Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Білімді жастар – Мәңгілік Ел болашағы

Тақырыбы: «Білімді жастар – Мәңгілік Ел болашағы»
Қала көлеміндегі колледждер арасындағы
интеллектуалдық-спорттық эстафета

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»
Т. Карлейль
I. Сайыстың мақсаты:
• Бәсекеге қабілетті білімді де білікті азаматтарды даярлау;
• Студенттердің бойында логикалық ойлау қабілеттерін, лидерлік
қасиеттерін, жауапкершілікке, тәуекелге бел буа білу, төзімділік,
адамгершілік, патриоттық, еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту;
• Теорияда алған білімдерін нығайту;
• Мамандарды бір ізділік мақсатпен дайындау;
• Жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және білімін дамыту;
• Заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу
• Пәнаралық байланысын нығайта отырып пәнге деген қызуғышылығын
арттыру;
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
• Студенттерді дене тәрбиесі пәніне қызықтыру, қимылын, қозғалысын,
қабілетін, шапшаңдығын арттыру, топ болып ойнау арқылы оларды
бауырмалдыққа, бірлікке, татулыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

II. Қолданылған оқулықтар мен WEB сайттар тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Б.Кронгарт, В.Кем, Қойшыбаев Н. Жалпы білім беретін мектептің
жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныптарға арналған оқулық.
Алматы: Мектеп 2014
2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Сапарғалиева Б.Қ.,
Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014
3. А.Е.Абылкасымова, К.Д.Шойынбеков. Алгебра және анализ бастамалары.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-
сыныбына арналған оқулық. Алматы, Мектеп 2011

WEB сайттар тізімі: www.google.kz, www.fizica.ru, www.e-gov.kz,
www.bilimdiler.kz, Sabaktar@mail.ru, infojournal@mail.ru, www.maths.kz,
kk.wikipedia.org

III. Сайыстың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар:
Видеопрезентация, слайдтар, топтардың төсбелгілері, жарнама, сұрақтар
салынған конверттер, сайыс кезеңдерінің сұрақтары, картон қорапшалар,
секіргіштер, қаптар, шеңбер, доптар, теннис добы, қасық
Техникалық оқу құралдары:
Компьютерлер, проектор

IV. Пәнішілік байланыс және пәнаралық байланыстар:
Пәнішілік: Математика, физика, информатика және дене тәрбиесі
Пәнаралық: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

V. Сайыстың шарттары:
1. Интеллектуалдық- спорттық эстафетаға қаламыздағы 4 колледждің
студенттерінен 12 студент қатысады. ( 3 студенттен бірігіп 4 топ
болып жарысқа түседі).
2. Сайыскерлер физика, математика, информатика пәнінен өтілген бүкіл
тақырыптарға дайындалуы және дене тәрбиесі пәндерінен дайындықтары
болуы керек.

VI. Сайыс барысы:
І – Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар. Білімге құштар
жалынды жастар! «Білімді жастар – Мәңгілік Ел болашағы» атты физика,
математика, информатика және дене тәрбиесі пәндері бойынша өткізілетін
интеллектуалды-спорттық эстафетаға қош келдіңіздер!

ІІ- Жүргізуші: Тамырын тереңге таратқан, өзіндік дәстүрі бар колледж
бүгінде еліміздің медициналық білім ұяларының арасында іргелі оқу орны
болып саналады. Осындай адам жанының арашасы - ақ халатты абзал жандарға
білім беріп, олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, үлкен өмір жолына
қанаттандырып отырған Түркістан медицина колледжі жарты ғасырлық асудан
асып отыр. Студенттерге сапалы білім беруде көш басынан көрінген Түркістан
медицина колледжі институтционалды және мамандандырылған аккредитациядан
сәтті өтіп, ұлттықрейтинг бойынша ІІ орынды иеленді. Колледждің жаңаруына,
Республикадағы алдыңғы қатарлы оқу орны болуына, оқу-тәжірибе үрдісінің
заманауи қалыптасуына колледж басшысы Ғалымжан Нұрманұлының сіңірген еңбегі
зор.

І- Жүргізуші: «Елдің болашағын - білімді ұрпақ айқындайды», -деп ел
басшымыз
Н.Ә.Назарбаев  айтқандай білімді ұрпақ болашақтың кепілі екендігін
білеміз. Сынға түсіп отырған жастарымыз мүмкіндіктерінше өздерінің
білімдерін, тапқырлықтарын танытуға және озық ойлы студенттер екендіктерін
дәлелдейтін болады.

ІI- Жүргізуші: Ендеше қарсы алыңыздар: ( Қатысушылар есімдері аталған соң
бір-бірлеп орындарынан тұрады)
1. Түркістан гуманитарлық педагогикалық колледжінің «Самрұқ» тобы
2. Яссы колледжінің «Ясауи қырандары»
3. «Түркістан» көпсалалсы медициналық колледжі
«Бәйтерек» тобы
4. Түркістан медицина колледжінің «Мәңгілік Ел ұрпағы» тобы.

І- Жүргізуші: Сонымен бүгінгі интеллектуалдық- спорттық эстафетаға
қаламыздың 4 колледжінен 12 студентіміз қатысуда, ендеше оларға сәттілік
тілеп, қошемет көрсетіп қояйық.

ІI- Жүргізуші: Сайыскерлер топ болып жарысады. Әрбір топ алдын-ала құрылған
және топтар өздерінің төсбелгісін, видео-презентациясын дайындауды үй
тапсырмасы етіп алған болатын.

І-Жүргізуші: Ал ендігі кезекте әрдайым әділ бағасын қоятын әділ қазылар
алқасымен таныс болыңыздар.

ІI-Жүргізуші: Ендеше сайысымыздың алғашқы кезеңі «Танысу мекені» . Бұл
кезеңде сайыскерлер үй тапсырмасын көрсетеді, яғни, топ мүшелерін,
топтарының төс белгісін таныстыру, «Салауатты өмір салтын сақтайық»
тақырыбында видео-презентациясын көрсетеді. Әр топқа 3-5 минут уақыт
беріледі.
Мағыналы, түсінікті, әдемі безендірілген төс белгі үшін жоғары балл - 5
ұпай, видео презентация үшін жоғары балл – 5 ұпай қойылады.

І-Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар алқасы, сайыскерлерімізге өз
бағаларыңызды берсеңіздер. (баға беріледі).

IІ-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, енді екінші кезеңімізді бастаймыз.
«Құпия сандық» кезеңінде математика пәнінен әр топ мүшесі жеке-жеке есептер
шығарады. Құпия сандықтағы есепке жету үшін топ мүшелері секіргішпен
(скакалка) секіріп барады. Ал есептерді шешіп болғасын, қайтар жолда қаппен
секіріп қайтады.

І-Жүргізуші: «Құпия сандық» кезеңінде топ мүшелерінің есепті қатесіз
шығаруы, уақытты үнемдеп барып келуі және қате жібермеуі бағаланады.
Барлық шығарылған есептерді топ басшы әділ қазыларға өткізуі тиіс. Есепті
қатесіз шығарған топ үшін жоғары балл - 5 ұпай, 1-2 қатеге - 1 ұпай, 3-4
қатеге - 2 ұпай, одан көп қателері болса - ұпайлары сәйкесінше
шегеріледі. Ууақытты үнемдеп барып келген, секіргіш және қаппен секіруде
қате жібермеген топ үшін жоғары балл - 5 ұпай қойылады. Спорттық бөлімі
бойынша - 2-3 қатеге - 1 ұпай, 4-6 қатеге - 2 ұпай, 8-10 қатеге – 3 ұпай
шегеріледі.

ІІ-Жүргізуші: Ал енді, 2-кезеңді бастаймыз. Әр топтан бір-бір студенттен
шығып берілген межеге дейін секіргішпен секіріп барып сандықтағы есепті
шығарып, қайтар жолында қаппен секіріп келеді. Топ мүшелеріне сәттілік
тілейміз.

Есептерді шешіңіздер:
Өрнекті ықшамдаңдар:
1) [pic]
2) [pic]
3) [pic]

І-Жүргізуші: 3-кезең: «Ойлан тап» Бұл кезеңде тапсырманы орындау үшін,
алдыменен 5-минут ішінде столда тұрған өлшемі бар ыдыстарға қасықпен су
тасуымыз керек. Сол уақыт аралығындағы тасылған судың мөлшері бағаланады,
ең көп су жинаған топқа жоғары балл - 5 ұпаймен бағаланады. Белгіленген
уақыт біткеннен кейін, «Ойлан тап» кезеңінің тапсырмасын орындауға
мүмкіндік алады, ол тапсырмаға 1 минут уақыт беріледі.

IІ-Жүргізуші: Бұл кезеңде топ мүшелерінің тапсырманы жылдам, әрі көп су
жинағаны бағаланады. Таразының екі жағында бірдей салмақта теңестіріп,
дұрыс әрі тез шешім тапқаны жоғары балл - 5 ұпаймен бағаланады.

І-Жүргізуші: «Жас программист» кезеңі. Бұл кезеңде топ мүшелері бірге
компьютер бөлшектерін құрастырып, оны іске қосады. Компьютерде жасырылған
файлды ашып, файлдағы сұраққа жауап жазып, сол файлды басып шығарғыштан
(принтер) шығарып, жалпы топпен бірге қайтады. Тапсырманы орындау үшін
жалпы топ мүшелері шеңбердің ішімен барып, тапсырманы орындап қайтады.
Шеңбердің ішінде жүргенде топ мүшелерінің қолдары, аяқтары шеңбер сыртына
шығып кетпеуі керек.

ІI-Жүргізуші: Бұл кезеңде топ мүшелерінің тапсырманы жылдам, уақытты
үнемдеп барып келуі және қате жібермеуі бағаланады. Компьютерді қосып,
берілген файлды тауып, сұрақты принтерден шығарып, берілген сұраққа дұрыс
жауап берген жалпы топ үшін жоғары балл - 5 ұпай, шеңбермен қастесіз жүріп
өткен топ үшін жоғары балл - 5 ұпай қойылады.

І-Жүргізуші: Ал құрметті топ мүшелері кезеңді бастау үшін жалпы төрт топ
мүшелері шеңберге орналасып, кезеңімізді бастайық. Топ мүшелеріне сәттілік
тілейміз.

IІ-Жүргізуші: Ал құрметті топ мүшелері компьютерлеріңізді қосқаннан кейін
әр қайсысыңыз, жұмыс үстеліндегі «Менің компьютерім»-нен Д дискісінің
«Информатика» қалтасындағы, «Сұрақ» файлын ашып, сондағы информатика пәні
бойынша берілген сұраққа жауап іздеп, жауаптарыңызды сол файлға жазыңыздар.
Содан соң сол файлды принтерден шығарыңыздар. Тапсырмаларыңыз дайын болса,
жалпы топпен шеңбер ішімен қайта жүріп келуге тиіссіздер.

Сұрақтар:
1. Компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы? 
2. Енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар
орналасатын  компьютердің негізгі бөлігі?
3. Мәтіндік жəне сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен компьютер
арасындағы ақпараттық байланысты қамтамассыз етуге арналатын құрылғы?
4. Мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған
құрылғы?

І-Жүргізуші: Мінекей құрметті қонақтар, топ мүшелерімізде өз тапсырмаларын
орындап келді. Құрметті әділ қазылар алқасы, «Жас программист» кезеңі
бойынша топтарымызға өз бағаларыңызды берсеңіздер.

IІ-Жүргізуші: Ал ендігі «Жұлдызды үштік» кезеңі. Бұл кезеңде математика,
информатика және физика пәндерінен топ мүшелерінің әр қайсысы бір сұраққа
жауап беруі керек. Тапсырманы орындау үшін топ мүшелері оң қолмен допты
соғып барып, сұраққа жауап беріп, сол қолымен допты соғып қайтуы қажет.

І-Жүргізуші: Бұл кезеңде топ мүшелерінің сұрақтарға қатесіз жауап бергені
жалпы, уақытты үнемдеп барып келуі және қате жібермеуі бағаланады. Топ
мүшелерінің барлық сұрақтарға дұрыс жауап бергені үшін жоғары балл - 5
ұпай, уақытты үнемдеп барып келген және доппен соғу кезінде қатесіз
жасағаны үшін жоғары балл - 5 ұпай қойылады.

IІ-Жүргізуші: Сайыскерлеріміз дайын болса, алдарыңызда тұрған талда ілінген
сұрақтарға жауап беру үшін, сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, кезеңімізді
бастайық. 

Математика пәнінен сұрақтар: 
1. Барлық қабырғалары тең матрица? (квадрат)
2. [pic] нешеге тең? ([pic]) 
3. Шаршының периметрі 44 см. Қабырғасы нешеге тең? (11см) 
4. Бүтін сандар деген не? (натурал сандар, натурал сандарға қарама-қарсы
сандар және нөл саны)

Информатика пәнінен сұрақтар: 
1. Ақпараттық магниттік дискілерде жазуға және оқуға арналған құрылғы
(Дискжетек)
2. Ең алғашқы программаны жазған әйел?(Ада Лавлейс)
3. Винчестер деген не? (Қатты магнитті дискідегі жинақтауыш)
4. Сегіздік санау жүйесінде қандай цифрлар орналасады: (0,1,2,3,4,5,6,7)

Физика пәнінен сұрақтар:
1. Күш импульсі неге тең? (Ғ*t, яғни күштің уақытқа көбейтіндісі) 
2. Қозғалыстағы дененін массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі ?(дене
импульсі)
3. Пішінін сақтамайтын көлемін сақтайтын дене? (сұйықтық) 
4. Тербелістің уақытқа байланысты кеңістікте таралуы ?(толқын)

І-Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар алқасы, топтарымыздың бағасын айта
кетсеңіздер.

ІІ-Жүргізуші: Міне, қүрметті қонақтар бүгінгі сайысымыз аяқталды. Әділ-
қазылар алқасы, топтардың барлық кезеңдер бойынша жинаған ұпайларын
есептегенше, колледждіміздің көңілді жігіттерінің әзілдерін тамашалаңыздар!

ІІ-Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар алқасы топтардың барлық кезеңдер
бойынша жинаған қорытынды бағасын есептеп, жүлделі орын иегерлерін анықтап,
марапаттасаңыздар.

І-Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын қошеметтеп қояйық!

ІІ-Жүргізуші: «Білімді жастар – Мәңгілік Ел болашағы» атты
интеллектуалдық- спорттық эстафетамыздың барлық қатысушыларына алғысымызды
білдіреміз.

І-Жүргізуші: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» -дегендей, еңсесін
көтеріп, болашаққа нық сеніммен аяқ басып жатқан біздің еліміз үшін
дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек, ал барлық жігер, қайрат,
еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында:
“Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына
келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық
талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр” -деп, жастарға
зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын
етейік.

ІІ-Жүргізуші: Бүгінгі спорттық-интеллектуалды сайысымызға уақыт бөліп
келгендеріңіз үшін рахмет айтамыз!
[pic]
-----------------------

Бөлшекті қысқартыңдар:
9) [pic]
10) [pic]
11) [pic]

Тепе-теңдікті дәлелдеңдер:
5) [pic]
6)[pic]
7) [pic]
8) [pic]

Ұқсас жұмыстар
Нені оқыту, қалай оқыту
Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ел
Мемлекет басшысы
«мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны
Тұлғаның жаңаша жоғары деңгейде дамуының объектив алғышарты - тәрбие процесі
Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі
Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет
"Болашақ бүгіннен басталады"
Біз Қазақтың баласы
"тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ жүрегі" танымдық сайыс
Пәндер