Синтетикалық үлкен молекулалы заттар және олардан алынған полимерлер

Н. Тілендиев атындағы Атырау облыстық Кіші өнер академиясы
дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар
мамандандырылған мектеп
Тақырыбы: «Синтетикалық үлкен молекулалы заттар және олардан алынған полимерлер»
11 «е» сынып
Өткізген: Утешова З. И
Атырау 2011ж
Сабақтың тақырыбы: Синтетикалық үлкен молекулалы заттар және олардан алынған полимерлер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: жоғары молекулалы қосылыстар пластмасса оның құрылысы, қасиеттері, термореактивті және термопластикалы полимерлердің алынуы және қолданылуы жөніндегі мәселерді жан - жақты талдау.
Дамытушылығы: оқушылардың тақырып бойынша ізденуімен шығармашылық жұмыстар жүргізе білуін дамыту, бағыт беру.
Тәрбиелігі: полимер химиясы жаңалықтарымен таныстыра отырып, ғылым мен техника саласындағы жетістіктерді меңгеруге, сонымен қатар олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтай білуге үйрету.
Көрнекілігі: «табиғи полимерлер» үлестірмелі материалдар, кодоскоп.
Зертханалық жұмыс: полиэтилен, полистирол, полипропиленнің қасиеттерін көрсету.
Көрнекі құралдар: приборлар, пробирка ұстағыш, спирт шамы, шыны таяқша, реактивтер: ацетон, бензол, дихлорэтан
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Сабақтың жүрісі:
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ж. Баласағұн
Сабақтың жоспары:
1. Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік
2. полимерлердің қасиеттері
3. Зертханалық жұмыс
4. Термопластикалы полимерлер:
А) полиэтилен
Б) политропилен
В) поливинилхлорид
Г) полистирол
5. Термореактивті: феголформальдегид
6. Полимерлер тұрмыста, техникада, өндірісте ауылшарушалығында
7. Қоршаған ортаны полмер заттардан тазарту.
8. Қорытынды. (Мұғалім)
9. Үйге тапсырма.
10. Оқушыларды бағалау.
I. Жоспар бойынша оқушылар өздері дайындаған жұмыстарын оқып, талдады.
1. Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар (целлюлоза, крахмал, лигнин, ақуыздар және нуклеин қышқылдары) ерте заманнан белгілі. Оларды жануарлар мен өсімдіктер әлемінен көптеп кездестіруге болады.
Жоғары молекулалы қосылыстар химия ғылымының бір саласы ретінде XIX ғасырдың 30 - жылдарынан кейін қалыптастып, осы күнде дамудың жоғары сатысына ие болып отыр. Полимер туралы түсінікті 1830 жылы Шведтің атақты химигі Берцелуис ғылымға енгізді. Бұл заттардың жай бөлшектерінен күрделі молекулалардың түзілуі туралы түсінік еді.
XIX - XX ғасырларды полимер химиясы А. М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылысы туралы теориясына арқа сүйеді. Жоғары молекулалы қосылыстарды синтездеудің жаңа тәсілдерін іздестіруде олардың физикасы мен механикасы дамыды, макромолекулаларды химиялық түрлендіру кең өріс алды.
Қазіргі кезде полимерлердің маңызы зор, сондықтиан оларды өндіру мен тиімді пайдалану - халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі. Соңғы уақытта полимерлік материалдар өндірісі қарқынды өсуде. Бұлар - полиомидтер, пенопластар, полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид.
II. Полимерлердің қасиеттері
Молекулалы массасы үлкен және өзіне тән қасиеттері бар қосылыстарды - полимерлер деп атайды.
Полимерлер макромолекуласының әр түрлі геометриялық пішіні болады.
А) сызықтық полимерлер (құрылымдық буындары бір - бірімен ретті тізбекке қосылып байланысқан)
Ә) тармақталған
Б) кеңістік
Сызықтық құрылысты полимерді (полиэтилен, полипропилен) қыздырғанда полимер жұмсалады, температураны көтерген сайын балқиды, сөйтіп тұтқыр сұйыққа айналады.
Кеңістік құрылымдағы полимерлер қыздырған кезде тұтқыр сұйықтық күйге де айналмай айырылады. Көптеген полимерлер нашар ериді. Сызықтық құрылымды заттар қандай да болмасын еріткіштерде қиын да болса тұтқыр ерітінді түзе ериді. Кеңістік полимерлер мүлдем ерімейді. Мысалы, резеңке ерітінділерді тек қана ісінеді. Түстерінің әртүрлі болуы, оны қыздырғанда бояғыш заттар қосылады.
Полимерлер механикалық жағынан өте берік болуы олардың маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. Химиялық төзімділігі өте жоғары, жылу мен электр оқшауланғыштығы жақсы болып келеді.
Қыздырған кезде белгілі пішінге келіп, салқындатқаннан кейін сол пішінді сақтап қалатын полимерлер негізінде дайындалған материалдар пластмасса деп аталады.
Пластмассаны дұрыс қолдану үшін оны түзетін полимерлердің термопластикалы немесе термореактивті болып табылуын білу керек.
III. Зертханалық жұмыс орындалады.
IV. Термопластикалық полимерлер - қыздырғанда жұмсарып, пластикалы болады да, суытса қайта қалпына келіп, өзінің алғашқы қасиеттерін сақтап қалады.
Термопластикалық полимерлер полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол жатады. Полиэтилен ( - CH 2 - CH 2 - ) n - қатты, түсі ақ, қолға ұстағанда майдай сезілетін парафинге ұқсас материал. Полиэтилен көгілдер жалынмен жанады. Оған қышқылдың, негіздің, KMnO 4 - ерітінділері әсер етпейді, тек конц HNO 3 бүлдіреді.
Полипропилен ( - CH 3 - CH - ) n - май тәрізді, ақ түсті, молекулалық массасы 8
CH 3
2. Оның нәтижесінен айырмашылығы жоғары t - да 160 0 - 170 0 жұмсарып, беріктігі артады.
Поливинилхлорид ( - CH - - ) n - қышқылдар мен сілтілерде төзімді,
Cl
диэлектрлік қасиеті жақсы, механикалық беріктігі жоғары. Ол іс жүзінде жанбайды, қыздырғанда оңай ыдырып, хлорсутек бөліп шығарады.
Поливинилхлорид негізінде екі түрлі пластмасса алынады, олар: өте қатты болатын винипласт және пластикат - жұмсақ тау материал.
Пластирол ( - CH 2 - - ) n - бұл полимердің мономері стирол CH 2 =
C 6 H 5 C 6 H 5
Бұл - жоғары диэлектрлік қасиеті бар, азот қышқылынан басқа қышқылдар мен сілтілерде химиялық жағынан тұрақты.
V. Термореактивтік полимерлер - қыздырғанда пластикалық қасиетінен айырылп, балқымайтын және ерімейтін күйге түседі. Термореактивтік полимерге жататын фенолформальдегид смоласы жатады. Поликонденсация реакциябойынша синтездейді.
VI. Полимерлердің табиғатта кең таралуы техника мен тұрмыста жан - жақты қолданылуының бір себебі олардың көртүрлілігі, оңай алынатындығы және физика - химиялық өзгерістерге тұрақтылығы болып табылады. Синтетикалық полимерлердің пайда болуы пластмасса, талшықтар мен каучуктер, желім, бояу, электризоляциялық материалдар өнеркәсібінің тез дамуына ықпал етті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz