Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру

«Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы
оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру»
тақырыбы бойынша
қысқа мерзімді коучинг жоспары
1-сабақ
2-күн
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 109-114-б
- Үлестірмелі нұсқаулық
1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
2. Оқыту мен оқытудағы АКТ
3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(10 мин)
(2 мин)
«Комплимент айдары»
(8 мин)
Топқа бөлу
(3 мин)
І тапсырма
(22 мин)
ДЖИГСО әдісі
Берілген теориялық мәтінмен жұмыс. Постер әзірлеу.
«Блум таксономиясы арқылы
оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру».
1-топ. Білу, түсіну, қолдану кезеңдері.
2-топ. Талдау, жинақтау, бағалау кезеңдері.
ІІ тапсырма
Көзбен көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау.
15 минут
Топтар бір-бірін бағалайды.
Сіздерге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сіздере қойылды . . . Неге? Сіздер баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болды ма? Сіздердің бағалауларыңыз қандай аспектілерді қамтиды?
ІІІ тапсырма
Топтық жұмыс
(15 минут)
Білімді тәжірибеден өткізу.
Көрініс.
1-топ. Шалқан ертегісі
2-топ. Бауырсақ ертегісі
Бағалау.
Екі жұлдыз бір тілек
ІV Ақпарлама
(10мин)
VІІ Рефлексия
(5 мин)
«Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы
оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру»
тақырыбында өткізілген коучинг-сессия бойынша
рефлексивтік есеп
Әріптестерім коучинг-сессияға жиналыстан кейін шаршаңқырап, сәл көңілсіздеу енді. Сондықтан бірінші кезекте көңілдерін көтеру, жайлы орта қалыптастыру басты мақсатым болды. Әріптестерімді көңілді әуеннің желісімен жылы қарсы алып, шеңбер бойымен тұруларын өтіндім.
Комплимент айдарында «Күнделікті күйбің тірлікпен жүріп бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтып, бір-біріміздің мәртебемізді көтеруге уақыт таппай жататынымыз анық. Ендеше дәл қазіргі сәт сол олқылықтың орнын толтыруға арналғандай. Осы шеңбер бойымен қасымызда тұрған әріптесіміздің үш жақсы қасиетін айтып, шынайы түрде мәртебесін көтерейікші» дегенімде әріптестерім жайдарыланып, еш іркілместен «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей жақсы қасиеттерін айту арқылы күліп, көңілденіп, жайлы ортаны бірден қалыптастырып жібергендей болды.
Топқа бөлу кезеңінде орталарыңыздан бір адамды сыртқа шығарамыз, осы сәтте Сіздер қандай да бір белгілерге қарап, келісе отырып, екі топқа бөлінесіздер. Кірген адамның тапсырмасы - қандай белгі бойынша топ екіге бөлінгенін табу. Қатысушы әріптестердің келісімімен Б. Қ-ны сыртқа шығардық. Топ шашы ұзындар және шашы қысқалар болып екіге бөліне қалды.
Б. Қ-ны кіргізіп, топқа қандай ерекшелікпен бөлінгенін сұрағанымызда: 30-жасқа дейін және 30-жастан асқандар деп жауап беруі күтпеген сәйкестік болып шыға келді. Бәріміз бұл сәйкестікпен келісетінімізді білдіріп, тағы да қандай ерекшелік байқап тұрсыз дегенімізде, сәл ойланып қарап тұрып, шашы ұзындар және шашы қысқалар деп ұтқырлық танытты. Шынымен көз жүгіртіп қарасам, 30-жасқа дейінгілер - шашы ұзындар қатарына, 30-жастан асқандар-шашы қысқалар тобына жатады екен.
Келесі кезең: Берілген теориялық мәтінмен жұмыс. Постер әзірлеу болды. ДЖИГСО әдісі бойынша:
1-топ. Білу, түсіну, қолдану кезеңдері.
2-топ. Талдау, жинақтау, бағалау кезеңдері.
Әріптестер бұл тапсырмада теориялық мәтінді игере отырып, талдау жасады. Топтың барлық мүшелері белсене ат салысты. Блум таксономиясы бойынша түсініктері кеңейді. Мәтінді өзгеге үйрете отырып, өздері меңгерді.
Алған білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Көзбен көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау» стратегиясы арқылы «Ертегілер туралы түсінік» тақырыбы бойынша қиынды тапсырма түрлері ұсынылды, сол тапсырмаларды Блум таксономиясына салуға және әрбір тапсырмаға бағалау критерийлерін әзірлеуге тапсырма берілді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz