Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты

№40 орта мектебі

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: Тіл білімі

Орындаушы: 8 – класс оқушыс Амантайқызы Дильназ
Жетекшісі: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Идирисова Б.Ж

2015-2016 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………….......4

Негізгі бөлім
1 – тарау Перифраза туралы жалпы түсінік
1.1 Перифраза туралы
түсінік.....................................................................
.6
1.2 Перифразаның
зерттелуі...................................................................
.....8
1.3 Перифраза фразеологизмнің қомақты салаларының бірі...................10

2- тарау Перифразаның құрылымдық типтері
Есім перифразалар
2.1 Ақын – жазушылар тіліндегі есім
перифразалар...............................11
2.2. Халық ауыз әдебиетіндегі есім
перифразалар...................................14

Етістікті перифразалар
2.3 Ақын – жазушылар тіліндегі етістікті
перифразалар.........................15
2.4 Халық ауыз әдебиетіндегі етістікті
перифразалар.............................18

Қорытынды...................................................................
...............................19

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі................................................................20

Анотация

Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазақ тіліндегі перифразалардың пайда болуы
мен қалыптасуына барлау жасап оның құрамы мен басқа да тілдік
құндылықтармен байланысын анақтау анықтау.

Гипотеза: Қазақ тілі ұлт болмысын танытатын бейнелі тіркестерге бай. Ұлттың
ментальдық өрісінің ауқымы мен көркемдік ойлау қабаттырын және қазақ
тілінің есепсіз тіл қуатының молдығын білу үшін ұлт тіліндегі көркем
сөздерге жүгінген жөн. Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны
жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады.
Осындай образды көркем сөздердің қатарына перифразаларды да енгізуімізге
әбден болады. Бірақ перифразалар жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде
қалып бара жатыр, ал бүгінгі ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілінен жиі ұшырату
қиын. Қазіргі қазақ ұлтының ой терең болғанымен тілі жұтаң. Ал жастар тілі
қасаң тартып, қысқа қайрылатын сөздер мен тіркестерге ауысуда. Осындай
қоладныстан шығып бара жатқан құндылықтарымыз келешек ұрпақтарымызға жетпей
қалуы мүмкін.

Зерттеу кезеңдері:

I кезең. Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттер жинау, оларды оқып
танысу, талдау жасау.

II кезең. Газет – журнал материалдары мен көркем әдебиеттерден
перифразалық тіркестерді жинау.

III кезең. Оларды жинаған соң тілдік талдау жұмыстарын жүргізу..

Кіріспе
Қазақ тілі ұлт болмысын танытатын бейнелі тіркестерге бай.
Ұлттың ментальдық өрісінің ауқымы мен көркемдік ойлау қабаттырын және қазақ
тілінің есепсіз тіл қуатының молдығын білу үшін ұлт тіліндегі көркем
сөздерге жүгінген жөн. Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны
жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады.
Осындай образды көркем сөздердің қатарына перифразаларды да енгізуімізге
әбден болады. Бірақ перифразалар жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде
қалып бара жатыр, ал бүгінгі ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілінен жиі ұшырату
қиын. Қазіргі қазақ ұлтының ой терең болғанымен тілі жұтаң. Ал жастар тілі
қасаң тартып, қысқа қайрылатын сөздер мен тіркестерге ауысуда. Өмір ағыны,
дәуір екпінінің әсерінен асығыс, қысқа да нұсқа сөйлейтін ұрпақ тілінде
мәнерлілік азайып келеді. «Сөзі мірдің оғындай», «тілінің майын тамызып»,
«өткір тілді» шешен сөйлейтіндер бұрынғының қазағы болып есептелетіндей.
Алайда жас буын келер ғасырда қалай дегенмен де ана тілінің мәйегін
іздейтіні хақ. Рухани құндылық – қашанда сол ұлттың төлқұжаты.
Көркем әдебиетте тіл ерекше экспересивтік – эстетеикалық қызмет
атқарадады. Адамның сезіміне әсер ету үшін көркем шығармада көбінесе
сөздер нақтылы тура мағынада емес, ауыспалы мағанада, астарлы түрде
қолданылады. Сондықтан көркем әдебиет тілі – бейнелі, мәнерлі тіл, түрлі
бояулы, сезімге әсер ететін көркем тіл болып табылады. Тілдегі көркемдеуіш
құралдар – теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синикдоха, эвфемизм – бәрі
де көркем суреттің, образды жасаудың, жазушының, ақынның шеберлігінің
көрсеткіші.
Қазақ тіл білімінде осы көрсеткіш құралдар азды – көпті зерттелді.
Зерттеушілерден оқшау қалған, арнайы зерттеу жасалмаған көркемдеуіш
құралдың бірі – перифразалар.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың мақсаты қазақ тіліндегі перифразалардың пайда болуы мен
қалыптасуына барлау жасап оның құрамы мен басқа да тілдік құндылықтармен
байланысын анақтау анықтау.
. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді анықтау керек:
1. Қазақ тіліндегі перифразалардың лингвистикалық статаусын анықтау
үшін оның лингвистикалық статусын белгілеу және осыған сүйене отырып, оған
ғылыми анықтама беру;
2. Қазақ тіліндегі перифразалардың құрылымдық типтерін анықтап, оларды
лексика – семантикалық тұрғыдан сипаттау;
3. Перифразалардың семантикалық типтеріне талдау жүргізу;
4. Перифразалардың тілдің басқа да бейнелеу, көркемдеу тәсілдерімен
қарым – қатынаста болу заңдылықтарына мінездеме беру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Қазақ тілінде перифраза мәселесі жөнінде зерттеу болмағандықтан, оған
байланысты көптеген мәселелер күні бүгінге дейін жұмбақ болып келеді. Біз
алғаш рет перифразаның құрылымдық типтеріне және фразеологиямен байланысын
анықтадық.

Зертеудің тәсілдері:
Зерттеуде бірнеше тәсілдер қолданылады: сипттау тәсілі, түсіндіру және
баяндау тәсілі, салыстыру тәсілі.

Тілдік материалдың сипаттамасы:
Зерттеу материалдары көркем әдебиет материалдарынан алынады. Олар
Сәкен Сейфуллин, Мұқағали Мақатаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев
туындылары мен мақал мәтелдер, жұмбақтар, естірту, жоқтау, көңіл айту
үлгілері және толғаулар.

Зерттеу жұмысының құрылысы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім бұл бөлім екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім
1 – тарау Перифраза туралы жалпы түсінік
1.1 Перифраза туралы түсінік
Бүгінгі зерттеліп отырған перифраза дегеніміз не? Перифраз немесе
перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттаң, құбылыстың тура атын
атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді.[1.3] Мысалы:
дәрігер деудің орнына «ақ желенді абзал жандар» деп атау, депутаттар деудің
орнына «халық қалаулылыры» «халық қызметшісі» деп қолдаудағы мақсат бір
сөзді басқа сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынын басқаша
етіп атау оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандайда бір эмоцияналды –
экспресивті баға беру үшін қолданылады. Сондай – ақ, кітап деудің орнына
«жан азығы» деп атай отырып, жазушыларды «жан азығын өндеушілер», «адам
жанының инжинерлері» деп ауыстырып атаудың өзіндік мақсаты, атқаратын
қызметі бар. Бұл, біріншіден, стильдік мақсатта айтылып тұрса, яғни бір
сөзді қайталап айта бермес үшін ойды түсініктірек баяндау үшін, бір ұғымды
түрлендіріп әрқандай атаулармен атап, жалпы мәтінің көркемдігін арттыру
болса, екіншіден, перифразалар заттың, кейіпкердің қасиетін, ерекшеліктерін
баса көрсетуде, уақиғаны суреттеуде образдылық жасап, айтылған ойдың
әсерлілігін арттырады, сонымен бірге автордың субъективті сезімдерін
білдіру үшін қолданылатын стильдік тәсіл болып табылады.
Айтылған сөзімізге дәлел болу үшін мысалы халқымыздың ұлы ақыны Жамбыл
туралы зерттеу еңбектерін алып қарасақ Жамбылдың атын бір жерде ақын деп,
қарт ақын, ұлы ақын деп, қарт жыршы, қазақ халқының ұлы перзенті деп, ұлы
махаббат жыршысы деп, Алатаудың асқақ жыршысы, ХХ ғасыр Гомері, екі ғасыр
куәсі, ақындардың атасы, жыр алыбы тағы басқа деп ауыстырып көрсетілген.
Мәтіндегі нұсқасымен көрсететін болсақ «... Ұлы махаббат жыршысы құбылысқа,
көрініске өзі жүрген ортасына салқын қанды қарай алмайды... Сондықтан ақын
көргенін көрген жерде – ақ өз тұрғасынан, өзінің идеалық позициясынан
бағалайды... Бұдан басқа Жамбылда басқа көзқарас жоқ. Мұндай тұста қарт
жыршы албырт жанды жігіт сезіммен қабыл алған әсерін қайта атқарған сөздің
де адал сырға өткір, ұшқыр тіл боларлық жандысын, жарығын төгеді.
...Поэзияның осындай қорығын, ұйығын, әрбір сөзді кристалдай өткір
қырланған тұлғаларынан кесек – кесек алтындар шығады. »[2.55]
Осыдан көріп отырғанымыздай, перифразалық тіркестер ақынның атын
қайталап айта бермес үшін, тек стильдік мақсатта қолданылып отырған жоқ,
сонымен бірге Жамбылдың ерекшелігін, қайраткерлігін әр тұсынан көрсетіп,
оның ерекше өмірін, талантын, көп жасаған суреткерлігін, қазақ әдебиеті
тарихында алатын орны мен басқа ұлттардың поэзиясына тигізген әсерін айтып
тұр.
Қазіргі кезде перифразаларды көп қолданылатын сала публицистика (яғни
«газет тілі») болып отыр. Баяндауда стильді «әрлендіріп», мәтінге «өң беру»
мақсатында астарлы сөздер мен сөз тіркестері қоланылады . Мысалы еңбек
екпінділері жайында мәтіндерден комбайшы, тракторшы қыздарды дала
тоғайлары, егін ерлері, бейбіт күннің мәншүктері, әлиялары, ел ішінің төл
перзенттері, темір тұлпар мінген арулар деген сияқты перифразалық тіркестер
егін жинау науқаны кезінде және мейрам кездеріндегі репортаждарда айтылу
себебі әсіресе салтанаттық реңк беру үшін деп баса айтқан жөн. Немесе
мынадай: «Сарыарқа төскейі қайта құрудың қоңыр самалымен терең тыныстап...»
деген перифразалық орамының өз мағынасы «Сарыарқада қайта құру жүріп
жатыр» деген болуға тиіс қой . Неге өз мағынасында айтылмай, ауыспалы
мағынада қолданып тұр деп, перифраздап қолданудағы себептерін қарастыратын
болсақ, бұл біріншіден, көркемдік үшін, көреріңкі леп, айрықша сезіммен
айтылуы мүмкін; екіншіден асырып айтуы үшін, құр әсірелеп айтылуы мүмкін.
Сөйтіп перифразалардың қолданылу аясы көркем әдебиет, сөйлеу тілі,
публицистика болып табылатындығана көзіміз әбден жетті. Перифраза және
мәтінде ерекше реңк беріп адамның сезімін баурап қызығушылықты одан әрі
оята түседі.

1.2 Перифразаның зерттелуі
Тіл білімінде Потебня А.А : «перифраза дегеніміз суреттеу атау»
(«перифраза - описание») [3.217] деп анықтама береді. Швейцариялық ғалым
Ш.Балли перифразаға берген анықтамасында «қайта айтып беру, (повт) қайтып
айтып берудің кеңейтілген түрі» [4.125] Қазақ тіл білімінде осы ойды айтқан
З.Қабдолов «қайта айтып беру»[5. 242] дейді; Ә.Болғанбаев өзінің
«Синонимдер сөздігі» атты оқулығының кіріспесінде перифразаны былайша
сипаттайды: «Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Мұны
кейде перифраза деп те атайды. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнына оның
түсінігін сипаттап беру [6. 5]десе, М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М.
Томановтар, Б.Манасбаевтардың құрастыруымен шығарылған еңбегінде
перифразаларға «перифразаның ерекше бір түрі - эвфемизм»[7.8] деп анықтама
береді. Расында да эвфемизм дегеніміз жағымсыз заттарды сыпайылап,
жұмсартып айтуды көздейді, ал перифразалар белгілі бір ұғымды әдеттеліден
басқаша сөз орамы немесе сөз тіркесі арқылы түсіндіріп айту болып табылады.
Бұл жердегі бір айырмашылық эвфемизм жағымсыз заттарды сыпайылап айту
болса, ал перифраза барлық зат атауларына, құбылыстарға тән ұғым, мәселен
өтірікші деген сөзді басқаша аузының желі бар, ұры деген сөзді қолының
жымқырысы бар, өлді дегенде келмеске аттану, о дүниеге аттану, өсек дгенді
сымсыз телефон, ұзын құлақ деп ауыстырып айтуда перифразаны молынан
қолдануға болады. Сонымен, біз Ә. Болғанбаевтың айтқан осы пікіріне сүйене
отырып перифраза мен эвфемизмдерді бір – бірімен байланысты ұғымдар деп
қарастыруымызға болады.
«Қазақ тілі. Энциклопедиясында» перифразаға: «Перифраза (ағылшын
раraphrase) – сөздің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем
троптың бір түрі. Перифраза затты, процесті, құбылыстың ең негізгі бір
қасиетін келтірінді мағынадақолдана отырыр, соны образды түрде сипаттау,
анықтау»[8. 259]деп анықтама береді.
Перифраза (грек periphrasis - айналым) – құбылыстар мен заттардың атын
атап, түсін түстап емес, соның айналасындағы айрықша белгі қасиеттерді
негізге алатын ауыстыру тәсілінің бір түрі. Перифраза мәтінің идеалық –
эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық эксспресивтігін,
әсерлілігін күшейтеді. Мысалы: Түз патшасы (арсытан деудің орнына), дала
кемесі (комбайн), Дала қоңырауы (Ыбырай Алтынсариннің есімі бірден ойға
оралады), қара алтын (көмір), пәниден бақиға кетті, аққу ұшып көлге кетті
(өлді дегеннің орнына) деп З.Ахметов әдебиеттау термендер сөздігінде
перифразаға осындай анықтама береді. [9.268]
Қазақ тіл білімінде перифраз мәселесіне кеңірек тоқталған Р. Сыздықова
көріктеу құралдарының ішінде айтылмай жүрген перифраза деп, оның себебі
біртектес тронтық категорияларды бір – бірінен дәл ажыратпаудың жоқтығынан
деп көрсетті. Өзінің «Абай шығармаларының тілі» деген еңбегінде Абай
тіліндегі перифраздарға анализ жасап, Абай халық тіліндегі перифраздарды
қолданумен қатар өмірді «бұлдыр заман»деуі: «қайта айналмас, жаңғырмас
бұлдыр заман»; «сұм жалған», «қайран дәурен» деуі: «Бір қызық ісім екен сұм
жалғанда, Қалжыңбасшып өткізген қайран дәурен» перифразалық тіркестердің
небір ойға келмейтін түрлерін жасады дейді, мысалы «соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өстім» деп, Абай өзі өскен ортаны, өзін қоршаған сол кездегі
әлеуметтік, қоғамдық ой- пікірді айтып отырса, әбден қажыған кезін, өзінің
бір жабырқау күйін ақынның «сұрғылт тартқан бейуақ» деп беруі тіпті әсерлі
деп таниды.[10. 102]
Шынында да, Абай тіліндегі перифразалар өзіндік ерекшелігімен бой ұрып
тұрған, бейнелі, көркем, жаңашыл - өте шебер жасалған, және қисынмен
қолдануын тапқан тіркестер, олардың эстетикалық құндылығыда осында деп
тануымызға еш күмән жоқ.
Сонымен лингвист ғалымдар мен энциклопедиялық еңбектерді қарастыра
отырып перифразаға мынадай анықтама беруге болады, құбылыстың, заттың
айрықша белгісін ерекшелеп, айқындап, оны сипаттап көрсету.

1.3 Перифраза фразеологияның қомақты салаларынын бірі
Міне, перифраза туралы білген соң, енді оның фразеологиямен байланысын
анықтап көрейік.
Фразеология дегеніміз өзімізге белгілі екі немесе бірнеше сөздің
тіркесуі арқылы бір ғана мағына беретін сөз тіркесі. Тұрақты тіркестерді
құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олрадың сыңарларының
орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мысалы: тайға
таңба басқандай дегенді жылғыға таңба басқандай деп бір сөзін алмастырып
айтуға болмайды. [11. 209] Ал перифразада да осындай қасиет байқалады
мәселен Сәкен Сейфулиин өлеңдеріндегі екі сәуле деген перифразалық
тіркестерін алып қарайықшы бұл жерде сәуле сөзінің орнына нұр, шуақ деп
орындарын ауыстыруға келмейді.
Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады, сөйлемнің құрамына бір
бүтін тұлға ретінде енеді де мағына тұтастығы, яғни фразеологизм
құрамындағы сөздер өздерінің бастапқы мағыналарынан түгел немесе жартылай
айрылып қалып, шоғыр тіркес түрінде біртұтас мағына береді . Перифразалар
да осылай даяр қалпында жұмсалып , сөйлемнің құрамына бір бүтін тұлға
ретінде енеді де бір ғана мағына үстеп тұрады. Мәселен, сұм жалған, қайран
дәурен деп даяр қалпында қолдануға әбден болады және одан тек қана бір
мағына туады яғни бұл сөздердің мағыналары өмір, дәуір деп айтуға болады.
Перифраза мен фразеологияның ортақ қасиеттерін анықтай келіп
фразеологиярың бір саласы екенін байқадық. Фразеологияның бір саласы
болуынын себебі, перифразада сөздерді бір – бірімен тіркесудің өзіндік
ерекшеліктері бар. Перифраза әр уақытта біріккен сөздерден тұрады, әрі
мағынасы ауыспалы болады да фразеологияға тән қасиеттерімен көрінеді және
эмоционалдық – экспрессивтік бояу байқалады. Біз жоғарыда фразеологиның
басты белгілерін көрсеткенде айтқан болатынбыз.

2- тарау Перифразаның құрылымдық типтері
Есім перифразалар
2.1 Ақын – жазушылар тіліндегі есім перифразалар
Перифраза туралы теориялық білімімізді нығайтқан соң, ақын –
жазушылардың шығармаларындағы перифразаның қолданысын анықтап көрелік.
Қай ақын, жазушы болмасын өз шығармасының әдемі, образды болғанын
қалайды. Сондықтан да олар әсерлілік пен бейнелілікке мүмкіндік жасайтын
тәсілдерге көбірек барады. Жазушылардың қаламын әрлей түсетін тәсілдердің
ішінде басқа тәсілдер мен қатар перифразаның алатын орны айрықша.
Тілімізде заттардың, процестердің, құбылыстардың атаулары өте көп,
солардың қайсысы болмасын перифраздануға мүмкіндіктері мол. Сол мүмкіндікті
молынан қолданған ақындарымызда көп, мәселен, Сәкен Сейфуллин, Мұқағали
Мақатаев, Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбаев. Осы ақындардың поэтикалық
туындыларының қай - қайсысы болса да - өзіндік тарихымен, тағдырымен
даралануының үстінде бүкіл қазақ әдебиетінің қалыптасуына ықпал жасаған
дүниелер. Осындай көркемдік күш – қуатқа ие болған шығармалардың жаңашылдық
сипатына арнайы назар аударған жөн. Сонда ғана біз ақындарымыздың
поэзиясының мәніне терең бойлап, көркемдік иірімдерін, ажар компоненнттерін
көреміз де, соның бәрі заманына обрзын сомдауға мүмкіндік бергенін анық
аңғарамыз.
Сәкен Сейфуллин поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген бірнеше
тұрақты образ бар. Олар асау тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс,
альботрос, сыр сандық, толқын. Ақын бұл образдарды «Аққудың айрылуы»,
«Көкшетеу» атты поэмаларында, «Жемістер» повесінде терең суреттеледі.
Әсіресе, «Аққудың айрылуы» поэмасында ақын перифразалық тәсілмен терең
көркем ой айта білген, мәңгілік махаббатты жырлаған.
Сұлулық, табиғаттың тамаша жаратылысы – айдын көл, оның бетіндегі
шашақты толқындар, суда қалқи жүзе жүріп, сүйіспеншілік ләззатына балқыған
қос аққу – мұның бәрі әсерлі, образды, нақты перифразданады.
Енді, оны нақты талдап көрсетейік.
Екі мүшелі есім құрамды перифразалар.
«зат есім + зат есім»
Жаздың демі
«зат есім + зат есім»
Дерттің емі
Ыстық лебі тиген соң [12.131] Ақын жел деген сөзді «жаздың демі»,
«дерттің емі» деген зат есім құрамды перифразалармен шебер алмастырып
көрсеткен. «Жаздың демі», «дерттің емі» деген перифраза тәуелдік жалғаулы
сөз ілік септігіндегі сөзбен тіркесе қолданып келіп тұр. Сөз тіркестерін
осылайша қолданылуын матаса байланысқан сөз тіркестері деп қарастырамыз.
Сәкен Сейфуллин үшін асау тұлпар да символға айналды.
Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты тағы тұлпарым [12.71]
Арқырап келші кермеден. Бұл жерде ақын тікұшақ сөзін тұлпар сөзімен
ауыстырып көрсеткен.
Ақын тілінде «сын есім + зат есім» форматты перифразалар молынан
кездеседі. Мәселен, аққу атауын көркем перифразалармен ауыстырып отырған.
Олар: «ақ періште», «аппақ қылаң», «ақ мамығым», « ақ үлдірім». Бұл
перифразалардың себеп болып тұрған басты белгі – аққудың ақ түсі. Сондай –
ақ, «періште», «қылаң», «мамық », «үлдір» сөздерін «ақ» лексемасы анықтап
тұр.
Сын есім тіліміздегі түрлі заттардың сындық белгілерін, салмағын,
сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін аумағын сан алуан қасиеттерін
білдіретін үлкен көлемді сөз таптарының бірі.
Сын есімдер семантикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді:
1. сапалық сын есімдер
2. қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есімдер мағынасы жағынан заттың түрі мен түсін, сыры мен
сапасы, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіреді, ал қатыстық сын
есімдер өздері жасалған түбір сөздің мағынасымен сыбайлас келіп, сол
белгілі бір заттың белгісін басқа бір заттың, істің белгісі арқылы
білдіреді. [11.34]
Сәулем сылаң
«сын есім + зат есім»
Апппақ қылаң
Ақ көбікке шомылған. [12.137]

Бұрынғы өткен шойыр көрсе,
«сын есім + зат есім»
Ақ періште дер еді. [12.241]

«сын есім + зат есім» «сын есім + зат есім»
Ақ мамығым, ақ үлдірім

Неге мұңша сүйдірдің [12.242]
Ақын аққу сөзін «Аппақ қылаң» ,«ақ періште» , «ақ мамық» сынды
сөздермен өзгертіп берді Сондай – ақ,
«сын есім + зат есім»
Жасыл мамық
Асыл анық
Түрлі мамық жайғандай[12.132]

Суы сасыр,
Салады асыр.
«сын есім + зат есім»
Ұлы ананың[12.136]

«сын есім + зат есім»
Жасыл барқыт

Жердің көгі –
Күн алтын ең «бесінде»[12.235]
«сын есім + зат есім»
Қайғысы мәңгі сәби періштелер,
Мәңгілік жайын тастап жерді құштың[12.236]
«сын есім + зат есім» «сын есім + зат есім»
Қара айғыр, қара алып, жүйіткейді,
Жануар күшіне сенеді – ақын жер, шөптерді, қарды бейнелі түрде «ұлы
ана», «жасыл мамық», «жасыл бар», «сәби періштелер» деп ауыстырып берген.
Көзің көрсе алар тыныс
«сан есім + зат есім»
Екі сәулем ерке еді [12.275]

Күміс суды жұмсақ қып,
«сан есім + зат есім»
Екі сұлу сылаңдады[12.277]

«сан есім + зат есім»
Екі кербез қатар түзіп,
Көлдің келді шетіне [12.278] – ақынның шеберлігін қарасаңшы табиғаттың
сұлу жаратылыстары аққуды сан есім арқылы да өзгертіп берген.
Осылардың өзінен ақынның поэтикалық тілінің бейнелі тәсілдерін
көбейту, сапаландыру жолындағы толассыз ізденісін және соған орай
табыстарында анық байқауға болады.
Поэзия жайлы сөз қозғау оңай емес. Ал өзіне ұстаз, әрі үлгі тұтар
тұлға деп санайтын адам туралы сөз қозғау ше? Ол да қиын. Дегенмен де
айтайын. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұғағали
Мақатаев.
Мұқағали аға - өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген,
қазақтың қара өлеңінің құдіретіне терең сырына қаныққан ақын. Сөз
құдіретінің мән – мағынасын терең біліп, сөз маржаны бейнелі өрнекпен
кестелейтін. Міне осындай Мұқағалидай «орақ тілді, от ауызды» ақынның
тілінде перифраза жоқ десе сенбес едік.
Түсіме енді ап – анық қызым бүгін,
«сын есім + зат есім»
Қызым менің ... Жұлынған қызыл гүлім.
Көріктенді құлпырып жел
«сын есім + зат есім»
Оранып көк көрпеге бар өңірлер.[13. 55]

Ақ гүлді қызықтадым да алдым жұлып,
Орнаттым үйге әкеліп орнын құрып
«сын есім + зат есім»
Бейне бір күнәсіз зат күлімдейді

Тұрғандай жүрегімнің тілін ұғып. [13.14] – ақын «көк көрпе» деп жерге
шөптің шығып жатқандығын көрсетсе, «күнәсіз зат» деп гүлді көрсетеді.
2.2. Халық ауыз әдебиетіндегі есім перифразалар
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері баршылық. Мақал – мәтелдер, жұмбақтар,
тұрмыс - салт жырлары, батырлар жыры, ғашықтар жыры, тағы басқы көтеген
түрлері бар. Біз зертеуімізде осы үлгілерінің ішіндегі мақал – мәтелдер,
жұмбақтар, мұң – шер жырларындағы перифразаларға тоқталғанды жөн көрдік.
Мақал – мәтелдер құрамындағы екі мүшелі есім перифразалар.
зат есім + зат есмі
Ақсұңқардың баласы тапқанын шашып жейді, зат есім + зат
есмі
Қарақұстың баласы тапқанын басып жейді [14. 20] – бұл жерде адам мінезіне
байланысты айтылған, ақсұңқар деп ақ көңіл адамды айса, ал қарақұс деп
сараң адамды бейнелеген.
зат есім + зат есмі
Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан [14. 30] – жазықсы адамды қасқыр
бейнесінде көрсеткен.
сын есім + зат есмі
Ақпа құлаққа айтқан сөз ағып кетеді,
сын есім + зат есмі
Құйма құлаққа айтқан сөзді құйып алады [14. 35] – саналы және сансыз
адамдарға байланысты шыққан мақал.
Жұмбақ үлгілеріндегі екі мүшелі есім сөздер қатысқан перифразалар.
Әкесі баласын көтеріп тұрады – [15. 5] деген жұмбақта әкесі деген қазан
аяқты жене қазанды бала деп перифраздап беріп тұр.
Жер астында
зат есім + зат есмі
Жездем қамшысы жатыр – [15. 17] жездем қамшысы деп жыланды жасырып
перифразданған.
зат есім (ілік септігі) + зат есмі (тәуелдік жалғау)
Тақырда тайдың ізі – [15. 20] тайдың ізі деп кіндікті перифраздаған.
сын есім + зат есім(тәуелдік жалғау)
Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды – [15. 22] аспанды ақ сандыққа
балаған.
сын есім + зат есім зат есім + зат
есім
Айдалада ақ отау, аузы – мұрны жоқ отау – [15. 25] жұмыртқа деген
сөз перифразданған.
Жоқтау көбінесе адамдарға айтылады. Өлген адамнің әйелі, я қызы, не
келіні зарлы үнмен, өлген адамның тірі кезіндегі істеген істерін, бастарына
түскен қайғысын, күйіктерін шағып, жылағанда айтқан жыр түріндегі сөз.
Жоқтауды көбіне ақындар шығарып береді, әрине олар көркем сөзге көп
жүгінеді, оның ішінде перифразалар да мол ұшырасып отырады.
Есік алды шоқ қияқ,
сан есім + зат есім
Қалмады сенен бір тұяқ [16. 40]
Қалғанда сенен бір тұяқ,
Жылар ма едім мен шұнақ – ұрпақ деген сөзі бір тұяқ сөзімен
перифразданған.
Етістікті перифразалар
2.3 Ақын – жазушылар тіліндегі етістікті перифразалар
Етістік перифразалар есім перифразалар сияқты, яғни есім мүшесі
негізгі мағынада тұрса, етістік мағынасы туынды мағынада жұмсалады.
Абай салған ізбенен Міржақып Дулатов та әдебиеттің қалыптасып дамуына
өзіндік үлесін қосты. Оның өлеңдерінен перифраза құбылысы жиі кездеседі.
«Адасып қараңғыда», «тұманға кірді», «ұйқыда жатыр», «жалын шығар»
деп айтқанда ақын өлеңдеріне нәр беру үшін кәдімгі табиғат құбылыстары мен
адамның жан дүниесін заманына сай перифразалық құбылысқа сай түсіріп
көрсеткен.
Ақын «ұйқыда жатыр» дегенде қазақ халқының надандық шырмауында
жүргендігін, «тұманға кірді» дегенде қазақ халқының белгісіз бір жұмбақ
әлемінде жүргендігін, ашу деген сөзді «шығар жалын» деген перифразалық
тіркестермен өзгертіп береді.

Адасып қараңғыда орлы қазақ,
зат есім + етістік
Ай тумай, күн һәм шықпай, тұр таң атпай.[17.48]

зат есім + етістік
Тұманға кірді қалың біздің қазақ,
Арты жар, алды тұйық – бұл не ғажап?[17.51]

Зат есім + етістік
Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.[17.69]

көсемше + етістік + зат есім
Аһ десе, іштен қайнап шығар жалын,
Халықтың кім түзетер мүшкіл халін [17.69]
Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған дарынды
ақындардың бірі. Оның өлеңдері өзіне тән стильмен ерекшеленеді. Оны мына
өлең жолдаынан аңғаруға болады.

Жапырағын озбыр жел тартып алып,
көсемше + етістік
Өкпелетіп кетіпті жасыл бақты [18.14]
Отырғанда бабымда,
зат есім + көсемше
Жыр жаңбырын төгіп – төгіп түнімен,
Өзіме - өзім күдіктенген шағымда
Абайыма үңілем.[18 24]

Зат есім + етістік
Дәрмен жоқ, көзі тұнып, тұр балбырап,
«Жасаған, жарылқа!» - деп, жәрдем сұрап.
Қар болып, дүрілдеп жел соққан шақта,
Кетеді сорды Оразкен дір қалтырап. [18. 55]

Басы – сайран, сұм жалғанның соңы – ойран,
Адам өмірі – тағдыр ойыны. Біл де ойлан!
зат есім + етістік
Есіл жастық ескен желдей гуілдеп,
Әлі – ақ кетер жүректен – от, күш – бойдан [18.101]

«Өкпелетіп кетіпті» дегенде күз мезгілінің суретін оқушысына әәсерлі
көрсғептілген, «көзі тұнып» деген тіркесте ақын жыламсырап тұрған адам
кейпін суреттесе керек, «желдей гуілдеп» дегенде шіркін жастықтың көзді
ашып – жұмғандай зымырап кетіп бара жатқанын, оның қайта оралмасын
қимастықпен жырлағын, «жаңбырын төгіп – төгіп» тіркесінде түнімен жыр
жазған ақынды елестетесін.
зат есім + көм. етістік + етістік
Бүлдіршін боп киінеді қара жер,
Қарап оған көкте анасы елжірер,
Мұны көріп, жақыны жоқ жолаушы
Күңіреніп, уһілеп жібек жер жүрере – [18. 105]жерге көк шығып шаттанған
адамдар бейнесі көз алдына елестейді

Зат есім + етістік + көм. етістік
Жүректі жара жеп барад,
Жасаған ау қалай шыдайын – [18. 110]деп уайым сөзді ауымтырған.

Өлмедік, зар еңіредік, сабыр еттік,
етістік + сын есім + зат есім
Шашатын алтын сәуле таңды күттік.
Көп күттік, сөгілдік те соғылдық та,
Сатылдық та, тілікке ақыр жеттік – [18. 113]бақыт, шаттық, күлкі сөздерін
перифраздаған.

Үш мүшелі етістікті перифразалар.
Табиғат Мұқағали Мақатаевқа қанатты шабыт береді. Ақынның жер, аспан,
тау, күн мен түн, ай мен жұлдыз, ағаш сияқты табиғат перзенттерін
суреттейтін өлеңдері бір – біріне ұқсамайды. Әр өлеңінде ақын жаңа бояу,
мазмұн, сөздердің жаңа үйлесімін енгізеді. Сондай өлеңдері «Тау бұлағы да
ағады», «Сап – сары жапырақтар», «Анау – аспан, мынау - бақ» тағы
басқаларын айтуға болады.
Екі мүшелі етістік құрамды перифразалар.
Мұқағали Мақатаев өзінің «Анау – аспан, мынау – бақ » өлеңінде:
Аспан жердің арасын,
зат есім + етістік
Дәрігер қыс алуда.
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкеменен таңуда [19.25]– деп қыс бейнесін адам кейпіне кіргізіп, іле –
шала оны табиғаттың жарасын емдеп, таңып жатқан дәрігерге балауы үлкен
экологиялық поблема көтергендігін көрсетсе керек.

Тау бұлағыда ағады,
зат есім +зат есім + етістік
Ой бұлағыда ағады.
Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны.
зат есім +көсемше + етістік
Бірі жылжып барады,
зат есім +көсемше + етістік
Бірі мөңкіп барады,
Бәрісі де не шара аға алмайды жоғары.
Бірі жатыр күркіреп,
Бірі жатыр жылмиып,
Бірі қалды көлдерде көмейіне құм құйып – [19.28]міне, «Тау бұлағы да ағады»
өлеңінде ақын табиғат суретін көрсете отырып, бұлақты адам ойына теңейді.
Бұлақтың төмен қарай ғана ағатыны кейбір ойлардың да кемерінен аса алмай
тоқырап, көмейіне құм құйылатын, жоғарыдан көрінбей қалатынын жеткізіп,
оқырманға белгілі бір ой салады, сезім туғызады, алға жетелейді, адамның
рухани, ішкі жандүниесіне жол тартады. Ақын аға сондай – ақ, жыл
мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен теңестіріп, көктемді балалық шақ,
күзді есейген шақ, қысты кәрілік шақ деп қарастырады. Ақын өзі күз мезгілін
ұнатпыты. Жапырақ түсіп, жауын жауып тұрған кездерде қолынан қаламын
тастамайды екен. «Көктемде сайрандадық, жасардық, күз енді жазатын мезгіл»
депті ақын бір естелігінде.
Ақын сондай күзгі өлеңдердің бірі «Сап – сары жапырақтар». Бұл
өмірінің соңғы жылдарында жазылған өлең.
Сап – сары жапырақтар...
Сап – сары жапырақтар...
Саудырап құлап жатқан атырапқа.
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында,
Сын есім + зат есім +
етістік
Сап – сары жапырақтар жоғалуда[19.34] – осы өлеңінде ақын күз мезгілінін
көрінісін сипаттағанда адам өмірінің соңғы жемісіт кезеңін көрсетіп
отырады. Сап – сары жапырақ дегенде ақын қазір замандағы жағдайды тілге
тиек етеді, яғни қарт деген сөзді осылай перифраздаса керек. Біреудің
жанарында, біреудің табанында, сап – сары жапырақтар жоғалуда дегенде
қарттарымыздың мүшһіл қалі көз алымызға елестейді.

2.4 Халық ауыз әдебиетіндегі етістікті перифразалар
Біз халық ауыз әдебиеті туралы жоғарыда тоқталып өткен болатынбыз.
Енді, біз мақал – мәтелдердегі етістікті перифразаларды қарастырамыз.
зат есім + етістік
Еркенің көзі кеппес, жорғаның тері кеппес[14.12] – жас деген сөзді көзі
кеппес деп перифразданған.
Жұмбақ үлгілеріндегі етістікті перифразалар
Қараңғы үйде белін буған бек жатыр [15.4]– бек деп сыпырғышты перифразған.

Жоқтау үлгісіндегі перифразалар.
сын есім + зат есім + көмекші етістік
Қойда бағлан қозы еді,
сын есім + зат есім + көмекші етістік
Жылқыда шаңқаң боз еді
Жау айбынар ел болса,
Жайсаным соның өзі еді.
Жайсаным батыр – ер еді.
Ел қайғысын жер еді – [16.9]бағлан қозы еді деп ерке сөзін перифраздаған
да, ал шаңқан боз еді деп көптің ішіндегі дара деп өзгерткен.
зат есім + етістік
Аққу ұшып көлге кетті
зат есім + етістік
Сұңқар ұшып шөлге кетті
Ол адасып кеткен жоқ
Әркім барар жерге кетті[16.11]

Арғымақтың тұяғы
Тасты басса керілер,
Сазды басса жетілер,
Екі арыс аман болсын
Жетпесті қума,
Келмеске жылама[16.14] – о дүниеге аттандандығы туралы тұспалдап естіртіп
отыр.
Жоқтау сияқты көңіл айту да сөз өнерінің бір түрі. Көңіл айту да
шеберлікті керек етеді, бұған перифраздардың көптен кездесіп отыратыны да
сондықтан.

О, Жаке, жүз жасаған ақынымсың,
Қайғырып Алғадайды жатырмысың,
зат есім + зат есім + етістік
Сәулесін жүрегіңнің сөндірмеші.
Асқан еді алатаудан ақыл – күйің
Не күшті дүниеде, адам күшті,
Көрдіңіз бір ғасырда талай істі[16.55] – налымашы деп сәулесін жүрегіңнің
сөндірмеші деген сөзбен ауысқан.
Қорытынды
Перифраза туралы көптеген зерттеушілеріміз өз пікірлерін айтып
өткен. Осы ғалымдардың айтқан тұжырымдарына сүйене отырып, перифраза
ұғымына мынадай анықтама беруге болады: затты, құбылысты, процесті өз
атымен атамай, басқаша атау, әрі соның негізінде сол заттың, процестің,
құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып,
өзгеше образды түрде сипаттау, анықтау.
Перифраза мәселесін зерттей келе, оның фразеологияның объектісі
екендігін анықтадық, себебі перифраза сөздерді бір – бірімен тіркестірудің
өзіндік ерекшеліктері бар. Перифраза әр уақытта тұрақты сөз тіркестерінен,
ал кей жағдайда біріккен сөздерден де тұрады, әрі мағынасы ауыспалы болады
да, фразеологияға тән қасиеттер көрсетеді.
Перифразалардың құрылымдық түрлеріне шолу жасай келе есім мүшелі
перифразалар көбіне бірінші сыңары зат есімге тәуелдік, жіктік, септік
жалғаулары жалғануы арқылы жасалса, ел екінші етістік мүшелі перифразаларды
топтастыра келе перифразаға айналған тіркестердің бірінші сыңарына
тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары жалғануы арқылы жасалса, екінші
сыңарлары болымды және болымсыз етістіктен болып келетінін аңғардық.
Ұлтты танытатын – тіл. Адамдар бір – бірімен пікірлесу, сөйлесу
кезінде олардың сөздеріне қарап қандай екендіктерін айтып жатамыз. Ал,
өзіміздің ұлттық болмысымызды танытатын қазақ тіліміз көркем сөздерге өте
бай. Өйткені біздің тіліміз сөзік қорының молдылығы жағынан араб тілі мен
ағылшын тілінен кейінгі үшінші орында тұр. Араб тілінде 12 миллион 300 мың
сөз бар болса, ал, ағылшын тілінде 750 мың сөз бар екен. Қазақ тілінде 600
мың сөз бар деп көрсетіледі. Осындай көрсеткішіне қарап біз өз тілімізді
бай тіл деп білеміз. Осы бай тілімізді күнделікті өмірде қатынас құралы
ретінде қолданып, көркем әдебиетпен ұштастыруымыз керек.

Міне, осылай өз ойымды ортаға сала келе айтатын ұсыныстарым мыналыр:
1. Перифраза тақырыбын мектеп бағдарламасына қосса

2. Жыр – мүшәйраларда тек ақын жазушылардың өлеңдерін оқытып қана
қоймай олардың өлеңдеріне перифразалық тұрғыдан талдаулар жүргізсе

3. Перифраза мәселесін әлі де ғалымдарымыз зерттесе.

4. Мемлекет тарапынан перифразалық тіркестердің қолданыста жүруін
қадағалайтын ұйым ашылса.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясыны хабарлары. Тіл,
Әдебиет сериясы, 1993 №1 – 35 бет
2. Нұрмағаметов О, Тәжібаев С. Ұлы жыршы. Алматы, «» 1972 – 250 бет
3. А.А Потебня Из записи по теории словесности. Харьков, 1905 – 217 бет
4. Ш. Балли Французская стилистика Москва, 1961 – 125 бет
5. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, «» 1976 – 345 бет
6. Болғанбаев Ә. Синонимдер сөздігі. Алматы «» 1975 – 284 бет
7. М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томановтар, Б.Манасбаев. Қазақ тілі.
Алматы, «Ғылым» 1909 – 205 бет.
8. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы. Қазақстан республикасы Білім, Мәдениет
және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 – 420 бет

9. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы «Ана тілі», 1998 – 210 бет
10. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы «Санат» - 1994 – 125 бет
11. Қазіргі қазақ тілі: Оқулық . – Алматы, «Ғылым» 2005жыл – 455 бет
12. Сәкен Сейфуллин. Шығармалар жинағы. І – том өлеңдері мен дастандары.
13. М. Мақатаев. Жылап қайттым өмірдің базарынан. Жыр кітабы. Құрастырған
Л. Әзімжанова – Алматы: Жалын, 1994 жыл – 256 бет
14. Қазақтың мақал – мәтелдері Алматы, «Ана тілі». – 2002 жыл– 179 бет
15. Жұмбақтар. Алматы ,«Ана тілі» - 2004 жыл - 204 бет
16. Ғабддулин. Халық ауыз әдебиеті Алматы, «Ғылым», 1994жыл – 251 бет
17. Міржақып Дулатов. Оян қазақ Роман, өлеңдер, жырлар, әңгімелер. Алматы
«Атамұра», 2003 – 308 бет
18.Мағжан Жұмабаев. Сүй жан сәулем. Өлеңдері мен поэмалары. Алматы:
«Атамұра», 2002 жыл – 210 бет
19 М. Мақатаев. Аманат: жыр жинағы. Құрастырған. А. Алтай. – Алматы :
Атамұра, 2002 – 304 бет

Ұқсас жұмыстар
Орыс сыныптарына арналған қазақ тілінен эмтихан билеттері
«ежелгі дәуір әдебиеті» факультативтік курсының бағдарламасы
Маңғыстау мақтаныштары
І.жансүгіров «күй» поэмасы
Жансүгіров Күй поэмасы
Мақал -мәтелдер жарысы
Теңге - тәуелсіздік символы
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Шартты операторларға есептер шығару
Орыс тілінен енген сөздер
Пәндер