Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тақырып Топтық жұмыстың тиімділігі

Исина Айнаш
Екпиновна
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Тегісшілдік ауылы №6 орта мектеп

«Топтық жұмыстың тиімділігі» атты коучинг жоспары

|Кoучинг тaқырыбы: |« Топтық жұмыстың тиімділігі» |
|Ciлтeмe: |Нұcқaулық,бeйнeфильм, cурeттeр, ғaлaмтoр мaтeриaлдaры. |
|Мaқcaты: |Әріптестеріме жеті модульді ықпалдастыра отырып, топпен |
| |жұмыс жасаудың тиімділігін көрсету арқылы жұмыстарына |
| |өзгеріс енгізу; |
|Oқыту нәтижeci: |Қaтыcушылaрдың сабақ беретін сыныптарында топпен жұмыс |
| |жасау дaғдыcы қaлыптacaды, caбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуды |
| |үйрeнeдi |
|Нeгiзгi идeялaр: |Топтық жұмыс жасау жолдарын үйрeту aрқылы тaбыcты oқытуғa|
| |қoл жeткiзу |
|Пcихoлoгиялық трeнинг |«Шаттық шеңбері» |
|Тoпқa бөлу |Пазылдар арқылы бөлу | |
| |Бaрыcы: Шашылып жатқан пазылдарды жинақтау | |
| |арқылы топқа бөлінеді | |
|Тaпcырмaлaрдың |Тaпcырмaны oрындaу бaрыcындa қoлдaнылaтын |Уaқыт |
|түрлeрi: |тәciлдeр.( пocтeр жacaу, пiкiрлecу, oй бөлicу) | |
|Прeзeнтaция |Cлaйдтaғы бейнебаянды көрe oтырып, Эдвард де | |
| |Бононың «Ойшылдың алты қалпағы» әдісімен | |
| |тaлқылaйды | |
|№1 тапсырма |Ақ қалпақ, қызыл қалпақ, қара қалпақ өз | 10 минут|
|1-топ |ойларын айтады 1-топ | |
|Бaғaлaу |Мaқтaу,мaдaқтaу |1 мин |
|№ 2 тапсырма 2-топ |Жасыл қалпақ, сары қалпақ өз ойларын айтады |10 мин |
|Бaғaлaу |Әркiмнiң пiкiрi құнды |1 мин |
|Ceргiту cәтi |Би | |
| |Көк қалпақ киіп, коуч-мұғалім барлық айтылған |5 минут |
| |ойды түйіндейді | |
| |«Ойшылдың алты қалпағы» әдісінің тиімді жақтары| |
| |туралы түсінік беру | |
|№ 3 тaпcырмa |«Бүгінгі сабақтан не алдым?» деген сұрақ |10 минут |
| |төңірегінде ойларын постерге жазу,қорғау | |
|Рефлексия |2 жұлдыз, 1 тілек |4 мин |

«Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбы бойынша өткен
коучингке рефлексивті есеп

I -бөлім: Тақырыпты негіздеу.

Әр мұғалімге білім алу мен дамуға, сол арқылы өзінің кәсіби қызметін
жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс- коучинг.Осы бағдарламаның
мұғалімдері әріптестер тобын оқытуды басқарудағы –коучингті жүргізе
алатын болады делінген. Теориялық білім кезеңінде коучинг пен коуч туралы
білімімді әрі жалғастыру мақсатында өзім қызмет атқаратын мектебімде іс-
тәжірибе кезінде коучинг ұйымдастырдым.

Мектебімде 140 бала білім алады. Мектеп әкімшілігінен іс-тәжірибені
өткізуге рұқсат алдым.Алғашқы күні ақпараттық коучинг өткізіп, осы
бағдарламаның жалпы мазмұнымен, мақсат, міндеттерімен таныстырдым. Ұжыммен
өткізген алғашқы семинарда тақырыптық коучингке қатысқысы келетін
әріптестермен өткізетін коучингімнің тақырыбы мен уақытын белгілеп
алдым.Топтық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында «Оқытудағы жаңа әдіс-
тәсілдер» аясындағы «Топтық жұмыстыұйымдастырудың тиімділігі» деген
тақырыпта коучинг өткіздім.Мұндағы мақсатым:әріптестеріме жеті модульді
ықпалдастыра отырып, топпен жұмыс жасаудың тиімділігін көрсету
арқылыжұмыстарына өзгеріс енгізу. Міндеті:-топтық жұмыс арқылы оқушыларын
бірлесе әрекет етуге үйрету; -топтық жұмыста оқушының тұлға ретінде
дамуынажағдай жасау. Коучингімді жоспарлағанда әріптестерімде бір серпіліс
сабақ үдерісіне жаңалық әкелсе екен деп ойладым.Әр мұғалім өз ісіне басқа
көзқарас танытып, оқушығажаңаша әдіспен сабақ берсе екен деген ой болды.Осы
коучингке 10 әріптесім келді.Олар: бастауыш сынып мұғалімдері-3,
жаратылыстану пән бірлестігінен-2, гуманитарлық пән бірлестігінен-3,
эстетикалық пән бірлестігінен-1 және әкімшіліктен-1.Коучингке қатысып
отырған әріптестердің ішінде жаңа әдіс-тәсілдердің элементтерін қолданып
сабақ өткізіп жүрген ұстаздар бар, жүргізген жұмыстары жүйелі емес.

Бұл тақырыптың мен үшін маңыздылығы, жас маман- ұстаздар жаңа әдіс-
тәсілдерді сабақта қалай іске асыру екенін түсінбей жатады. Жас
мұғалімдердің сабақ беру үрдісіне өзгеріс енгізу мақсатында осы тақырыпты
әдейі таңдап алдым.

II бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау.

Мен өткізген коучингтің мақсаты: ұстаздарды жаңа бағдарламаның «Оқытудағы
жаңа тәсілдер» модулін түсінуге, осы модульдің маңыздылығына тоқтала
отырып, оқушыларына беретін тапсырмаларын, оқытудағы әдіс-тәсілдерін
талапқа сай ұйымдастыруына ықпал ету.Күтілетін нәтиже: мұғалімдер топтық
оқыту әдістемесін пайдалану қолайлы екендігін түсінеді; коучинг кезінде
әріптестерімнің жолдастық қарым-қатнасы артады;формативті бағалау әдісін
үйренеді; Эдвард де Бононың «Ойшыл алты қалпақ» әдісімен топтық жұмыс
тәсілін жасап, көрсетеді;

Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі жұмыстарды ұйымдастырдым: ынтымақтастық
орнату, топқа бөлу, «Ой қозғау», тақырып бойынша постер қорғау,сергіту
сәті, бағалау, рефлексия жүргізу .Келген әріптестеріме топтық жұмыс
түсінікті болу үшін оларды «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне жақсы сөз
айтуға шақырдым. Топқа пазлдармен бөлдім.

[pic] [pic]

«Шаттық шеңбері»Пазлдармен топқа бөлу

Екі топқа бөлінген әріптестеріме коучинг барысында берілетін жұмыстарды
талдауда Эдвард де Бононың «Ойшыл алты қалпақ» атты әдісімен талдайтынын
айта отырып, мынадай түсініктеме беріп өттім: «Балалардың ойлау қабілетін
дамыту үшін американдық профессор Эдвард де Боно «Ойшыл алты қалпақ» әдісін
ойлап тапқан.Бұл әдіс бойынша:

1.Әр бала ойланып, өз ойын айтады;

2.Баланың ойлау дағдысы дамиды;

3.Көргені мен естігенін зерттей алуы керек және сөз таластыруға болмайды:

4.Өз пікірінде қалып қоймай,керісінше пайдалы ұсыныс жасау керек;

«Ойшыл алты қалпақ» әдісі қарапайым және практикалық әдіс.Бұл әдіс негізгі
үш әдісті жеңуге мүмкіндік береді:

1.Эмоциялар;

2.Шарасыздық;

3.Түсінбестік;

[pic] [pic]

«Ақылдың алты қалпағы» әдісін түсіндіру кезеңі

Жұмыс жасау әдісін түсіндіргеннен кейін сын тұрғысынан ойлауға байланысты
бейнежазба көрсетіп, «Сіздер бала тәрбиесімен айналысып жүрген ұстазсыздар.
Осы көрген бейнежазбада көрген құбылысты өздеріңіздің ұстаздық
қызметтеріңізбен салыстырмалы түрде айтуға тиіссіздер»деп сауал тастадым.
Коучингке қатысушы әріптестерім «Ойшыл алты қалпақ» әдісімен талдауға
қызыға кірісті. Бепрілген тапсырманы талдамастан бұрын әріптестермен
сергіту сәтін өткіздім.Әр топтан шыққан спикерлер қалпақтарының түсіне
байланысты пікір айтты.Бұл әдіс әріптестерімнің бір-бірін жақсы тануына,
топта ынтымақтаса жұмыс жасауына мүмкіндік берді.

[pic] [pic] [pic]

Коучингтен көріністер

Ақ қалпақ киген әріптес ұстаздық- ұлы жол,мына көрген бейнежазба біздің
жұмысымыз ұқсайтынын, үнемі баламен жұмыста ізденісте жүретінімізді айтып
өтсе, қызыл қалпақты әріптес мұғалімдік жұмыстың қиындығы туралы айтты.
Әрбір істі аяғына дейін жеткізуге үйрету үшін – әр ұстаз көп еңбектенеді,
баланы үйретудің түрлі жолдарын іздестіреді, сабақ берудің әдіс-тәсілдерін
өзі үшін де, бала үшін де білуі тиіс деген пікірді сары қалпақ киген
әріптесім айтып өтті.

Сары қалпақты әріптес коучингтің өту барысы ұнағанын, қолданылып тұрған
«Ойшыл алты қалпақ» әдісін түсінгенін, оны өз сабағында қолдануға
тырысатынын атап өтті. Кереғар пікір айтылды, ол әрине қара қалпақты
әріптес еді. Оның пікірінше барлық сабақта бейнежазба мен топтық жұмыс,
жаңа әдіс- тәсілді пайдаланбайда өткізуге болады. «Ойшыл алты қалпақ» әдісі
керек емес. Қазіргі кезде бала үшін қандай әдіс қолдансаң да
қызығушылықтары аз Олар бір-бірінің айтқандарын тыңдап, сабақтың
түйінді идеяларын аша білді, оны пікір айтқан кездерінде байқадым..
Айтылған пікірлерді тыңдай келе, көк қалпақты өзім киіп, мынадай қорытынды
жасадым:«Неліктен осы әдісті таңдады десеңіздер,өйткені қалпақ тез киіліп,
тез шешілетінін білесіздер. Бұл біздің ойлауымызға тікелей байланысты,
себебі ойлау жүйесін түсті қалпақтарсияқты үнемі ауыстыру қажет. «Ойшыл
алты қалпақ» әдісі баланың ойлауын кеңейтеді. Егер балаға бір нәрсетуралы
пікір айту тапсырмасын берсеңіз, жақсы оқитын оқушы оны орындап шығып, өз
ойын айтады. Ал топтық жұмыста осы қалпақтарды бере отырып, талдау
жүргізсеңіз сол сәтте нашар оқитын оқушының өзі пікір айтады.»

Қалпақ киіп жақсы пікір айтқан әріптестерімді смайликтермен бағалай отырып,
әріптестеріме сабақ барысында балаға мадақтау арқылы бағалау тиімділігі
туралы айтып өттім. «Сергіту сәтінде» әріптестерге шеңбер болып тұрып, бір-
бірінің жақсы қасиетін әуенді сөзбен жеткізуді тапсырып едім, бұл кезеңді
өте сәтті өткізді. Екі топқа «Бүгінгі сабақтан не алдым?» деген сұрақ
төңірегінде ойланып, постер жазуды тапсырдым.[pic][pic]

Топтық жұмыс кезеңі

Спикерлер өз жауаптарында топтық жұмысты қалай ұйымдастыру, Әр сабақта АКТ-
ны қолдану, баланы мақтау,мадақтау(формативті бағалау), балалардың ойлауын
дамыту мақсатында «Ойшыл алты қалпақ» әдісі ұнағанын атап өткені маған
ұнады.Осы коучингте әріптестерім мені қолдады, ал мен оларды дұрыс
бағаладым деп айта аламын.Олардың рефлексияда жазған сөздері осыған дәлел.

[pic][pic]

Рефлексия сәті

3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді

оқытуды бағалау

Коучина әріптестеріме ұнады. Сәтті жағы: осы бағдарламадағы жеті модуль
ішіндегі «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдермен» танысты.Топтық жұмысты қалай
ұйымдастыруды, постер жасап, қорғауды, сыни ойлауды, кері байланыс жасауды
үйренді. «Ойшылдың алты қалпағы» әдісінің сәтті жақтары:

-көрнекілік ретінде өте қарапайым екенін,

- баланың ойлау қабілетін арттыратынын;

-баланың сөздік қоры, тілі, ойлау қабілеті дамитынын;

-әр баланың белсенділігінің артатындығын;

-өзіндік менменшіл ойдан алыстап, ортақ бір мақсат үшін жұмыс жасау
дағдылары қалыптасатынын түсінді.

Сәтсіз жағы: - сабақ кестесі коучинг уақытымен сәйкес келгендіктен көп
әріптестерім қатыса алдады;

Мұғалім оқушысы үшін қарапайым ұстаз болса, коучта әріптесі үшін көмек
қолын созатын адам. Осы жерде мен мынадай ой түйдім: мұғалім мен коуч,
екеуі де үйретуші, біреуі баланы, екіншісі әріптесін үйретеді. Түсінгенім,
коуч білім бермейді, бірақ білім алуға үйренуге жетелейді. Ізденімпаздықты,
зерттеушілікті, тынымсыз еңбекті, шығармашылықты талап ететін коуч жұмысы
әрі ұнады, әрі маған жауапкершілік жүктеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының
бағдарламасы. ІІ деңгей, «Назарбаев зияткерлік мектебі», 2012

2. Курс барысындағы таратпа материалдар.

3. А.Ш.Орақова,Т.Б.Корнилова,Ж.А Жартынова,А.А.Касымова.

Коуч – мұғалімнің жұмыс кітабы.,2014

Ұқсас жұмыстар
Топтық жұмыстың тиімсіздігі
Топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызы
Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтық жұмыстың тиімділігі
Қатарлау тәсілінің тиімділігі
Топ басшы
Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану
Бірлескен топтық жұмыс - ынтымақтастық кілті
Топтық жұмыстың тиімділігі
Галогендердің атомдық
Тәлімгерлік жоспар
Пәндер