Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Менің Қазақстаным сценарий
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін
кеңейту. Егеменді еліміздің туын жоғары ұстайтын болашақ азаматтарды
тәрбиелеу. Отанын, туған жерін құрметтеуге деген сезімге баулу.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, балабақша ұжымы Сіздерді
Республика- мыздың өркениетті ел ретінде басқа мемлекеттермен терезесі тең
егемен ел болған күнімен құттықтаймыз. Әрқашан еліміз тыныш, аспанымыз ашық
болсын деп II-ші сәбилер тобының Астана күніне арналған «Менің
Қазақстаным» ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Назерке: Республика күні деп
Шаттанамыз біз бүгін
Құтты болсын мерекең
Болсын менің бұл сыйым.
Аяжан: Тауды көрсең күн көзімен таласқан
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан
Менің байтақ Республикам таулары
Менің көгім теңізбен қол ұстасқан.
Аружан:Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлы байтақ Республикам бұл менің.
Айана: Дала көрсең көк жиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан
Менің байтақ Республикам даласы
Менің көгім мөлдіреген көк аспан.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жүргізуші: Балалар үлкен мерекелерде, салтанатты жиындарда туымыз
көтеріліп, Әнұранымыз орындалады. Осы еліміздің рәміздерін үлкен де, кіші
де құрметтеп жоғары ұстайды. Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздері
туралы кім тақпақ айтады.
Аяжан: Көк жалауың көгіңде,
Ел таңбаң тұр төріңде,
Әнұраның шалықтап,
Нұр құясың көңілге.
Қайсар: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз
Қазақстан. Халқымызда «Отан-отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер
Отанымыз жайында қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1. Отан-оттан да ыстық.
2. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
3. Ердің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Аңсар: Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері бағымыз.
Қойнауынан мөп-мөлдір
Сусындайды жанымыз.
Абылай: Тәуелсіз елім Отаным
Сен мен үшін қымбатсың
Күн нұрындай төгілген
Жанға жайлы шуақсың.
Алтынбек: Туған жерім арайлым,
Көзім тоймай қараймын.
Ешбір мекен тең келмес,
Киеліге балаймын.
Айару: Отан деген Атамекен,
Атамекен туған ел
Отан-ана, Отан-үлкен
Қазақстан –туған жер.
Жеке ән: «Кеш, жарық»
Жүргізуші: Балалар, Отанымыздың бас қаласы, елордамыз қалай аталады?
Аружан: Гүл жайнаған Астана,
Қазақстан Отаным.
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар отаны.
Абылай: Жаса, жаса, Астана,
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
Аяжан: Ел жүрегі Астана,
Жаңа қала, жас қала
Зәулім сәнді үйлері
Үлгі болған басқаға.
Би: «Астана»
Айана: Туған жер алтын бесігім,
Тербеттің мені төсімде
Киелі сенің есімің,
Тұрады мәңгі есімде.
Ергентай: Бабаларша толғанып,
Домбырасын қолға алып,
Ән мен күйді төгетін
Мен қазақтың баласы.
Жүргізуші: Балғын дауыс шарықтаған, шалқыған.
Белгісіндей арайланып атқан таң,
«Айдана» деп шаттандыра ән салған
Дауыстарын естіген жан тамсанған.
Жеке ән: «Айдана»
Нәби: Бірлігі мен ынтымағы халықтың
Көңлімде жарқырайды жарық күн
Ырыс-дәулет бақыты үшін халықтың
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн.
Нұрислам: Қазақстан байтақ ордам, қорғаным,
Биік болсын аспан, жерің ,орманың.
Мен тілеймін тәңірімнен жалына
Бірлігі мен берекесін ордамның.
Ән: «Менің Қазақстаным»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар сіздерді мерекелеріңізбен тағы да
құттықтаймыз, өздеріңізге арналған мерекелік ертеңгілігіміз осымен
аяқталды.
Тәуелсіздік
Тақырыбы «Тәуелсіздік - ел тірегі »
Мақсаты: Балаларға еліміздің тарихи туралы түсінік беру, өз Отанын, елін
сүюге тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайтып,
тілдерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, қымбатты балалар!
Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 20 –жыл толуымен құттықтаймыз.
Тәуелсіз еліміз бол1ашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдердің қатарына
жетуіне аяқ басты. Сол болашақтың тірегі
мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер.
Туған жерге нұр шашып жарық бер,
Қуаныш пен мол бақыт алып кел.
16 – желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аяулы балалар, сабағымызды еліміздің
әнұранымен бастайық!
Ән: «Әнұран»
Тәрбиеші: Тіуелсіздік күніне арналған балалардың жылы тілектерін тыңдайық.
Назерке: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Аңсар: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Дана: Он алтыншы желтоқсан,
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары.
Тәрбиеші: Біздің ата – бабаларымыздің жүріп өткен жолы, тағдыры ауыр
болған. Талай зорлық, зобалаңды, қырғынды бастан кешірді. Олардың «Азаттық
таңы атып, Тәуелсіздік келсе екен» жалғыз арманы болды.
Тәуелсіз Қазақстан мәмлекеттік рәміздері :
Ту, Елтаңба, Әнұраны.
Олай болса балалар, еліміздің мәмлекеттік рәміздеріне арналған жылы
тілектерімізді айтайықшы.
Дарина: Көк байрағы - бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі - әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Алнияз: Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Алихан: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Қосшыбек: Бақыт бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік оңайшылықпен келмегенін білеміз. Алматы қаласында
1986 – жылы өткен желтоқсан көтерісінде өрімдей жастар, Қайрат Рысқұлбеков,
Ләззат Асанова сияқты ағаларың мен апаларың елі, жері үшін құрбан болған.
Біз оларды ұмытпауымыз керек.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз» хормен.
Тәрбиеші: Көркейген, гүлденген туған ел,
Тәуелсіздік күнің келеді, келе бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырлар тойы болшы келе бер!
Мерекелі сабағымызды осы менен қорытындылаймыз.
Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, еліміз тыныш болсын деп
тілейміз.Сау болыңыздар!.
Жаса Қазақстан
1 Тақырыбы: «Жаса, Қазақстан!»
Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақтар. Осы болашағымызды
жалғастырушы ұрпақтың бойына, отанға деген сүйіспеншіліктерін, туған
жерімен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Сіздерді салтанатты мереке
16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміздің
20 жылына орай өткізетін «Жаса,Қазақстан!» атты сабағымызды бастаймыз.
Балалар, қазір барлығымыз бірге халқымызды елдікке, тірлікке, бірлікке
шақыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайық.
1.Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген.
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін,елім,
Туған жерім менің- Қазақстаным.
2.Ұрпаққа жол ашқан.
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан.
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Тәрбиеші: - Еліміздің тұңғыш призденті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран.
Тәрбиеші: Өте тамаша олай болса туымызға назар аударайық, туымызда не
бейнеленген.
Артур: Туымыздың түсі көгілдір, ортасында күн бейнеленген, астында ұшып
келе жатқан қыран бүркіт, шетінде ою-өрнек бейнеленген.
Тәрбиеші: Өте жақсы,жарайсың!Аспанның түсіне ұқсас, ортасында күн шығады,
астында қыран бүркіт ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық
халықтардың өмірі күндегі жарқырап, қыран бүркіттей самғай берсін дегенді
білдіреді.
-Келесі, елтаңбамызға тоқталайық.
Амина: Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, ал төмен жағында
«Қазақстан» деген жазу бар, екі жағында қанатты тұлпар.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, шаңырақ бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз
өмірдің нышаны. Қанатты тұлпар –мәңгіліктің бейнесі, ал бес жұлдыз –
мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болсын деген мағынада екен.
-Өте жақсы, енді осы ту, елтаңбамыз туралы тақпақтар айтайықшы.
Гүлбақыт: Тәуелсіздік жолында.
Талай-талай тер тамған.
Билігіміз қолында.
Еркіндігім-Елтаңбам.
Жангир: Құт-береке шаңырақ.
Орын алған ол төрінде.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақты көмкерген.
А. Амина: Айнымайды аспаным.
Біздің тудың болуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп кояды.
Кәусар: Көк байрақтың бетіне.
Қыран бүркіт қанаты.
Сол қырандай еркін деп,
Бала өсер талапты.
Тәрбиеші: Тамаша, біз Қазақстан Республикасының рәміздері туралы өте жақсы
біледі екенбіз.
-Біздің ел орда қандай қала.
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Иә, Астана өте әдемі жас қала, біздің отанымыз-Қазақстан
Республикасы осы отан туралы тақпақтар айтайық.
Әділет: Туған елім –Қазақстан,
Туған жер- Қазақстан,
Сенен көрем әлемнің
Әсем көгін жарасқан.
Ақбөбек: Отаным менің Қазақстан.
Туың тұрғой жарасқан
Жарқырап тұр күніңде.
Қыраның тұр көгінде.
Тәрбиеші: Өте жақсы ақылды, балалар екенсіңдер. Сәл тынығып сергіту сәтін
жасайық. Азаттық, теңдік, тәуелсіздік осы үш ұғымның салтанат құру жасында
қаншама қиындықтар бастан кештік. Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз
жүгіріп көрейікші. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін
қаншама адам тер төкті, 1986 жылы Алматы қаласында өткен желтоқсан
көтерілісінде жастар азаттық үшін өмірлерін құрбан етті. Балалар біз осы
жастар құрбандарынан кімдерді білеміз?
Балалар: Ербол, Қайрат, Ләззат.
Тәрбиеші: Иә, осы апаларымыз бен ағаларымыздың есімдерін мәңгілік ешқашанда
ұмытылмайды. 1986 жылдың желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, бір минут
үнсіздікпен еске алайық.
-Міне, балалар біздің «Мен Қазақпын» деп еркін айтуға қол жеткізген,
тәуелсіздігімізге жиырма жыл толды.
-Балалар сендер Тәуелсіздік алдық дегенге қалай түсінесіңдер.
-Балалар өзіміздің жеріміз, еліміз, туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз,
теңгеміз бар.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіндегі
қуанышымызды білдіретін қандай тақпақтар білесіңдер.
Артур: Мереке бүгін ұлы күн.
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен
Мереке бүгін бақ күні.
Егеменді елімнің,
Желбірейді көк туы,
Түсімдей боп көгімнің.
Ақбаян: Сарқылмайтын қуатым.
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан.
Исмайл:Шаттық нұры шашылып зеңбіректен.
Шуағын күн төгеді енді көктем.
Шылбыр үзді даланың арғымағын,
Тәуелсіздік жалауын желбір еткен.
Ақбөбек: Бабамныңда арманы.
Осы еді ғой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары.
Бақ береді баршаға.
Көк туымды қолыма.
Бүгін берік Ұстадым.
Түсті бақыт жолыма.
Менің Қазақстаным.
Адайбек: Егеменді ел болдық
Ұлттық намыс оянып,
Гулденсін мәңгі жайқалып,
Тәуелсіз қазақ еліміз.
Тәрбиеші: Өте тамаша, осы бейбітшілікті білдіретін, бәріміз бірге «Ақ
көгершін» әнін айтамыз.
1.Ақ көгершін, көгершін.
Қолғанат құс сен едің
Бар кезіп қайт ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әдлеттің құсы деп.
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп.
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш.
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш.
Мұхиттың арғы жағына.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын.
Алдымыздан барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда.
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын,- деп біз осымен бүгінгі сабағымызды
аяқтаймыз.
Балалар: Сау болыңыздар,қонақтар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz