ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ
12 жылдық білім беру моделін жүзеге асыру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Сабақтағы әрекетті өзгерту тапсырмасы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz