Чаттар, Форумдар, ICQ, E-mail электронды поштасы

А. Б. Абдираманова
Информатика пән оқытушысы
ОҚО, Түркістан қаласы, С. Қожанов №42
Түркістан медицина колледжі
Сабақтың тақырыбы: Чаттар, Форумдар, ICQ, E-mail электронды поштасы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес online (пресс-конференция)
Уақыты: 180 мин
Курсы: III
Тобы: СД-301
Өтілетін орны: I ғимарат 315 компьютерлік технология кабинеті
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
- Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
- Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;
- Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
- Заман талабына сай студенттерді әлеуметтік желілерді қолдануды және жаңа бағдарламалармен жұмыс жасауды үйрету;
- Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
- Ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту;
- Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
- Мамандығына деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерді әлеуметтік желелермен жұмыс жасауын және соның ішіндегі чаттар, форумдар, ICQ бағдарламаларымен және электронды поштамен қалай жұмыс жасау керек екендігіне білімдерін қалыптастыру, студенттерді білімнен хабардар етіп қана қоймай, тың мәліметтер беріп, интернеттен ақпарат іздеу барысында интернетті дұрыс қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Интернетті қолдану барысында чаттар құру және форумдармен жұмыс жасау жолдарына түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Студенттерді жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Студент білуі керек:
- Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын;
- Интернет мүмкіншіліктерін пайдалану;
- Құжаттарды көшіріп сақтау;
- Желіні дұрыс пайдалану әдістерін;
- Чатта өзге қатынаушылармен тілдесу;
- Форумда қатынас жасау;
- ICQ бағдарламасын меңгеру.
Студент істей алуы керек:
- Интернет желісін іске қосуды;
- IP-адрестермен жұмыс жасауды;
- Ақпарат алмасуды, ақпараттарды сақтауды, көшіріп баспаға басып шығаруды;
- Интернет беттерінен қажетті бағдарламаларды іздеу, көшіру және орнату;
- ICQ бағдараламсының қызметтерімен жұмыс жасауды;
- Чаттар мен Форум ашып, бір-бірімен қатынас жасауды;
- E-mail электронды пошта ашып, мәлімет алмасуды, (қабылдап алу, көшіру, өшіру) ;
- Қашықтықтан оқытуды пайдалану;
- Медиафайл алмасуды, бейнеқоңырау шалуды.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Интерактивті,
дамыта оқыту, ойын, ақпараттық, сын тұрғысынан ойлау, бақылау, бағалау, қашықтықтан оқыту.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Сабақтың әдісі - компьютерде жұмыс істеу, бейне таспадан үзінді көрсету, жаңа бағдарлама орнату, көрнекілік құралдарды қолдану, өзіндік іздену, сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, даралап оқыту.
Пәнішілік байланыстар:
- Желі туралы жалпы мағлұмат (тарихы),
- Аппараттық және программалық жабдықтарды қолдану,
- Интернет-ғаламдық компьютерлік желі,
- ІР -адресі.
Пәндер аралық байланыстар:
Қамтылатын пәндер
Терапия, тіс хирургиясы және бет жақ травмотологиясы, стоматология.
Қамтитын пәндер
Орыс тілі, ағылшын тілі, іскерлік қазақ тілі.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқу құралы, бейне ролик.
Үлестірме материалдар:
Компьютерде орындалатын тапсырмалар, планшетте орындалатын тапсырмалар, интернет арқылы орындалатын тапсырмалар, жұмыс дәптері.
Техникалық оқу құралдары:
Компьютер, планшет, интерактивті тақта, CD, DVD дискілер.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Қолданылған негізгі әдебиеттер
- Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері Е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б. Ғ. Бостанов Оқулық Алматы, 2014 ж
- Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық -гуманитарлық бағыттың 10 сыныбына арналған оқулық Сапарғалиева Б. Қ, Масалимова Н. Е, Тезекбаева Г. А Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2014 ж
- Е. Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев. «Жаңа информациялық технологиялар:информатикадан 30 сабақ» Алматы 2001 ж. 333-380 беттер
Қосымша әдебиеттер
Оқу құралы / Қазақстан Республикасының ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халақты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал // К. Б. Есекеев, Г. Қ. Нұрғалиева Алматы, ҰАО АҚ, 100-128 беттер. //
WEB сайттар тізімі
www. YouTube . ru, www. Mail. ru, www. Google . ru, www. Ustaz . kz
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут - Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына, студенттердің сырт келбетіне көңіл бөліп, студенттердің зейінін сабаққа аудару.
2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлап, тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3-5 мин - Тақырыпқа мотивациялық, сипаттама беру. Студенттерді сабақтың жоспарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Студенттерді бағалау критериімен таныстыру:
Пресс- конферен
ция отыр
ысын өткізу арқылы, компания өкілдері
нің теория
лық білімін бағалау
Элек
трон
ды оқу
лық бой
ынша тест алу
1
/Аккаунт ашу,
ICQ
орнату/
2
/Видео қоңы рау
дағы сұрақ
тарға жауап беру/
3
/Электроны поша құру/
4
/Электронды оқулық
тағы тапсырмалар
ды орын
дау/
Сабақ жоспары мен хронокартасы
3. Студенттердің теориялық білім денгейін бақылау (пресс- конференция отырысын жасау арқылы) 20 мин
4. Электронды оқулықтан тест тапсырмасын орындату арқылы студенттердің білімін бағалау-10 мин
5. Баға қою және түсінік беру 3 мин - Үй тапсырмасы бойынша және тақырыпқа сай, өткізілген пресс-конфернция отырысы және тест жинағы бойынша алған теориялық білімдерін бағалау.
6. Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру, орындалу техникасын түсіндіру, демонстрациялау 15 мин - / интерактивті тақтадан слайдтарды көрсете отырып, тәжірибелік сабақты түсіндіру /
Өткен теориялық сабақтарда біз Интернет желісінің мүмкіндіктерін қарастырдық. Internet миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Біз интернет желісі арқылы қазіргі заманауи емдеу, ота жасау тәсілдерін, медициналық апараттарды пайдалану тәсілдерін біліп, көре аламыз. Мысалы сіздер өз мамандықтарыңызға байланысты стоматологиялық құрылғыларға интернет желісі арқылы тапсырыс бере аласыздар. Сонымен қатар басқа шет мемлекеттердің емдеу тәсілдерімен тәжірибе алмаса аласыздар. Ал бізідң бүгінгі тақырыбымыз интернет желісінің тағы бір мүмкіндігі Чаттар, Форумдар, ICQ, E-mail электронды поштасымен тереңірек танысып жұмыс жүргізуді үйрену.
Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді. Internet желісіндегі Чат -бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет болып табылады. Тілдескісі келетін әрбір адамның өз есімі, болуы қажет (ағылш. nickname), есім латын не орыс әріптерінен құралуы тиіс.
Форум - бұл сайтта қатынас жасау құралы. Форумдағы хабарламалар пошта хабарламаларына ұқсайды, олардың әрқайсысының авторы, тақырыбы және мазмұны бар.
Форумның негізгі міндеті -ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш. thread- “жіп”) деп аталады. Яғни форум тредтерден құралған. Форумға жіберілген хабарламалар өте ұзақ уақыт сақталуы мүмкін
ICQ қызметі - бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таралатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You- Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым -қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады.
Электронды пошта немесе e-mail, - Интернеттің недәуір жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алу үшін, электронды поштаның тіркеулік жазбасы қажет. Жазбаны жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттар қызметіне жүгінуге болады, мысалы: http: // mail. ru, http: // mail. kz, http: // mail. hotmail және т. б
7. Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру және бейнеролик көрсету 3 мин - / компьютермен жұмыс жасамас бұрын, қауіпсіздік ережесін еске түсіру/
8. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру 90 мин
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz