Не қалай дыбыстайды

Білім беру саласы : Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Тіл дамыту
Тақырыбы :Не қалай дыбыстайды?
Мақсаты :. Төрт түлік малдың пайдасын, олардың өзіндік ерекшеліктерін айту.
Дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздік қорын дамытуға көмектесу. әр жануарды қалай шақыру керектігін түсіндіру. Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық шеңбер
- Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрып болсаң шеңберге,
Алақанды соғайық.
Амандасып алайық.
Достарменен бірге біз,
- Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеден қарасақ ең алдымен нені көреміз.
- Күнді, күннің шуағын, нұрын көреміз.
- Олай болса, бүгін бізге келген қонақ апайларға жылы лебізімізді білдірейік.
Саламатсыздар ма!
Балалар бір-бірі мен сәлемдесу сөздерін айтады.
Күнді
Саламатсыздар ма!
Балалар, қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан. Малды мінсең көлік, жесең ет, ішсең сүт, ал терісінен киімдер тігуге болады. Сондықтан қазақ халқы төрт түлік малдың әрқайсысына ерекше қараған, қамқорлық жасап, күтіп-баптаған. Оларға шөп, жем, су беріп таза қорада ұстаған.
Төрт түлікпен таныса отырайық
Мына суреттегі қандай жануар?
-Дұрыс. Оның төлін (баласын) қалай атаймыз?
-Дұрыс балалар . түйенің баласын көс-көс деп шақырады. Түйе бізге шұбат береді. Түйе бірнеше күндік аштық пен шөлге шыдайды.
Ал, балалар, бұл қай жануар? (суретін көрсету)
-Дұрыс, жылқының төлін не деп атаймыз?
-кісінейді
-Дұрыс, ал қалай дауыстап шақырамыз?
-қырау-қырау»-деп шақырамыз
Бие бізге қымыз береді балалар!
Енді кезек мынау қандай жануар?
-Дұрыс, сиырдың төлін қалай атаймыз?
-Дұрыс, сиырды қалай шақырамыз, ол бізге не береді?
-«Аухау-аухау»-деп шақырамыз. Сиыр бізге сүт береді
-Дұрыс айтасыңдар, сүттен неше түрлі тағамдар әзірлеуге болады, балалар.
Ал, балалар, мына суретте не бейнеленген?
-Дұрыс, ол қалай дыбыстайды, төлін қалай атаймыз ?
-«мә-мә-мә» деп дыбыстайды. Төлін қозы деп атаймыз
-ал қалай шақырамыз ?
-«Пұшайт-пұшайт» деп шақырамыз
-Дұрыс, балалар
-Ал, балалар енді бізде қандай жануар айтылмай қалды, кім табар екен?
-Дұрыс, ешкінің төлі қалай аталады?
-Дұрыс, қалай шақырамыз?
-«Шөре-шөре» деп шақырамыз.
-Ал балалар мына суретте қандай жануарлар тұр.
-Өте жақсы ит пен мысық екен.
Балалар кім төрт түлікке тақпақ біледі.
Міне біз төрт түлікпен мысық пен итпен таныстық. Олардың әрқайсысының өз атауы бар екен. Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі барлығы төрт түлікке жатады.
Балалар шаршадықпа орнымыздан тұрып қане бір сергіп қалайық.
Сергіту сәті
Орнымызды табайық.
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз бір дем алайық
Түйе - шөлге шыдамды. Екі өркеші бар. Жантақ жейді. Жүк тасиды. Керуен көш бастайды. Шұбат береді.
Жылқы - жүйрік. Көкпар ойнайды. Бәйгеге шабады. Жал құйрығын тараймыз. Арбаға жегеді. Қымыз береді.
Қой - момақан жуас. Жүнінен киіз, байпақ жасайды. Тон тігеді.
Сиыр - екі мүйізі бар. Айран, құрт жасайды т. Б жасайды екен.
Бақташы ата келеді. Балалар, сендер бәрің де үлкен еңбек еттіңдер. Төрт түлік мал еңбек еткен адамның ғана қарнын тойғызады, азығын сыйлайды. Мен сендерге ризамын, сендер төрт түлік малдар туралы көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге «Не қалай дыбыстайды»- деген ойын ала келдім.
-Түйе
-Бота
-жылқы
-құлын
-Сиыр
-Бұзау
-қой
ешкі
-Лақ
Ит пен мысық
Ит: аф - аф - аф
Мысық Мияу-мияу
1. Атқа жақсы қараймын,
Жал құйрығын тараймын.
Мініп алып сол атқа,
Барып жүрмін қонаққа.
2. Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың.
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.
3. Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
Қорытынды
Есте сақтау үшін «Не қалай дыбыстайды?» ойынын ойнату. Онда төлдердің қалай шақыру керектігін қайталап аяқтайды.
Қорытындылайды, мақтап-мадақтайды
Күтілетін нәтеже:
Болу керек : Төрт түлік малды ажырата білу.
Білу керек: Төрт түлік туралы жалпы ұғым .
Баланыңың қолынан келуі: Сұраққа-жауап, ойынды қызыға ойнау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz