Ешкімде ешқашан ұмытылмайды

Ешкімде ешқашан ұмытылмайды.
Әсел: 71 жыл .Сонау сұрапыл кезең басталған шақта дүниеге келген сәбилер
сәбилер бұл күндері алпысты еңсереген ел ағалары.Әйтсе де сол қасіретті
жылдар жыл сайын қайта жаңғырып, өткенді еске салады.

Балжан: Ия. Сол жаңғырық бүгінгі жеткіншек ұрпақты бейбітшілікке,
патриотизмге үндейді.Ұлы Жеңістің тарихтан алатын орны ерекше.Бүкіл кеңес
халқының 20-25 миллионнан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.

Әсел: Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкілерін, 70 мың село
мен деревняны құртып жіберді.Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 70 мың
адам қатысса олардың басым көпшілігі майдан даласында қаза тапты, хабар-
ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия басты жерлерде
соғысты.Иван Васильевич Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сол бір ауыр
күндерде ерліктің ерен үлгісін көрсетті.28 панфиловшылардың 23 қаза
тапты.Оның 22-сі Қазақстандықтар еді.

Балжан: Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 Қазақстандық жауынгер Кеңес одағының
батыры атағын алды Олар- екі рет батыр атағын алған Т. Бигельдинов ,Н.
Әбдіров шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк апаларымыз және Қ. Қайсенеов,
Б. Момышұлы сынды ержүрек батыр ағаларымыз еді.

Әсел: Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз
әкелерімізден кем түскен жоқ.Уақытпен санаспай,ыстыққа күйіп, суыққа тоңа
жүріп Ұлы Жеңіске өз үлестерін қоса жүрді.

Балжан:Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.1418 күнге созылған бұл қатерлі
айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкімде ешқашанда
ұмытпақ емес.Соғыс өрті қашанда халық есінде.

Әсел: Жанын қиған сен үшін

Тоқта достым сабыр ет

Үнсіз тұрып бір минут

Басыңды иіп тағзым ет- Ендеше соғыс даласында хабар-ошарсыз
кеткен, қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымызды бір сәт үнсіз тұрып еске
алайық.

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою.

Балжан: Жеңдік қой жауды, арман не құрбым

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

Келемін қайтып, өлеңімді айтып

Қайда екен қайда дариға сол қыз

Міне , осынау елімізге лаң салған алапаттың аяқталғанына 71 жыл толып
отыр.Сұрапыл соғыс жылдарынан өтіп, бүгінде бейбіт күндегі еңбектің жемісін
көріп отырмыз.

Әсел: Сүйінші елім сүйінші!

Арылтып жаудан жерімді.

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні? 9-шы Май күні.

Балжан:Кептерлер қалқып көкке ойнап,

Қызыл ту шалқып көк бойлап

Мәре –сәре , мәз- мейрам

Отанымыз той-тойлап

Десеңдер бұл қай күні? 9-шы Май күні.

Дұрыс айтасыңдар балалар 9-шы мамыр фашистік германияны жеңіп шыққан
күніміз.Осы Ұлы Жеңісті сыйлаған аталарымыз бен ағаларымыз апаларымызға
арналған «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» атты мерекелік ертеңгілігімізді
бастаймыз.

Жаннұр : Бұл айдың өз сәні бар

Салтанатты сайраны

Жетісінде мамырдың

Ағалардың мейрамы.

Абылай: Қас дұшпанын ықтырып

Әділдігін ұқтырып

Бейбіт күнді қорғаған

Аталарым тік тұрып

Ән « Жас ұландар».

Қасым: Жауды ықтырар айбаты

Сүсініңдер қараңдар

Бейбіт өмір солдаты

Ер теңізші ағам бар

Томирис: От жалындай қайраты

Сүсініңдер қараңдар

Бейбіт өмір солдаты

Менің танкист ағам бар.

Балжан: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігер менен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуанышпен мерекенің бұлағы

« Теңізшілер» биі.

Нұрзада: Ұшағы ол қанаты

Сүйсініңдер қараңдар

Бейбіт өмір солдаты

Менің ұшқыш ағам бар.

Каусар: Қызарып күн батса да

Ағарып таң атса да

Күзетіп жүр қас қақпай

Шекарада сақшы аға.

Ән

Әсел: Ару қыздар алаулап от кешкендер

Сыздап тұр ау әлі күн оқ тескен жер

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде

Ару қыздар алаулап от кешкендер- Әлия Молдағұлова Казачиха
деревнясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетті.Ол өзінің
жараланғанына қарамастан «Алға» деп ұран тастап жауға қарсы шықты.Әлия осы
ұрыста қаза тапты ол небәрі 19 жаста болатын.

Би « Көк орамал».

Орысша тақпақтар.

Балжан: Бақыт деген келер дәйім күреспен

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен

Бақыт үшін арпалысты әкелер

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен

«Сарбаздар» биі.

Әсел: Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті.Сондықтанда елімізде

Соғыстың өрті жанбасын

Сәбилер жетім қалмасын

Бесігінде сәбидің, Есігінде әр үйдің,

Болмасын соғыс болмасын!

Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген».

Балалар хормен: Олар сонау ерлердің ,Алып берген жеңісі

Біз солардың бөбегі ,Біз солардың жемісі

Балжан-Әсел: Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға

Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән-көрік

Жеңіс келді алақай!

Тойып жейтін нан болып.

Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы,тыныштықты сақтаушы елміз.
Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық болсын.Ата –бабаларымыздың
ерлігін ешкімде ешқашан ұмытпақ емес , бейбіт өмір болсын деген тілекпен
мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды
АЙТУҒА ОҢАЙ ток-шоуыны
Батыр қалалар
Қазақстанның ұлы отан соғысына қатысуы 9 сынып
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым
Батырдың мінезі
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың әдісі
Жетіген ауылы
Ұлы Жеңіс ұмытылмайды
Соғыс зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz