Файл қосу

Қазақстандағы отаршылдық езгінің күшеюі

Күні: 04.12.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы отаршылдық езгінің күшеюі. Сабақтың
мақсаты: Қазақстандағы отарлық биліктің күшейюін айта отырып, оның
себептерін және отарлық езгінің жүру барысын, салдарын оқушыларға
түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
1) Білімділік: патшалық Ресей мен Қоқан мен Хиуа хандықтарының арасындағы
отарлық саясаттың мәнің түсіндіру.
2) Тәрбиелік: ХІХ ғасырдағы етек алған көтерілістерді баяндай келе,
отансүйгіштікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: хандық кездегі билік пен хандық жойылған кездегі билікті
салыстыра отырып, өзіндік пікірлерді қалыптастыру.
Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте, карточкалық тапсырмалар.

Сабақтың типі: білік пен дағдына қалыптастыру.
Сабақты өткізудің әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу,
сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.
Қолданылатын материалдар: Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін 5
томдық. Алматы. «Атамұра» 2010 ж. / 3том. 344-358 б.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1) Қазақтардың Ресейдің Отан соғысына қатысуы тақырып бойынша түсінік
сұрау. Сұрақтар арқылы:
1. Ресейдің Отан соғысының басталуы туралы хабарды қазақтар қалай
қабылдады ?
2. Қандай себеппен қазақтар Ресейдің Отан соғысына қатысты?
3. Қазақтардың соғысқа қатысуы екі халықтың әскери ынтымақтастығына
қалай әсер етті?
4. Қазақтардың соғысқа қатысуы қандай тарихи қажеттілігі болды?
5. Қазақтардың соғысқа қатысуы Ресей тарапынан ескерілді ме?
2) Дәптермен жұмыс тапсырмасын тексеру: 77- беттегі құжаттарды және
хронологиялық оқиғаны жазғандарын қадағалау.
ІІІ. Жаңа білімді игерту.
Тақырыбы: Қазақстандағы отарлық биліктің нығайюы.
Жоспары:
1. Отарлық биліктің күшеюі.
2. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің себептері мен барысы.
3. Көтерілістің шешуші кезеңі мен оның жеңілуі.
4. Көтерілістің тарихи маңызы.
Отарлық билік күшейді. Ол көрініс тапты:
Жылдары Кіші және орта жүзде хандық билигінің жойылуына байланысты.
Жергілікті билік органдары мен қазақтан шыққан билеушілерге бақылау
күшейтілді.
Қазақ жерін отарлау үшін жаңа бекіністер тұрғызылды.
«Сібір қырғыздарының шекаралық басқару органдары» атаумен жеке шекаралық
басқарма құрылды. Және Кіші жүзде де дәл осындай басқарма органы құрылды.
Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісі.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты - Қазақстанның
патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін
сақтау, қазақ жерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты
отарлауды тоқтату еді.
Көтерілістің хронологиясы - 1837-1847 ж.
Көтеріліске - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қазақтары қатысты.
Көтерілісті қозғаушы күштер- шаруалар.
ІV. Сабақта алған білімді бекіту және қолдану.

1. Тапсырма: «Миға шабуыл». Сұрақтарға тез, әрі жылдам жауап бер.
- Кенесарының көтерілісінің басты себебі неде?
- Оның Қоқан, Бұхар хандықтарымен байланысы қандай болды?
- Көтерілістің қозғаушы күштеріне сипаттама беріңдер.
- Көтерілістің жеңілу себептері.
- Көтеріліске басқа ұлт өкілдері не себеппен қатысты?
2. Тапсырма: «Сәйкестендіру».
|1837 жылы Ақтау бекінісе Кенесарының алғаш рет шабуыл |
|жасап, патша үкіметіне қарсы екендігін білдірді. |
| |
|1838 жылы Ақмола бекінісіне тұтқиылдан шабуылдап, жеңіске |
|жетуі. |
| |
|1844 жылы Ахмет Жантөре отрядына шабуылдап, жеңіске жетті. |
| |
|1845 жылы Кенесары ауылына патша елшілері Долговтың, Герннің |
|келуі, бірақ нәтижесінде отарлау жағдайын патша елшілері хабар береді.|
| |
|1841 Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. |
| |
|1847 Майтөбе деген жерде қырғыз манаптарының |
|әскерімен шайқаста Кенесары қолы жеңіліс тапты. |

ІV. Сабақты қорытындылау.
a) Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлаудағы саясатын неден байқаймыз?
b) Қоқан хандығы мен Хиуа хандығының бұл кездегі саясаты қандай еді?
Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру
және қойылған бағаға түсініктеме берем.
V. Үй тапсырмасын беру.
Қазақ жеріндегі отарлау күшінің нығайюы тақырыбын, 78-89 беттер аралығын
түсініп оқып, 89 беттегі құжатты дәптерге жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Сот құрылымындағы өзгерістер
Ақмола тарихы
8-сынып. Қазақстан тарихы
7-сынып бойынша қайталау жұмыстары
Қазақстанның XYIII ғасырдағы әләуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Кенесары қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайлы ақпарат
Қазақстанның экономикалық дамуы
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 9-сынып
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ-қалмақ қатынастары. 8-сынып
Пәндер