Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Кел, Жаңа жыл ортаға
«Кел, Жаңа жыл ортаға!»
Мақсаты: Балалардың Жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту. Жасыл шыршаға,
Аяз ата мен Ақшақарға деген құрметке тәрбиелеу. Мереке кейіпкерлерінің
мінез-құлықтарын байқауға үйрету. Өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін
арттыру мақсатында мерекелік көңіл-күй сыйлау.
1-ші жүргізуші: Сәлем, бар адамдарға,
Аяулы аналарға,
Ардақты ұл-қыздарға,
Бүлдіршін балаларға
Жаңа жылға арналған
Болсын шырша мерекесі.
2-ші жүргізуші: Қош келдіңіздер ата-аналар,балалар!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Қанаттанып кең алқапқа тарайды,-деп
Ертеңгілігімізді бастау үшін балабақша меңгерушісі:
Құрманғалиева Гүлжан Рысқалиқызына сөз және Мектеп
директоры:Е.М.Айшуаковқа беріледі.
1.Жүргізуші: Армысыңдар,халайық,
Бармысыңдар, халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық! Ән «Жаңа жыл»
2.Жүргізуші: Балалар ертегі әлеміне саяхатқа барасыңдар ма?
Балалар: барамыз.
1.Жүргізуші: Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.
(залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7лақ пен ешкі)
1 лақ: Апатай-ау, апатай,
Таяп қалды жаңа-жыл
Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә!
2 лақ: Сен орманға барсаңшы,
Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!
3 лақ: Біз баламыз әркез сақ,
Әкел бізге көп моншақ, мә-мә!
4 лақ: Ақ моншақты тағайын,
Сауық сайран салайын, мә-мә!
5 лақ: Апатай-ау, апатай,
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз, мә-мә!
6 лақ: Келіп қалды Аяз ата,
Би билеп,ән салайық, мә-мә!
7 лақ: Жаңа жылға қатысып,
Сыйлық алғым келеді.
Орманға тез барсаңшы,
Аяз ата алып келсеңші!
Ешкі:
Лақтарым, шырақтарым,
Орманға мен барайын,
Сыйлық таңдап алайын,
Сақ болыңдар әркез тек,
Қасқыр келіп қалмасын,
Тойдың шырқын алмасын.
Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.
2. Жүргізуші: Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты.
Сол кезде Ақшақарды кездестірді.
Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?
Ешкі:Сәлеметсіз бе, Ақшақар!
Ақшақар:
Жасыл шырша орманда,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншықты балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Ешкі:
Тектен-текке тұрмайын,
Жаңа жылға біз дайын.
Лақтарыммен бірге,
Шырша әнін жырлайын.
1. Жүргізуші: Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шыршаға шақыруға бет
алды.
Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,
Есік аш қарақтарым.
Мамаң келді орманнан,
Сендерге сыйлық әкелді.
Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!
Ақшақар: Онанда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.
2.Жүргізуші: Шырша айналып әндетіп
Би билейік сәндетіп
Қандай жақсы жаңа жыл
Өткізейік мәнді етіп.
Би «Буги-буги»
(Биден кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).
Бауырсақ:
Тимеші маған,
Жемеші мені,
Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.
Асыр салып, би билеп,
Қошеметке қаламын.
Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.
Ақшақар: Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы,
мұнда аңдар,балалар жиналған, кел бірге тойлайық.
Түлкі: Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.
3. Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?»
Ақшақар: Аңдар болса жиналды, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ.
Жүргізуші: Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны
шақырайық.
1,2,3 Аяз ата!!! (3 рет).
Аяз ата:
Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін,
менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.
Ақшақар: Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші
шыршамызды жағып алайық, қанекей бірге…
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»
5. Ән хороводы: «Аппақ,аппақ ,жапалақтап».
Жүргізуші: Ал, келіңдер,келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
С.Нәзік.Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
А.Аяжан.Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
С.Мақсат.Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Б.Аңсар.Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың
С.Сезім.Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Х.Айару.Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Б.Зухра. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Ә.Жансая.Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Қ.Нұрислам.Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
НазымАяз ата келді,
Маған кәмпит берді.
Мен кәмпитті жеймін,
«Рахмет» ата деймін.
Ақерке Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Аман. Жаңа жыл келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Аяз ата шаттанып,
Бізге сыйлық беріп тұр.
Бекежан Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам он болсын.
Төрлет жаңа жылым,
Бізге құтты жыл болсын.
Нәби Жасыл желең жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп сағынған.
Т. Мансур Әдеміліп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.
А.Мансур Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады.
Жып-жылтыр боп жатады.
Ерсұлтан.Аяз ата келді,
Мерекені көрді.
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.
Жүргізуші: Аяз ата біздің қыздарымызда өнерлі,
өнерін тамашалаңыз.Би: «Шығыс »
Жүргізуші: Жасыл шырша ортада ,
Ән саламыз, ойнаймыз.
Қаһарлы аяз болса да,
Жаңа жылды тойлаймыз.
«В лесу родилась елочка» әнін орындайды.
Аққоян: Сәлеметсіз бе, бауырларым!
Бәрің маған қараңдар!
Қой деген жаңа жыл
Келе жатыр алыстан.
Алдымен мені жіберді.
Хабар бер деп сіздерге!
1-жүргізуші: Ой, рахмет, қуанышты хабар екен. Қане Жаңа жылды
қарсы алайық.
Қой
Жаңа жыл келді.
Қой: Сәлеметсіздер ме, балалар, Аяз ата, Ақшақар, ата-аналар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге тек
бақыт әкеле берсін!
Аяз ата: Ал, қой, биыл сенің жылың. Сені құттықтаймыз!
Жаңа жылың өте тамаша жыл болсын!
1-жүргізуші: Ал, балалар, Жаңа келген жылға ән шырқайық.
Ән: «Аяз ата»
9.Аяз ата:Ал,қызым біз енді жүрейік,біздің әлі баратын талай жеріміз
бар.Қанша бала бізді әлі күтіп отыр.Келесі жылға дейін сау болыңдар.
Ақшақар:
Бар баланың бойы өссін,
Бойыменен ойы өссін.
Мамаларын тыңдасын,
Ағаларын сыйласын.
Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлық тапсырылады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, балабақша
ұжымы І кішілер мен II- кішілер тобының «Кел,Жаңа жыл ортаға!»
ертеңгілігі аяқталды. Сіздерді тағы да Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз.
Ата-аналар балаларыңызға жаңа жылдық әдемі киімдер дайындағандарыңыз үшін
«рахмет»айтамыз. Келесі кездескенші сау саламатта болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz