Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Жыр алыбы-Жамбыл

Сабақтың тақырыбы: Жыр алыбы-Жамбыл
( Жамбыл Жабаев шығармашылығы бойынша қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ақын шығармашылығымен толық, жан-жақты таныстыра
отырып, шығармаларының мәнін ашу, түріне, көркемдік тіліне талдау жасату;
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ауызша және жазбаша ой
сауаттылығын арттыру, мәнерлеп, көркем оқу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ақын өлеңдерін оқыта отырып, жастарды Отансүйгіштікке,
адамгершілікке, шешендікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, тиянақтау, тест, сұрақ-жауап
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, ақын портреті, жыр жинақтары,
бүктемелер, кеспе қағаздары, жауап парақшалары, электронды оқулық,
«Жамбыл» кинофильмі, «Жамбыл мұражайы» фильмі
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу;
Ә) Кезекші есебі
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы: Ж.Жабаевтың Отаншыл өлеңдері. Ақын өлеңін жатқа оқу.
Ақын шығармашылығын топтастыру
1.Жыраудың жыр ұясы
2.Айтыстың асқан шебері
3.Дүлей жырдың дүлдүлі (дастандары)
4. Өрелі жырдың өрнегі
ІІІ. Жаңа сабақ .
1.Электронды оқулықты пайдаланып , ақын шығармашылығы туралы еске түсіру;
2. «Жамбыл мұражайына» саяхат;
3. «Жамбыл» кинофильмінен үзінді көрсету; Фильм жайлы түсінік беру;
Жамбыл рөлін сомдаған белгілі қазақ актері - Шәкен Айманов туралы
қысқаша айтып өту;
4. «Жамбыл» кинофильмінің тәуелсіздіктен кейінгі түсірілімі бойынша
салыстыру жүргізу;
5. Ақын шығармашылығына талдау жасау
а ) Ақын өлеңдерін құрылысына қарай талдау
3 4 4
/Аттандық /ұлысының /қонысына ,/ - а 11
4 3 4
/ Елді сорған /борсықтай/ болысына/- а 11
3 4 5
/ Көп ерлер/ қаза тапты /жауға аттанып,/ -б 12
3 4 4
/Көксеген /азаттықтың/ соғысында/- а 11
4 3
ә ) /Үйсін, Найман /саңлағы,/ - а 7
4 3
/ Өстепкеге /жиылдың/ - б 7
4 3
/Елде жүрген/ егейлер/ - в 7
4 3
/Ұлық көрсең /ұйлығып,/ - г 7
4 3
/Желді күнгі /қамыстай,/ - ғ 7
4 3
/ Жапырылып /иілдің.../- б 7
6. Семантикалық карта №1
Ақын лирикасын классификациялау
|Философиялық |Романтикалық |Сатиралық |Патриоттық |
|лирика |лирика |лирика |лирика |
| | | | |
| | | | |

А ) Ал, Кәдірбай , құлақ сал,
Жамбыл сөзін тыңдап қал.
Итіңді жаман демеймін.
Күзетіп жүр малыңды.
Көпшілікті бүлдіріп,
Ұрлап алғандарыңды. (Сатиралық лирика)
Ә ) Жаз жайнап, жан-жануар жанаттанған,
Жадырап май айында науаттанған,
Су ағып , жер айналып, жанарланған,
Жиһанда біздің таңдай таң атпаған. (Романтикалық лирика)
Б) Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз
Көздің жасын моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз (Патриоттық лирика)
В) Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба? (Философиялық лирика)

7. Семантикалық карта№2
Ақын өлеңдерінің көркемдік тілі бойынша
|Эпитет |Теңеу |Метафора |Гипербола |Аллитерация |
| | | | | |
| | | | | |

А) Тауыма сұлу қарашы,
Қыздардың жиған жүгіндей (Теңеу)
Ә ) Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме (Эпитет)
Б) Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз
Көздің жасын моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз ( аллитерация)
В) Ақ сүт берген анам- ел,
Үлгі берген атам – ел (Метафора)
Г) Сиырлары сыймайды,
Мүйізі бұлт ілгендей (гипербола)
Қорытынды . Жаңа сабақты бекіту
1. Ақын шығармашылығы бойынша тест сұрақтарын қою
1.Жамбылдың алғашқы өлеңі
А. “Өстепкеде” Ә. “Шағым” Б. “Патша әмірі тарылды”
2. “Кәдірбайдың төбеті” қандай өлең?
А.Лирикалық Ә.Эпикалық Б.Сатиралық
3. Шарға түсер шағыңда,
Қара тер боп сабылдың.
Аялған жоқ малың да,
Ақжем болып шабылдың
А. “Шалтабайға” Ә. “Кәкімге” Б. “Өстепкеде”
4.Жамбылмен айтысқан қырғыз ақыны
А.Доспамбет Ә.Құлмамбет Б.Қатаған
5.1916 жылдың оқиғасын суреттейтін өлеңі
А. “Шын жүректен” Ә. “Зілді бұйрық” Б. “Жылқышы”
6.Қоқан хандығымен шайқасты суреттейтін дастаны
А. “Саурық” Ә. “Сұраншы батыр” Б. “Өтеген батыр”

2. «Топтастыру» стратегиясы

айтыскер
ақын

жырау

қоғам қайраткері

Жамбыл шығармаларын оқи отырып, біз нені үйренеміз?
(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

Оқушылар білімін бағалау

Үйге тапсырма: « Дүлей жырдың дүлдүлі» тақырыбында эссе жазу.
Ақын шығармашылығын қайталау
[pic]
-----------------------
Жамбыл кім ?

Ұқсас жұмыстар
Жамбылдың Балаларға әнін тыңдау
Алатау. ж.жабаев. 2-сынып
Ж.Жабаев
Сабақтың тақырыбы Жүз жасаған бәйтерек
Сөйлем және оның тыныс белгілері, жыр алыбы - Жамбыл атамыздың өнері туралы мағлұмат беру
Жамбыл жабаев
Молданың ескіше оқуына қанағаттанбаған ақын
Жамбыл Бабаларға. Сөйлем
Тақырып Ж.Жабаев Аттандыру
Жамбыл жабаевтың өмір жолы
Пәндер