Бақта ма,бақша да ма

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология

Тақырыбы: Бақта ма, бақша да ма?

Мақсаты : Балаларға күз мезгілі, бау - бақша өнімдері туралы білім беру. Жеміс - жидектер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әректі
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері:

Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиешінің іс-әректі:

Шаттық шеңбер

Үлкенге де сіз

Кіші де сіз

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

-Әдептен озбай бүгінгі келген сәлем десіп алайық.

Сәлематсіздер ме? Құрметті ұстаздар, қонақтар. Бүгінгі біздің ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Бақта ма әлде бақшада ма»

Балалардың іс-әрекеті: Балалар бір-бірі ман «сені көргеніме өте қуаныштымын»деген сәлемдесу сөздерін айтады.
Әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс-әректі:

Балалар қазір қай мезгіл?

Көктемде адамдар жер жыртып, егін егеді.

Ал ол көкөністермен жемістер қай мезгілде піседі?

Балалар күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен дұрыс айтасыңдар

Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме?

- Ендеше біз бүгін бау - бақшаға саяхатқа барамыз. Саяхатқа балалар біз поезбен барамыз

Қимылды ойын: «Поезд»

Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу - гу, гу - гу гуілде

Қалып қойма біріңде.

Қане балалар тоқтайық пыш - ш - ш. Балалар біз міне бау - бақшаға да келіп қалдық. Қане поездан түсейік. Ой балалар қараңдаршы бау - бақша қандай әдемі. Жемістер мен көкөністер пісіп жетілгені көрініп тұр.

Сол сәтте алдарынан Бағбан ата кездеседі.

Бағбан ата:

- Сәлеметсіңдер ме балаларым! Ой балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған жемістер мен көкөністер жинауға көмектесесіңдер ме?

Балалар Бағбан атаға жемістер мен көкөністер жинауға көмектеседі.

Бағбан ата: рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер.

Тәрбиеші: қане балалар сендер Бағбан атаға қандай жеміс пен көкөністер жинап бердіңдер?

Балалардан жинаған жемістері мен көкөністерінің аттарын, пішіні мен түсін сұрау.

Балалар жемістер мен көкөністерді жинап шаршадықпа, ендеше бір сергіп қалайық.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз

Бағбан ата: балалар сендердің қандай өнерлерің бар. Қане тақпақ білесіңдер ме?

Мен шаршадым мына жерде сендердің өнерлеріңді тамашалап, тынығайын.

Бағбан ата: ой жарайсыңдар. Неткен дарынды балаларсыңдар. Өркендерің өссін балалар. Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлері үшін және маған көрсеткен көмектерің үшін мынандай сый дайындап қойдым. Оны мына тәрбиешілеріңе берейін. Ол сендерге балабақшаларыңа барған соң тарқатып береді.

Тәрбиеші: ата енді біздің балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Мына берген сыйыңыз үшін үлкен рахмет. Балалар енді бізде балабақшамызға оралу үшін поезд болайық.

Балалар поезд болып, балабақшаларына оралады.

Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?

Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Жемістер мен көкөністерді де жақсы тердіңдер. Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді қорытындылай келе «Бақта ма бақшада ма» ойының ойнайық.

Ойын ұнады ма?

Балалардың іс-әрекеті:

Көктем

Күз

Иә

Жұмазия:

Қуалап допша ойнаса

Қабығы тіпті қатты екен

Қазанға түсіп қайнаса

Тілді үйірген тәтті екен.

Шыңғыс:

Мен моншақты шиемін

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегің

Аружан:

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Иә

Қызыға ойнайды

Иә

Әрекет кезеңдері: Рефлексті - коррекциялаушы
Тәрбиешінің іс-әректі: Жарайсыңдар балалар жемістер мен көкөністерді ажырата алады екенсіңдер. Ендеше бүгінгі біздің ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды келген қонақтарға сау болыңыздар!
Балалардың іс-әрекеті:

Күтілетін нәтеже:

Болу керек :Көкөністер мен жемістерді ажырата білу.

Білу керек: Көкөністер мен жемістерді туралы жалпы ұғым .

Баланыңың қолынан келуі: Сұраққа-жауап, Көкөністер мен жемістерді ажырата білу.


Ұқсас жұмыстар
Келді міне Алтын күз ертеңгілік
"тіл - асыл қазынам" сайысы
Бақшада
Тазша баланың ауылына келіпте жеттік
Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау
"алтын күз" мектепалды даярлық тобына арналған ертеңгілік
Күнбағыстың бастан кешкендері
Алтын күз мерекесінің сценарийі
Наурыз – жыл басы ( Тәрбие сағаты )
Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz