1-г сыныбына арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі


1 «г» сыныбына арналған « Алтын күз» атты ертеңгілік .

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Көрнекілік : слайдтар, суреттер, шарлар.

Музыка :(сахна сыртында « күз» туралы өлең оқылады. )

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Мектептегі дәстүрлі .

Мерекеміз бұл да бір.

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Күзгі балды тойлауға,

Шақырамыз сіздерді.

Сахналақ қойылым.

Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады. Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды. Кітап оқып, әрі - бері, бері жүріп үстелге отырады.

1-оқушы: (Алуа)

-Достым, Даниал, мұғалім үйге күз тақырыбында шығарма жазуға берген. - Көмектесші.

2-оқушы: (Даниал)

- Алуа, оған қиналатын несі бар? Күз айы - өте бір тамаша мезгіл. Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойланып отырып жаз, содан кейін маған оқып бересің. (Алуа ойланып жаза бастайды. )

Дауыстап оқып, отырып жазады.

1-оқушы:

Күз келді, күн суыта бастады. Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-тер-іне о-рал-ды-. -(деп ұйқыға кетеді, дауысы біртіңдеп бәсеңдейді)

Би : Жұмашқызы Іңкәрдың орындауында

(Даниал мен Алуа сахнаға шығып аң - таң болады. Таңданып )

1-оқушы:

-Біз қайда келдік.

(Күз киімін киген қыз бала келеді. )

Күз: (Қарлығаш)

-Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп. Бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

- Менің ойларым - еңбек ерліктің айы. Отан қоймасы, алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы, берекесін тойлайтын, мереке айы. Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.

2-оқушы:

-Алуа, күздің ең керемет байлығын көрдің бе? (Алуа таңырқай . )

-Ол не, Даниал?

3-оқушы: (Мерей)

-Ол деген егін. Егін дегенім - дән. Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға толды. Нан - бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі. Нан - қасиет, нан -береке, нан - мереке емес пе !

(Сахнаға әр түрлі жануарлар киімін киінген оқушылар шығады. Аңдардың алма, алмұрт, жемістерді себетке жинап жүргенін көрген Даниал:

Даниал: -Оу кірпі, сен не істеп жүрсің?

Кірпі- Ильхан: Сен айналаңа қарашы, жемістер, көкөністер пісіп, жерге түсіп жатыр, соны жинап, қысқа дайындалып жатырмыз.

1-оқушы: (Алуа)

- Араларыңда аю жоқ қой?

Кірпі: - Аюлар қысқы ұйқыға дайындалып жатыр. Біз қазір күзгі көкөністер, жемістер туралы жұмбақ жасырамыз. (барлық аңдар келеді) Ал шешейік:

Тиін - Айғаным

1. Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. /Қарбыз/.

Қоян - Мерей

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. /Сәбіз/.

Қасқыр - Асанали

3. Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда, майда қызыл шоқ . /Анар/.

Борсық - Әли Садық

4. Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң жыларсың. /Пияз/.

Арыстан - Серікжан Али

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін

Оның аты - . . . (жүзім)

Түлкі - Аружан

Дөп-дөңгелек сары, Ішінде бар дәмі.

Қызығасын көріп

Оның аты - . . . (өрік)

Бұғы - Ерасыл

Бір сабақта көп түйме

Жей алмайсың көк күйде

Санап көрші қанша?

Оның аты - . . . (шие)

Кірпі: - Рахмет, балалар! Күн суытты, бізге азық жинап үлгеру керек. Сау болыңдар!

Ән:

2-оқушы: Алуа, естіп тұрсың ба? Бұл не? (құлақтарын тосады)

(Ортаға көкөністер мен жемістер шығады да, дауласады)

Мұғалім:

Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Балалар (хормен) :
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Мұғалім: -Ендеше балалар бүгінгі «Алтын күзге» бізге қонаққа келген «Күздің» мол өнімдері олар - «Дақылдар», «Көкөністер», және «Жемістерге» сөз кезегін берейік.
Жемістер-

Алма -

Алма, алма, алмалар

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Өрік -

Уылжыған өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Алмұрт -

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім?

Шие -

Шиемін, мен шиемін

Піскенше тон киемін.

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін.

Құлпынай -

Піскен кезде құлпынай

Қандай тәтті шіркін-ай.

Қарай бергің келеді,

Дүркін, дүркін, дүркін-ай!

Қарбыз -

Теңбіл-теңбіл қарбызды,

Тентек Серік жарғызды.

Сонан оны жеді,

Жеді де былай деді:

Сүйегі болмаса еті

Дақылдар -

Бидай -

Нан атасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыйлаймын.

Тары -

Ақ, қарамын, сарымын,

Мен атақты тарымын.

Еңбегімнің жаз бойғы

Қайтарамын қарымын.

Сұлы - Шерали

Мен сұлымын, шырағым

Барлық малға ұнадым.

Ауырлаған басымды,

Көтере алмай тұрамын.

Арпа - Мөлдір

Қызыл мұртты арпамын,

Ырыс-құтты арнамын.

Машинаға мініп ап

Малды ауылға тартамын.

Күріш - Хакім

Күнді сүйген күрішпін:

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.

Көкөністер -

Бұршақ:
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
Қызылша:
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Орамжапырақ:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Қияр:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

Шалқан:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.

Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Асқабақ:
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.

Қызанақ:
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?

Қауын:

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған -
Балдай тәтті қауынмын.

Пияз:
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz