Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Ән-күй шежіресі
№27 №«Жігер» балабақшасының
Бірінші санатты саз жетекшісі
Тулембаева Шолпан
Бурамбаевна
Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті түрі.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Музыкалық іс- әрекет
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: ән- күй сабағы
Тақырыбы: Ән- күй жежіресі.
Бағдарламалық мазмұны: Балаларға ұлттық би қимылдарын үйрету,
қыздардың қолының пластикасын дамыту. Аспаптарды тембрлік бояуынан ажырату,
білу. Жаңа ұлттық аспаптармен таныстыру. Күйлерді тыңдауға, тануға,
сипаттама беруге, графикалық сызықпен, бояумен бейнелеуге үйрету. Жаттығу —
әндерді ырғағына қарай шапалақтау. Музыкалық дыбыстардың төмендеумен,
жоғарлауын есту. Әндерді әндете, интонациалық таза орындауға үйрету.
Балаларды ұлттық музыкаға, шежіреге сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оркестрде
ойнауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланатын құралдар: ұлттық аспаптар, күйшілердің суреті,
аудиотаспадағы күйлер, «Көктем жаңбыры» әні, дидактикалық ойындардың
құралы, фланелеграф.
Жұмыс мазмұны:
1. Әуенді — ырғақтық қимылдар.
Би екеуден: «Көктем жаңбыры» әніне.
2. Тыңдау:
Аспаптарды дыбысынан ажырату (металлофон, тайтұяқ, сыбызғы,
асатаяқ, ксилофон) Оркестрде ойнау: «Сәулем-ай», Байділдаев, «До-ре-ми»,
Құрманғазы «Ақсақ киік». Жаңа аспаппен таныстыру. Қобыз туралы айту.
Қобызшының орындауында күй тыңдау. Құрманғазының күйлерін «Кісен ашқан»,
«Сарыарқа» — тыңдау, тану, салыстыру, сипаттама беру, графикалық көрсету,
қай бояу (қызыл, қара) күйге сәйкес келетінін көрсету.
3. Әуенді — дидактикалық ойындар:
1) Ән—жаттығу «Ақбалық» — 3 түрлі клавиштерден
бастап айтқызу және ырғағымен шапалақтау.
2) «Үш қоңырау» әнін айту. Қай қоңырау ойналғанын есту,
фланелеграфта көрсету;
3) «Біз баспалдаққа шығамыз» — жаттығуды 3 түрлі клавиштен
бастап айту және әуен төмендегенін әлде жоғарлығанын естіп
айту, қолмен көрсету;
4. Ән салу: 1) «Домбыра сазы» И.Нүсіпбаев
2) «Киіз үй» Тұрсынбаев
3) «Ана тілім ардақты».
5. Домбыра туралы аңыз: қыздар — «Қазақ биі», ұлдар — садақпен,
«Құсбегілер» биі.
6. Ойын: Домбыра алу.
Қостілділік компоненті: көктем- весна, жаңбыр- дождь, қысқа- короткий, ұзын-
длинный, аңыз- шежіре.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
Балалар екеуден кіріп «Көктем жаңбыры» әніне екеуден билейді.
(орындықтарын отырады).
Саз жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар бүгінгі сабағымыз
ерекше. Ерекшелігі бізге көптеген қонақтар келіп отыр, сондықтан біздер
келген қонақтарымызға ән—күй сабағымызда не үйрендік соның бәрін
көрсетейік. Ой, балалар бізге әнші балапан қонаққа келіп тұр. Қолында
сазды сиқырлы қоржыны бар екен. Әнші балапан, сенің қоржыныңда не бар?
Балапан: Балалар, Сәлеметсіздер ме, менің қоржынымда сиқырлы ноталар бар,
әрбір нотаның тапсырмасы бар, сол тапсырмаларды орындасаңыздар, сізді
сыйлық күтіп тұр.
Саз жетекшісі: Ой, рахмет, балапан. Сенің ноталарың бізге өте қажет,
балапан сен бізбен бірге қал, қонақ бол. Ал, балалар балапанның ноталарының
тапсырмаларын орындайық.
Бірінші нота «до» — артында аспаптардың суреті тұр. Кәне,
аспаптарды тыңдайық. Көп аспаптармен таныстық. Аспаптарды дыбысынан танып,
айтайық. (саз жетекшісі ширманың артына аспапты көрсетпей ойнайды, балалар
аспаптарды
үнінен табады).
— Өте жақсы, балалар. Балалар, көп аспаптарды бірігіп ойнағанды қалай
атайды? Дұрыс, оркестр.
— Ал оркестрдің жетекшісін қалай атайды? Дұрыс, дерижер. Ендеше біздер
оркестр құрып ойнайық: халық әні — «Сәулем — ай»; Байділдаев ән: «До-ре-
ми»; Құрманғазы «Ақсақ киік».
Ал, балалар, балапанның екінші нотасы «ре» — артында қобыздың
суреті тұр.
Ал, бүгін біз жаңа аспаппен танысайық. Қазақтың өте көне аспабы —
қобыз немесе қылқобыз. Қобыз ағаштан ойылып жасалған, ысқышпен ойналатын,
ішекті музыкалық аспап. Қобыз аспабымен Қорқыт есімі тығыз байланысты.
Қорқыт атаны — қобыз атасы деп те атайды. Қобызды ойлап шығарған Қорқыт
ата. Қобызды тізеге қойып, ысқышпен ысып ойнайды. Шежіре бойынша Қорқыт
дүниеге келгенде қатты дауыл тұрды, найзағай жарқылдады. Бала дүниеге
келгеннен сөйлей бастайды. «Ерекше қасиетті болып өмірге келген, бәрімізді
қорқытқан» деп есімін «Қорқыт» қояды. Халық арасында Қорқыт қобыз бен
күйдің атасы саналады. Ол өзі ойлап тапқан қобызбен күй тартып, ажалды
жолатпаған екен. Қорқытты бақсылардың атасы, ұлы сазгер ретінде
қастерлейді. Ол қобызын тартқан кезде жылап жатқан бала жылауын тоқтатып,
құстар сайрағанын қойып, соққан жел соғуын тоқтатып қобызды тыңдайды екен.
Қорқыт бірде түсінде бірнеше адамның көр қазып жатқанын көреді. Қорқыт
олардан «кімнің көрін қазып жатырсыңдар?» деп сұраса, олар Қорқыт әулиенің
моласын қазып жатырмыз депті. Мұны естіген Қорқыт 40 жыл өлімнен қашып,
жер бетін кешіп, көшіп-қонып жүрген. Бірақ оны жылан шағып өлтіреді.
Қызылорда облысында Қорқытқа ескерткіш орнатылған. Пішіні қай
жақтан қараса да, қобызға ұқсайды. Төрт қобыз қатар тұрған секілді. Жел
соққанда, қобыздың үні естіледі. Балалар, бізге бүгін қонаққа қобызшы келіп
тұр. Ол бізге бір күй орындап береді.
Күй.
Осымен, балалар, біз бүгін қобызбен және Қорқыт атамен таныстық.
Балапанның үшінші нотасы «ми» — артында «күй» деген жазуы бар. Балалар
қазақ ұлттық аспаптарының арасында домбыраның орны ерекше. — Домбыраға
арнайы шығарылған музыканы қалай атайды?
— Күйді кім шығарады? Қандай күйшілерді білесіз? (Құрманғазы, Дәулеткерей,
Д.Нүрпейісова, қорқыт) Ал қазір Құрманғазының екі күйін тыңдаймыз. Сіз
оларды тыңдаңыздар, сипаттама беріңіздер, не елестеттіңіздер соны
айтыңыздар. Қандай графикалық сызық және бояу сәйкес келеді соны
көрсетіңіз. (балаларға екі түсті карточкалар үлестіру).
1. «Кісен ашқан» (атау, қандай көңіл күйі, сызық, бояу).
2. «Сары арқа» (атау, қандай көңіл күй, не елестейді, сызық, бояу).
Өте жақсы, балалар. Сонымен, балалар, күйді кім шығарады? Дұрыс, күйші.
Ал, балалар, қоржыннан шыққан төртінші нота «фа» — артында «балық,
қоңырау, баспалдақ» — суреттері бар. Ол деген біздің дидактикалақ ойындар
ғой. Ал, еді дидактикалақ ойындар ойнап жіберейік.
1) Ән—жаттығу «Ақ балық» үш түрлі клавиштен бастап айту, ырғағына
шапалақтау. Бір — бірлеп шапалақтау. Фланелеграфта көрсету—ұзын дыбыс,
қысқа дыбыс.
2) «Үш қоңырау» әнін айту. Фланелеграфта көрсету: қай қоңырау ойналды
жоғары, орташа, төмен дауысты.
3) «Баспалдақ» әуенінің жоғарылауын, төмендеуін, суреттен көрсету —
қуыршақ баспалдақтың жоғарысында немесе төменінде.
Бесінші нота «соль» — артындағы тапсырма «Әндер» деп жазылған.
Балалар әннің әуенін композитор шығарады, сөздерін ақын шығарады. Мысалы:
«Киіз үй» әнін екі кісі шығарды, сөзін жазған Баянбаев, музыкасын жазған
композитор Тұрсынбаев. Кәне, «Киіз үй» әнін айтып жіберейік.
1. Ән: «Киіз үй».
2. Екінші ән: «Домбыра сазы» — сөзін жазған Талғаров, музыкасын жазған
И.Нүсіпбаев.
3. Ән: «Ана тілім ардақты».
Өте жақсы, балалар. Сонымен әнді кім шығарады? (ақын, композитор).
Мен білемін сіздер ән салғанды өте жақсы көресіздер.
Алтыншы нота «ля» — артында домбыраның суреті салынған және
«аңыз» деп жазылған.
Балалар музыкамен адамның, табиғаттың түрлі көңіл күйін бейнелеуге
болады. Сазбен жеткізе алмағанды күймен, музыкамен жеткізуге болады. Сондай
оқиға туралы бір шежіре сақталған. Шежіре дегеніміз — халық арасында кең
тараған және сақталған аңыздар, әңгімелер. Сонымен домбыра туралы бір аңыз
тыңдайық: «Ерте2 ертеде бір хан болыпты. Ол өте бай болыпты. Оның
ауылдарында халық бақытты өмір сүріпті, сұлу қыздар мерекелерде көңілді
билер билепті.
«Қазақ биі» (қыздар)
Ханның жалғыз ұлы болыпты. Баласы аң аулағанды өте жақсы көріпті. Бір күні
ол әкесіне келіп.
Баласы: Әке мен аң аулауға шығамын, батаңды Бер.
Хан: Балам көктемде аңдар төлдейді, аң аулауға шықпа, обал болады.
Саз жетекшісі: Бірақ баласы әкесін тыңдамай, достарымен сапарға шығады.
Көрініс:Би(садақтармен,құсбегілер аттарда)Құрманғазы «Адай»
Хан: Менің ұлым қайда? Кім маған менің ұлым туралы жаман хабар әкелсе,
соның аузына қорғасын құямын.
Күй «Көңіл толқыны» (Еңсепов) — бір бала ойнап береді.
Хан: өшір үнін! Менің ұлым қайтыс болған екен ғой, әкеліңдер қорғасынды
(домбыраға құяды)».
1 бала: Төгілсе күйдің тамшысы,
Құмарың досым қанды ма?
Даланың кәрі жыршысы,
Қасиетті қара домбыра.
2 бала. Бабамның сырын тыңдашы,
Күй болып жеткен мол мұра.
Қазақтың жаны сырласы
Қасиетті қара домбыра.
Саз жетекшісі: Көрдіңдер ме, балалар, домбырамен қуанышты да, қайғыны да
тыңдаушыға жеткізуге болады.
Жетінші нота «си» — артында «Ойын» деп жазылған. Ал, қазір
домбырамен ойын ойнап жіберейік, шеңберге отырыңыздар.
Ән: Домбыраның құлағын,
Мәнерімен бұрадым.
Ал достарым тыңдасын
Әнге қосып жырласын.
(Бір бала ортада домбырада «ойнап» отырады, балалар еркем—ай әнінің
музыкасына домбыра туралы ән айтып, қыздар отырып билеп, ер балалар
«домбыра» ойнағандай қимылдар жасап отырады. Содан кейін ортадағы бала
тұрып шеңбердің ішінде музыкамен жүгіреді. Музыка тоқтағанда, екі баланың
ортасына домбыраны көтеріп тұрады, екі бала шеңберді қарама—қарсы айналып
шығып, домбыраны тезірек алу керек. Кім бірінші алады, сол ортаға отырады.
Ойын қайтадан басталады).
Саз жетекшісі: Сонымен, балалар, біз бүгін «ән, күй, шежіре» деген
түсініктермен таныстық. Әнші балапан, сенің тапсырмаларыңа көп — көп
рахмет біз бәрін дұрыс орындадық па?
Балапан: Көп рахмет сіздерге балалар! Мен сізге сыйлық ретінде үлкен
чупа—чупс алып келдім (саз жетекшісіне береді). Бәріңіз де белсенді
қатыстыңдар. Көп рахмет. Сау болыңыздар!
Музыкамен шығып кетеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz