Ақылды тақия сайыс сабағы: математикалық білім, логикалық ойлау және ұлттық бас киім мәдениеті

Алматы облысы

Қапшағай қаласы

Кербұлақ ауылы

№7 орта мектебі

Математика пәнінің мұғалімі

Ақылаева Бақыткүл Шапаевна

Сайыс сабақ

Сабақ тақырыбы : «Ақылды тақия»

Мақсаты: 1) Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық

білімін кеңейту; оны ұштау.

2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа,

жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі

тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.

3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын,

өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып,

түсіндіре дамыту.

Сабақтың барысы :

Жүргізуші : Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! Баршаңызды да «Ақылды тақия» сайысына қош келдіңіздер дегім келеді.

Өзінің аты айтып тұрғандай бүгінгі сайыс - қорытындысы ақылды, білімпаз оқушының қанжығасына байланбақшы. Сондықтан біз бүгін жайына көп тоқталмақшымыз.

Көрініс :

«Аталар сөзі - ақылдың көзі»

Қария : - Балам, осы адамға ақыл беретін кімдер деп ойлайсың?

Бала : - Ой, ата, ол деген ана тілі ғой адамға ақыл беретін.

Қария: - Жоқ, балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға аыл беретін ата-ана,

ұстаз, оның досы.

Ата - ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне

айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді, балам.

Қария : - Балам, сен ендеше мынаны акйтшы? Адамның ақылы қайда?

Бала : - Ой, ата адамның ақылы тілінде емес пе?

Қария :- Жо-жоқ, балам, тыңдап ал, есіңде болсын: Ханның ақылы -тағында

Ананың ақылы- жасында

Жігіттің ақылы-жақсылығында

Ал, Ғалымның ақылы- басында

балам, Иә балам ғалымның ақылы басында . . .

Жүргізуші : Ғалым- ол өте білімді тұлға олай болса, қариялардың дана

сөздерін ағы бір қайталап өтсек; Ғалымның ақылы басында

дейді.

Ендеше, бүгінгі өткізейін деп отырған сайысымызды «Ақылды

тақия» аталуының ерекшелігі, өзіндей орны бар демекпін.

Алдымыздағы білімпаз оқушылардан ұлы ұстаздар, ұлы -

ғалымдар шықпасына кімнің таласы бар. Олай болса, ортаға 7а және 7б сыныбынан озық ойлы оқушыларымызды ортаға шақырайық.

Жүргізуші : Таныстырады.

Жүргізуші: Алдыңызда 1-4 дейінгі нөмір белгіленген. Өзіне тиісті нөмірді алуға шақырып, орынарына отырғызуын сұрайды. Және қорытындысын шығаратын әділ қазылар алқасын сайлайды. Есептеу комиссиясын сайлайды.

Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын алдымда тұрған тақия туралы айтып өтсем. Бұл тақия - «ақылды тақия» деп аталады. Барлық турдан жоғары балл (ұпай) жиған оқушы осы «Ақылды тақияның» иегері болады Сонымен қатар, бүгінгі сайыстың өзі басқа киетін бас киімдер мен олардыңтүрлері қадір - қасиеті туралы болмақшы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақта «Басыңды сыйла, басыңнан кейін бас киіміңді сыйла» демекші, бағдарламамен таныстырамыз:

«Ақылды тақия» сайысының

Бағдарламасы:

І. тур. 1) Бәйге

2) Орамал тастамақ

3) Құнды сәукеле

ІІ тур. 1) Құпиялы бөріктер

2) Жұмбақтар әлемі

3) Математикалық мақал-мәтелдер

ІІІ тур. 1) Ақынжанды болу үшін

Математик болу керек

2) Егер де . . .

І Тур.

І Бәйге.

Бәйге сұрақтары оқылады.

  1. Ұшбұрұштардың түрлерін ата.
  2. Тік бұрыш деген не?
  3. 105=?
  4. Шеңбер деген не?
  5. Гипотенуза деген не?

Тағыда басқа сұрақтар қойылады.

ІІ. «Орамал тастамақ» ойыны.

Ойын шаршы: Орамалдың өзі қандай фигураға тәріздес? (Шаршы)

Олай болса, 4 ұшына 4 түрлі кәмпит байланған және әр кәмпитте нөмірлер белгіленген. Әр топ өз кәмпитін, өз нөмірін алып ішіндегі тапсырмаға жауап береді.

Мысалы: Арифметикалық амалдарды қолдана отырып, жұлдызшаның орнына қойып теңдікті орында

2*2*2*2*2=6

2*2*2*2*2=7

Тақтаға орындап көрсет.

ІІІ. Құнды сәукеле сайысы.

Сәукеле бас киімдер ішінде-өте құнды бас киім болып саналады және оның құны бұрын 100 жылқыға бағаланған екен. Ендеше келесі бөліміміздегі тапсырмалар құнды деп ойлаңыздар.

Сәукелені әшекйлеген.

І төмендегі бөлігі - күміспен көмкерілген ұпайы - 10

ІІ ортанғы бөлігі - алтынмен апталған ұпайы - 20

ІІІ жоғары бөлігі - жақұтпен жарқыраған ұпайы - 30

Күміс бөлігінде - 3 сұрақ

Алтын бөлігінде - 3 сұрақ

Жақұт бөлігінде - 2 сұрақ

Бұл сайыстың шарты ретсіз сөйлемді ретке келтіру

Мысалы: ішкен - жегенін, айтады, Ақымақ

көрген - білгенін, айтады, Ақылды. т. с. с.

ІІ. Тур.

І. Құпиялы бөріктер

(Тақтада плакатта бас киімніңсуреттері салынған. Тымақ, бөрік, тақия, сәукеле, қалпақ) .

Бас киімдердің астында тапсырмалар жасырылынған.

ІІ. Жұмбақтар әлемі .

  1. Темір тілді, сыңғыр үнді
  2. Көкте туып, жерде өледі
  3. Тек тебіне бермесең

Топжылмайтын шабақ ат. т. с. с

ІІІ. Мақал - мәтелдер сайысы

Барлығы қатысады. 1, 2, 3, 7, 8, 9, 25, 40, 30, 100, 1000 т. с.

Цифрларына мақал - мәтелдер айтып жарысады.

ІІІ. Тур

«Ақын жанды болу үшін,

Математик болу керек. »

Тапсырманың шарты бірінші жол айтылып, ұйқасы мен мағынасын өзі тауып аяқтайды.

Мысалы: Мен ақынмы, ақынмын . . .

немесе

Қарсыласым қалыспа . . .

Сайыс қорытындысы шыққанша, көрермендер ойыны ойналады және

концертік бағдарлама қойылады.

Сайыста жеңген топтар шақырылып, даярланған «Ақылды тақия» бас киімі кигізіліп марапаттау рәсімі жүргізіледі.


Ұқсас жұмыстар
Сәукеле тігу технологиясы: ұлттық киім мәдениеті бойынша сабақ жоспары
Бас киім түрлері мен қазақ ою-өрнектерінің жалпы түсінігі
Көңілді тапқырлар сайыс-сабағы: 1-сынып оқушыларының білімін бағалау және логикалық ойлау қабілетін дамыту
Технология пәні (7а сынып) ашық сабағы: Қазақ халқының ұлттық киім түрлері
Математикалық үйірме арқылы оқушылардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту: 7-сыныпқа арналған бағдарлама
Білім мен парасат сайыс сабағы: ұлттық тәрбие, білім және шығармашылыққа бағытталған сабақ жоспары
Математикалық логика негізіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістері және электрондық оқулық әзірлеу тәжірибесі
Информатика пәнінен сайыс сабақ: логикалық ойлау және компьютерлік сауаттылықты дамыту
Ақылды қыз білімге жүгірер: тәрбие, эстетика және ұлттық дәстүрлер
Бастауыш сыныпта логикалық есептерді құрастыру және шешу әдіс-тәсілдері: ұлттық ойындар мен математикалық ойындарды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz