Тіл дамыту: Ұшады және ұшпайды - үй құстарын тану мен классификациялау

Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ұшады - ұшпайды
Мақсаты: заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету. Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекіліктер : үй құстарының суреттері, дорбаға салынған ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: қаз, үйрек.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әректі
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері:

Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиешінің іс-әректі: Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз,
Жоғары-төмен қараймыз,
Топылдатып басамыз- дей отырып, қимыл-қозғалыстар жасату.
Балалардың іс-әрекеті: Балалар айтады
Әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс-әректі:

Үй құстарының суретін көрсетіп, олардың аттарын айтады, қайталатқызады.
-Бұлар- үй құстары. Себебі оларды адамдар күтеді, бағады. Олардың жұмыртқасы, еті- тағам, жүнін жастыққа салады.
-Әтеш қандай?


-Тауықтың түсі қандай?


-Қаздың түсі қандай?


Қаз туралы өлең оқиды.

-Қазым, қазым қаңқылда,
Суда жүзіп салқында!
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
-Жоқ, жоқ!
Кәмпит тәтті болмайды, ас
Арпа менен бидай шаш!
«Ұшады- ұшпайды» дидактикалық ойыны :
Шарты: педагог дорбаға салынған ойыншықтарды үстел үстіне шашып қояды. Ішінен біреуін алып:
-Ұшады- ұшпайды?- дейді.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды жаямыз.
Құстарға ұқсап,
Ұшып-ұшып аламыз.
Қаз, үйрек сөздерін айтқыздырып, үйретеді.
1. «Топтастыр» дидактикалық ойыны.
2. «Не ұшпайды?» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын, ұшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу. -Қуыршақ ұшпайды, - деп қолдарын көтермейді.
- Торғай ұшады, деп қолдарын көтереді.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ойыншықтарды бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады.
-Үй ұшпайды.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар суретке қызыға қарап, тәрбиешіні тыңдап, қайталайды.

Балалар сұрақтарға жарыса жауап береді.

Балалар қызығып тыңдайды.

Балалар қызығып ойнайды.

Әрекет кезеңдері: Рефлексті - коррекциялаушы
Тәрбиешінің іс-әректі:

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білмдерін бекітеді.
Мадақтау

-Жарайсындар менім балаларым, өте жақсы тілалғыш бала болып өсіп келе жатыр.

Балаларға жұлдызша тарату.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын;
Игереді: ұшатын, ұшпайтын заттарды топтастыруды;
Меңгереді: үй құстарының аттарын.


Ұқсас жұмыстар
Бала бақша тобының тіл дамыту сабағы: Үй құстары
Тіл дамыту сабағы: үй жануарлары, төлдері және күтімі
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (тіл дамыту): Үй құстары
Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары мен үй құстары
0 «А» сыныпқа арналған тіл дамыту сабағы: Үй жануарлары - оқу-әдістемелік жоспары
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары (Балапан тобы, ІІ сәбилер)
Технологиялық карта: тіл дамыту сабағы Ойнайық та ойлайық - жабайы және үй жануарлары, құстар арқылы сөздік пен фонетикалық дағдыларды дамыту
Оригами өнері: қағаздан аққу мен үкі құстарын жасау технологиясы
Үй жануарлары мен үй құстары: төлдері, адамға пайдасы және күтімі
Үй жануарлары мен үй құстары: экология пәні бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz