Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Қош, сүйікті Әліппе
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып бірінші санатты мұғалімі
Жалелова Мақпал Мүдіресқызы
Сабақтың тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппе!
Мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу; олардың алған
білім,
білік, дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын
молайту; ұқыптылыққа,
жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қош, сүйікті Әліппем!» сөздері жазылған плакат, шарлар.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, 1«А» сынып оқушыларының
«Қош, сүйікті
Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
➢ Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы – «Әліппе»
➢ Бұл кітап – бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын
алғашқы соқпақ.
➢ Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік.
➢ Сондықтан әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды
ортаға шақырайық. (Музыка ойналады, балалар залға кіреді)
Мұғалім: Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Хормен : Ә-ЛІП-ПЕ !
Мұғалім :
➢ Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол.
➢ Бұл кітаптан ғұлама ғалым, данышпан ойшыл,ақын-жазушы, ұстаз,дәрігер,
ғарышкер, шахтер де білім алған.
Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан
алғашқы қадамдары құтты болсын! Білім дариясында талмай жүзіп, білім, ғылым
мұхитының тереңінен бар асыл інжу-маржанын тере берулеріне тілектеспін.
Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар
еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Бала деген шіркін-ай балдай
екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,-
деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек
берейік.
Сымбат : Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп,не білдік,
Қане,ортаға салайық.
Еркебұлан : Бүгінгі біздің қуанышымызда шек
жоқ.Өйткені,біз тұңғыш рет
сауатымызды ашқан Әліппені
бітірдік.
Хормен : Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті - Әліппе,
Ол сүйікті - Әліппе.
Мұғалім : Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға
шақырайық
Хормен : Әліппе!Әліппе!Әліппе!
Әліппе : Армысыңдар,жас достар!
Армысыздар,ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
«Әліппең» келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Перизат : Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреттің оны Әліппе.
Альбина : Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Нұршат : Әліппем менің, Әліппем!
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің.
Ертеңгі сәуле жарықпен
Әли : Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Айнамкөз : Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
Нұрдәулет : «А» деген ол – аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой
салмақты.
«Б» деген ол - балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Хор: Ән
Әділет : Сөйлейді олар тіл бітіп,
Небір қызық сырларды.
Тыңдай бердім мен жұтып,
Тіл біткен жұмбақ сырларды.
Мадияр : Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған алтыннан,
Әліппе – білім бесігі.
Шалқар : Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Юлия : Қош бол , құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріпті,
Тақылдатып сөйлеттің.
Алдияр : Барлық әріп бағалы,
Айттың әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз болмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды,қолдайды.
Амандық : Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
Сымбат : Анам менің, әкем де,
Атам менен әжем де,
Шопан, ұшқыш, ғалым да,
Небір мықты дарын да,
Тіл сындырып әріпке,
Ашқан алғаш Әліппе.
Әліппе: Балалар,сендер мені оқып,тауыстыңдар,әріптерді меңгердіңдер.
Енді сендер менімен қоштасасыңдар,әрі қарай білім беретін
Ана тілі пәнін де жақсы оқыңдар.Сендерге менің қояр сұрағым бар,соған жауап
беріңдер:
1. Әліппе оқулығын ең алғаш жазып беріп кеткен кім? (Ы.Алтынсарин)
2. Алфавитте қанша әріп бар? ( 42 әріп)
3. Кісінің аты-жөні,жер-су аттары қалай жазылады?( Бас әріппен жазылады
)
4. Қанша дауысты дыбыс,қанша дауыссыз дыбыс бар?(15 дауысты,25 дауыссыз
дыбыс бар)
ӘРІПТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМБАҚТАР (парақшаға жазылған)
Әли : Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік.42 әріпті түгел жаттап
алдық.Оқуды, санауды, жазуды үйрендік. Осының бәрін үйреткен
кім?
Хормен: МЕКТЕП, МҰҒАЛІМ, ӘЛІППЕ!
Әділет :
А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
Юлия :
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Айнамкөз :
Біздің Әліппені жақсы меңгертіп,сауатты жазып,оқуымызға ата-
аналардың да қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рақмет айтайық.
Хормен: «Бақытты балалық шағымыз үшін, рақмет саған ата-ана!»
Ата-аналарға би орындалады
(Тапсырмалар орындау)
1. Ойын «Адасқан әріптер»
➢ Мен сендерге кеспе әріптерді шашып тастаймын
➢ Сендер сол әріптерден сөз құрайсыңдар.
2. Ойын «Кім не істейді?»
Аспаз оқытады
Ұстаз бағады
Дәрігер пісіреді
Малшы емдейді
3. Дыбыстық талдау. Жұмбақтар жасырылады . Оқушылар жауыбын
шешіп, дыбыстық талдау жасайды.
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
(кітап )
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
(қалам)
Тақия толған сөк ,
Ерте тұрсам жоқ.
(жұлдыз)
3. «Қай әріп артық?»
Альбина :
Әліппе бізді тек әріптермен ғана таныстырып қойған
жоқ,бір-бірімізбен достыққа, әдепті болуға, мектеп ережесін орындайтын
тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Ал енді қазір «Әдептілік әлеміне» саяхат
жасайық.
Шалқар : Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Нұрдәулет :
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
Нұршат :
Нанды үгітпе қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Еркебұлан :
Саусағыңды сормағын,
Салдыр-салақ болмағын.
Амандық :
Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлып түймені.
Жансима :
Ашуланбай долданып,
Жауап бергін ойланып.
Перизат :
Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима.
Мадияр :
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырма бос қаңғыма.
Әли :
Сыйлап үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Алдияр :
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Жансима :
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді
Мұғалім: Дұрыс, балалар, әрқашан әдепті болып, жақсы әдетті үйреніп,
жаман әдеттен аулақ жүруді әрдайым естен шығармауымыз керек. Балалар сендер
тек қана Әліппені оқып қоймай, математика, дүниетану сабақтарынан көп
нәрсені үйрендіңдер.
САНАМАҚ оқу
Ал, балақай, санайық,
Қосып және алайық.
Дұрыс санап көрейік,
Математик болайық.
Өлең есептер
1. Саянда болды 8 алма
Сайранға берді 4 алма
Ойланып,кәне, көрейік –
Саянда қалды қанша алма? (4)
2. Бәйгеге шықты жануарлар
Алға шықты бесеуі
Қосылды оған екеуі
Мәреге келді нешеуі? (7)
3. Айманда болды 5 алмұрт
Әселге берді екі алмұрт
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла? (3)
4. Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды дорбада? (3)
5. Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді? (5)
6. Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің
Нешеу болды қане бол
Санап шығар кім бұрын? (6)
7. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (7)
8. Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ,
Алақанды ашамыз
Беске бесті қосамыз
Кел санайық ал мұны
Нешеу болды барлығы? (10)
Ойын «Қандай сөз?»
➢ Цифрлар жазылған торкөздерді боя.
➢ Әріптерді жолақтағы торкөзге көшіріп жаз.
➢ Қандай сөз шықты? Оқы.
|ж |1 |10 |а |6 |
|4 |р |8 |3 |а |
|й |2 |1 |с |4 |
|5 |ы |7 |ң |4 |
|д |2 |а |10 |р |
| | | | | | | | | | | |Дүниетану пәнінен сұрақтар:
1. Күн, ауа, жер, су, адам, өсімдіктер, жануарлар – бұл . . . (
табиғат )
2. Табиғи денелер қандай топқа бөлінеді? ( Табиғат жанды ж/е жансыз
денелер болып бөлінеді)
3. Адам қай табиғи денеге жатады? (Жанды табиғи денеге)
4. Иіс сезу мүшесін атаңыз. (Мұрын)
5. Табиғат құбылыстары деген не? ( Табиғатта болып тұратын өзгерістер:
жаңбыр, қар, бұршақ, ...)
6. Көкөністер қайда өседі? (Бақшада)
7. Жылдың неше мезгілі бар? (4)
Сөйлемдерге керекті сөздерді таңда:
1. Қыста өте суық және жиі (жаңбыр, қар, бұршақ) жауады.
2. Жазғы каникулда Ермек (конькимен, шанамен, велосипедпен) ойнады.
3. Күзде ағаштың (жапырақтары, гүлдері, қолдары) түседі.
4. Көктемде жылы жақтан ( ұшақтар, құстар, жапырақтар) ұшып келеді.
Ән
Сымбат :
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Әліппе:
42 әріпті игердің
Әріптен буындап сөз тердің
Ризамын балалар сендерге
Рахмет айтатын кез келді.
Мадияр :
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқан оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
«Әліппенің» батасы:
Оқуда зейінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар,
Ақ жол болсын,қарақтарым,
Айдай болсын қабақтарың,
Күнделіктерін беске толсын,
Әумин!
Мұғалім: Құрметті «Әліппе».Біз де саған ақ жол тілейміз! (Әліппе кетеді)
Балалар, әліппемен қоштастық. Енді «Ана тілі» оқулығын
оқитын боламыз.
Альбина :
Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.
Шалқар :
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Айнамкөз :
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараңыз.
Ән
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып-оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын,
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін,еңбекқор,мықты болсын! – дей келіп,бүгінгі
«Қош сүйікті,Әліппе!» атты ертеңгілігін аяқтаймыз.
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан,ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – деп,сөз кезегін
қонақтарға берейік.
-----------------------
Й Л П Р
В К Қ П
Ё Ю Я Ә
О Ұ Е Ы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz