Сұраулы сөйлем туралы

2-сынып
Амирова Айнур Бакытбековна
Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық ахуал
Зейінін сабаққа аудару.
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр, - деп баршаңды!
Психологиялық ахуал. «Мен бәрін орындай аламын»
Екі топқа бөлу. «Мәтін», «Сөйлем»
Сұраулы сөйлемге байланысты үйге берілген жаттығудың орындалу барысы тексеріледі.
179 - жаттығу.
Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Біз бүгін «Синтаксис еліне» тағы да саяхаттаймыз. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар пойызға отырамыз. Әр вагонда бір-бір жұмбақ, жұмбақтың шешуіндегі бірінші әріптерінен сөз құрастыр. Қандай сөз шықты? (Сөйлем) . Пойыз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Бұл туралы не білетіндеріңді еске түсірейік.
*Сөйлем неден тұрады? /сөзден/
*Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?/бас әріп/
*Сөйлемнің ең соңында не қойылады?/тыныс белгісі/
Соңғы вагонда ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгөй шешесі орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.
*Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер? Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері қойылады? Қане, ойланып көрейік.
Әр топ өз атына постер жасап, қорғайды.
Жаңа білімді игерту
Сергіту сәті
180-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сұраулық мағына беріп тұрған сөзді тап.
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып қояйық.
Тақтамен жұмыс. 181-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
182-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып әңгіме құра.
Кітапхана туралы шағын слайд көрсету.
183-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып қарамен жазылған сөздерді салыстыр.
Проблемалық сұрақ: Сұраулық сөйлем болу үшін сұраулық шылау, сұраулық есімдік керек дейді. Бұл қандай сөздер?
-өткен сабақтан бері біз кім, неше, неге, қай, нешеде т. б. сөздерді қатыстырып сұраулы сөйлем құрағанбыз? Міне, бұл сөздер сұраулық есімдіктер. Анаңа көмектесесің бе? Қалаға барасың ба? Далада қар жауды ма? Күн суық па? сөйлемдеріндегі бе, ба, ма, па - сұралық шылаулар. Демек, сұраулы сөйлем құрауға сұраулық есімдік пен сұраулық шылаулар қатысады екен.
Сұраулы сөйлем туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік.
«Қызыл өрік»
Шығармашылық жұмыс. Сұраулы сөйлем бойынша алған білімдерін бекіту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу.
2. Мәтіннен сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді тауып кестеге орналастыр.
3. Хабарлы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz