Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Елбасы – ел тірегі

Тақырыбы: «Елбасы – ел тірегі»

Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау, тереңдету;
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін елімізде болған жетістіктеріміз
бен
қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың
өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған , қызмет еткен
жерлері туралы оқушылардың аған білімдерін көрсету;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,
халқын
сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық
сезімге тәрбиелеу.
Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін
құрметтеуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу;

Көрнекілік: өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын
барысы:

Ұйымдастыру.
- Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін біз «Елбасы – ел
тірегі» атты интеллектуалды ойынымызды 1 желтоқсан қазақ халқының тұңғыш
президентінің сайланған күні мерекесіне байланысты өткізгелі отырмыз.
- Ойынымыздың мақсаты тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жеткен
жетістіктеріміз бен қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған , қызмет еткен
жерлері туралы оқушылардың аған білімдерін көрсету. Елбасының өмір жолынан
үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа,
патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау. Ойынымызмыз сайыс түрінде
өтетін болғандықтан топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге,
ұйымшылдыққа сіздерді шақырамын.
- Ойынды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайын.
(әділ қазыларға ойынның ережесін түсіндіру)

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз 8
сыныптар арасында өткелі отыр. Әр сынып бір топты құрайды. Ендеше ойынның
бөлімдерімен таныс болыңыздар.

I. Ұшқыр ой
II. Білгенге маржан
III. Ойлан тап
IV. Топ басшылар сайысы.

Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

ІV-топ. Топтың аты – «Жас қыран»
Ұраны: Қырандай самғаймыз,
Ізденуден талмаймыз.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»
Бұл жерде әр топ кезек – кезекпен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап
береді. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады. (Әділ қазылар әр айналымның
қорытындысын шығарады.)

1. Қай жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы
заңы қабылданды?
а) 1996ж б) 1991ж в) 1986ж

2. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған
жылын ата.
а) 1940 жыл, 6 шілде б) 1950 маусым в) 1945 жыл, 6 шілде

3. Қай жылы төл теңге дүниеге келді?
а) 2001ж, 13 қараша б) 1993ж, 15 қараша в) 1996ж, 13 қараша

4. Нұрсұлтан Назарбаевтың атын қойған кім?
а) анасы Әлжан б) әкесі Әбіш в) әжесі Мырзабала

5. Қай жылы жаңа Ата заң қабылданды?
а) 1991 жыл, 16 желтоқсан б) 1993 жыл, 28 қаңтар в) 1995
жыл, 30 тамыз

6. Қай жылы Н.Ә.Назарбаев Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары
техникалық оқу орнын бiтiрдi?
а) 1967 жыл б) 1962 жыл в) 1964 жыл

7. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы.
а) 2001 жыл б) 1997 жыл в) 2003 жыл

8. 1960—69 жж. Н.Ә.Назарбаев қайда қызмет жасады?
а) Қарағанды металлургия зауытында б) Алматыда в) Украинада

9. 2014 жылдың 11 қарашасында ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа
жолдаған жолдауы қалай аталады?
а) «Қазақстан-2030» Стратегиясы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр»
б) «Нұрлы жол - болашаққа бастар бастар жол»
в) «Қазақстан-2020» Стратегиясы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр»

10. Тұңғыш президент күні болып қай күн белгіленді?
а) 16 желтоқсан б) 6 маусым в) 1 желтоқсан

11. Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын қандай мамандық бойынша бастады?
а) металлургия зауытында қатардағы жұмысшы б) хатшы в)
президент

12. Н.Ә.Назарбаев қай жылы Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болды?
а) 1986-1990жж б) 1986-1988жж в) 1990 жылы ақпан-сәуір
аралығында

13. Н.Ә.Назарбаевтың туған жері.
а) Қазықұртта б) Семей қаласында в) Қаскелең ауданы, Шамалған
ауылында

14. Н.Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін қай топ орындайды?
а)Музарт б) Жігіттер в) Орда

15. «Президент» сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді?
а) ағылшын тілінен, ақылшы
б) орыс тілінен, бағыт бағдар беруші
в) латын тілінен, алда отырған басшы

16. Астананың туған күні қай күн болып бекітілді?
а) 16 желтоқсан б) 6 шілде в) 6 маусым

17. 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына неше жылдығын атап өтеміз?
а) 450 жыл б) 550 жыл в) 350 жыл

18. Әнін Ш.Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған “Менің Қазақстаным” атты
ҚР жаңа
Мемлекеттік әнұраны бекітілді.
а) 2006 жыл, 7 қаңтар б) 2001 жыл, 7 қаңтар в) 2009
жыл, 7 қаңтар

19. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
а) 1991 жыл б) 2001 жыл в) 1998 жыл

20. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз
Қазақстан ел рәміздері: Туы, Әнұраны, Елтаңбасы қабылданды.
а) 1992 жылы б) 1995 жылы в) 1996 жыл

II – айналым «Білгенге маржан»
Бұл айналымда әр топқа жеке 1 бейне таспадан көрсетіледі және сол бейне
таспа бойынша сұрақ беріледі. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе 20 ұпайға ие
болады. (Әділ қазылар әр айналымның қорытындысын шығарады.)
I - тапсырма «Желтоқсан оқиғасынан үзінді»
Сұрақ: Бейне таспада қандай тарихи оқиға көрсетілді және оның мақсаты не?
1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы
болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші
хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды,
онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде
наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18
күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген
атпен қалды. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан
лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар
қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады. Бұл
оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы
бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның
ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали
Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,
солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

II - Астана Бәйтеректің бейне таспасы
Сұрақ: Бейне таспада көрсетілген монумент қалай аталады, оның осылай аталу
себебі және оның биіктігі неше?
Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі
Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің,
мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың
көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі. Астана-
Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның
визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша,
тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл
кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені
болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" -
үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш»
деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып,
«зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы
туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр.
Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір
мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында
айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97
метрді құрайтын көрініс кешені замануи қаланың көркем бейнесін ашады. 97
саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін
білдіреді. Оның негізгі идеясы - елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған
барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

III - Ұлытау туралы бейне таспа
Сұрақ: Бейне таспада қай орын көрсетілді, неге ол жер киелі жер деп аталады
және 2014 жылы осы орынға ел басы қандай мақсатпен келді?
Президент Ұлытау өңіріне келді және ол жерде ауқымды сұхбат берді. Ұлытау-
киелі жер, ежелгі қоныс, ескі жұрт. Ол бүгінде қазақ ұлттының табысқан
төбесі, ұйысқан іргесі. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі
ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін
Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп
Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Бұл – жаңағы айтқан ғұндардың да, көк
түріктердің де, Алтын Орданың да орталығы болған жер. Өзінің тұрған жері –
Қазақстанның кіндік ортасы. Мұнда тұрған тау – аумағы 200 шақырым қырат-
қырат таулар. Ең биігі – Әулиеата деп аталады. 1100 метр.Елбасының осы
жерге сұхбат беруі ауа-райы қоңыржай және аурасы өте күшті. Ұлытаудағы
сұхбатында елбасы осы өңірдің экономикалық дамуына және туризм орталығына
айналуына үлкен мән беріп отыр. Сонымен қатар осы аймақтағы елді мекендерді
өркендету мақсатында тек аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін
стратегиялық тұрғыдан аса маңызды «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық –
Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кесті.Сонымен қатар қалың
жұртқа, жастарға Ұлытаудың тарихы туралы әңгіме қозғады. Елбасының арманы
– Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан «Мәңгілік Ел» идеясының ұсынуда
елбасы мемлекеттік тіліміз, сонымен қоса үштұғырлы тіл саясаты, көп ұлтты
ел, ислам дінінің дұрыс бағытта өркен жаюы, Еуразиялық экономикалық одақ
құрудың маңыздылығы туралы нақты пікірін білдірді.

IV - «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді
Сұрақ: Көрсетілген фильм қалай аталады, кім жайлы және басты рөлде жастық
шағын сомдаған актер кім? Жас баланың арманы не еді?

IIІ - айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың өлең жолдарынан үзінділер беріледі.
Әр топқа 1 өлеңнен. Өлең жолында оның жалғасын оқу керек, атын және авторын
табу керек. Әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады. (Әділ қазылар әр айналымның
қорытындысын шығарады.)
1-топ: Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрінде өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
(Жақсы мен жаман адамның қасиеттері. С. Аронұлы)

2-топ: Адамдық борышың
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл,
Талаптан да біліммен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тыл.
Мақтанға салынба мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе басыңның бағы үшін.
(Адамдық борышың. Ш. Құдайбердіұлы)

3-топ: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып,
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім, ен далада лықа байып
(Мен – қазақ. С. Торайғыров)

4-топ: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен- жігітпін, айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.
Мен- қара көз сұлумын, сайтан қызбын
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.
(Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»)

IV – айналым «Топ басшылар сайысы»
Ойынымыздың соңғы айналымы «Егер мен елбасы болсам...» деп аталады. Бұл
жерде топ басшылары шығармашылық ойларын білдіру керек және 10 ұпаймен
бағаланады.

Ойынымыздың қорытындысын, яғни ұпай сандарын есептеп, жеңімпаздарды әділ
қазылар алқасы анықтағанша ортаға музыкалық сәлемдемемен 8 «Г» сынып
оқушысы Тұңғышбаев Азаматты шақырамыз. Ән – «Қазақ елі».
Марапаттау.

Қорытынды:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп, нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсіме ата-баба арына!
Үлгі бізге ағалардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ -болар елдің ертеңі!
Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, бар үміт, Қазақстан ертеңгі күні сендердің
қолдарыңда, біз сендерге сенеміз, елімізге адал қызмет етіп, әрқашан
армандарың орындала берсін демекпін.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп
рахмет айтамын. Берекелі, мерекелі күндер көп болсын, күніміз әрқашан
күлімдеп ата берсін деген тілекпен ойынымызды аяқтаймын.

Ұқсас жұмыстар
Елін сүйген- Елбасы Елбасы туралы
Оқушыларға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мәлімет беру, ұлы тұлға екенін таныту
Ұлы тұлға
Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, әріден ойлайтын саясаткер
«мен патриотпын»атты үгіт-насихат топтарының байқау-сайысы
Біздің президентіміз кім
Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. 7-сынып
Сынып жетекшісі. Сынып үздігі
Болашаққа үміт, жастарға сенім
Плутон ғаламшары
Пәндер