Зерделілер мен зейінділер

Сыныбы: 7 «а», «ә», «б»
Тақырыбы: «Зерделілер мен зейінділер»
Сайыстың мақсаты:
а) білімділік -оқушылардың алгебра және геометрия пәндері бойынша білімдерін толықтырып, кеңейту.
ә) тәрбиелік- оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру, білімді азаматтар тәрбиелеу.
б) дамытушылық- оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін дамыту, жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұосымша материалдар, тірек-сызбалар.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, ватман, үлестірмелі картотекалар.
Әдісі: Сұрақ-жауап, жинақтау, ой туғызу.
Түрі: Сайыс-жарыс
Типі: Білімді тексеру, қайталау, білімді бағалау.
Байланысы: қоршаған ортамен байланыстыру, пәнмен, өмірмен.
Сайыстың барысы:
І тур . «Сәлемдесу» .
ІІ тур . «Қалауың білсін!»
ІІІ тур . «Қателеспе!»
ІV тур . «Ойлы болсаң-озып көр!»
-Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш өнер білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға-дей отырып, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
-Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Әр сайыстан кейін әділ қазы топтардың бағасын беріп отырады.
І тур . «Сәлемдесу». (Ең жоғары ұпай-5. )
Топтар қарсыластарына және әділ қазы алқаларына өз топтарының аттарын, эмблемаларын, ұрандарын, газеттерін қорғап таныстырады.
-Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалай
Келдім мен оларды айтып бермек үшін-деп, ойынымыздың келесі турына өтейік. ІІ тур . «Қалауың білсін!». (Ең жоғары ұпай-3. )
3 ұяшық көрсетіледі. І турдан жоғары ұпай жинаған топ бірінші таңдау кезегін алады.
1-ұяшық сұрақтары:
- Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
- 1 метрде неше сантиметр бар? (100 см)
- Бұрыш өлшейтін құрал? (Транспортир)
- Ең кіші жай сан? (2)
- Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура? (Бұрыш)
- Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшты, ал кері қарай 80 минут ұшты. Айырмашылығы қанша минут? (екеуі бірдей)
- Қандай 3 бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1, 2, 3)
2-ұяшық сқрақтары:
- Екі ғасырда неше жыл? (200 жыл)
- Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)
- Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле)
- Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? (квадрат)
- Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4 ширек)
- 50-ді 0, 2 ге бөл? (250)
- 1 кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр ма? (тең)
3-ұяшық сұрақтары:
- Миллионда неше ноль бар? (6)
- Тік бұрыш неше градусқа тең? (90º)
- Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір)
- Квадрат қабырғасы 3 см-ге тең. Периметрі нешеге тең? (12 см)
- Шаршының неше қабырғасы бар? (4 қабырғасы)
- 11 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
- Күн көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)
-Келесі ІІІ турымыз «Қателеспе!» деп аталады. Бұл турға 7 минут уақыт беріледі. (Ең жоғары ұпай-5. )
Сұрақтары:
Жауаптары:
-Топтар, міне біздер соңғы шешуші «Ойлы болса-озыр көр!» ІV турына да жеттік.
Шарты : Берілген логикалық және викториналық сқрақтарға тез әрі дұрыс жауап берулері сұралады.
- Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді?(атасы, баласы, немересі)
- Қосарланып жегілген атымен арбашы Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?(25 шақырым)
- Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс?(сызғыш)
- Қалай 10 метр сатыдан секіріп, жараланбауға болады?(Ең төменгісінен секіреді немесе жерде жатқан басқалдақ)
- Қай жағдайда 19+15=10 теңдігі дұрыс? (19 сағат-7 сағат, 15 сағат-3 сағат)
- Боранда тау ық болады ма?(Боранда тау ық болады. )
- Бір адамда 10 саусақ, 10 қолда неше саусақ?(50)
- Қай кезде қысқартатын бөлшекті қысқартуға болмайды?(Үйдің нөмірі мен пәтер нөмірі)
- Үстел беті төрт бұрышты, әр бұрышын арамен кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады?(8)
- Төрт қойдың неше аяғы бар?(16 аяқ)
- 1000 санының 1 пайызы?(10)
- 1 пұт неге тең?(16 кг)
- Ең кіші натурал сан?(1)
- Қай сан үлкен:және 2?(тең)
- Санның жүзінші бөлігі?(пайыз)
- Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым?(теорема)
- Геометрияның атасы кім?(Евклид)
- Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеген ?(6)
- Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Бүкіл өмірінде туған күнін тек жиырма бес рет қана атап өтіпті. Бұлай бола ма?(29 ақпан, 4 жылда 1 рет келеді. )
- Неше рет арттырса да, өзгермейтін қандай сан?(0)
-Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділ қазы сіздерге сөз береміз,
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?-дей отырып, әділ қазы алқаларынан бүгінгі сайысымыздың жалпы қорытындысын жариялауыңызды сұраймыз.
Алдыңызда жайнаған жұздер әні,
Сіздермен кездесерміз біздер әлі.
Әділ қазы, көрермен, сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жақсы күндер әлі-деп, кешті аяқтап, сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz