Көміртек топшасына жалпы сипаттама

Н. Тілендиев атындағы Атырау облыстық Кіші өнер академиясы
дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар
мамандандырылған мектеп
Тақырыбы: « Көміртек топшасына жалпы сипаттама»
Өткізген: Утешова З. И
Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Көміртек топшасына жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау білігін дамыта отырып, оның қосылыстарының қасиеттеріне тоқталыптүсініктерін бақылау
Дамытушылығы: өзбетімен жұмыс және әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, есептер шығаруға, қосымша материалдарды пайдалана білуге, сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін артыттыру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ойлау қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: таблицалар, кодоскоп, тірек - схемалары, карточкалар
Реактивтер : Na 2 CO 3 , HCl, BaCl 2 , Na 2 SO 4 , лакмус, фенолфталеин, пробиркалар, штатив
Сабақтың әдісі : Білім байқау сабағы
Сабақтың барысы: (6 кезеңде өтіледі)
- Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру (оқу құралдары, бөлменің тазалығы)
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың назарын білім алуға бағыттап, біріңғай талап қою.
- Үйге берілген тапсырмасын орындалуын тексеру.
- Оқылған материалдардың (білімнің) сапасын анықтау
Сыныптағы оқушылар 4 топқа бөлінеді. I топ пен IV топқа 10 мин жазбаша жұмыс беріледі.
Кодоскоп арқылы:
I -топқа
- 42 г натрий кидрокарбонатынан : а) оны қыздырғанда; б) оған қышқылдың артық мөлшерімен әсер еткенде көмірқышқылгаздың қанша көлемі түзіледі?
- Төмендегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?
CaCO 3 →CO 2 → CaCO 3 - ?
IV - топқа
- 49 г күкірт қышқылын нейтралдау үшін неше г кристалды сода Na2CO3∙10H2O керек? Ондағы судың массалық үлесі 63%
- Ерітіндідегі натрий карбонаты мен
- Барий хлоридінің
- Хлорсутек қышқылының арасындағы реакция теңдеулерін жазыңдар.
II және III топтағы оқушылар карточка және тірек - схемасы арқылы сұрақтарға жауап береді.
- Көміртегі мен кремнийдің атом құрылысының ұқсастығы мен ерекшелігі
- Аллотропия дегеніміз не? Алмаз және графитке салыстырмалы сипаттама бер
- Ағаш көмірі қандай процестер кезінде түзіледі? Оның құрылысы, қасиеті қандай және оны қайда қолданады?
- Көміртегінің қасиеттеріне сүйене отырып, көміртегі қандай мақсатқа қолданады?
- Көміртегі (II) оксидін лабораторияда және өнеркәсіпте қалай алады?
- Көміртегі (II) оксидінің химиялық қасиетін сипатта.
II және III топқа жазбаша жұмыс.
II - топқа:
- 0, 1 массалық үлесте қосыныдысы бар 500 т әктасты өртеген кезде көміртегі (IV) оксидінің қ. ж. қандай көлемі бөлінеді?
- Төмендегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?
C→CO 2 →H 2 CO 3 →Na 2 CO 3
III - топқа.
- Құрамында масса бойынша карбонат емес қосылыстары 15% әктасқа қышқылмен әсер етіп 1, 12 л CO2алу үшін, оның қандай массасын керек?
- Төмендегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады?
CaCO 3
H 2 CO 3 ←CO 2 →Na 2 CO 3
I және IV топтың оқушыларына сұрақтар:
- СО2(IV) лаб - да, өнеркәсіпте алыну жолы.
- Химиялық қасиеттеріне сипаттама беру.
- СО2қолданылуы
- Көміртегінің табиғаттағы айналымы
- Ауызша
Лакмуспен күлгін түске боялған су арқылы көмірқышқыл газын өткізсе, судың түсі қызарады: суды қыздырсақ, қайтадан күлгін түске боялады. Осы құбылысты түсіндіріңдер.
- СО23-- ионына сапалық реакция жасау.
- Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың ойын, түсініктерін, тәжірибелерін толықтай тыңдап болғасын, өзім қорытындылап шықтым.
- Бағалау.
Жазба жұмыстарының орындалуын химия пәнінің мұғалімі Ахметова Сапура оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалады.
Жазба жұмысы бойынша 2 оқушы - «5» - ке
15 оқушы «4» - ке
10 оқушы «3» - ке Бағаланды.
Сабақта белсенділік көрсетіп, тиянақты жауап берген 10 оқушы-«4» ке
3 оқушы - «5» - ке
5 оқушы - «3» - ке бағаланады.
- Үйге тапсырма берілді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz