Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Сүйемін, өскен Отаным Мұқағали Мақатаев

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш
сынып мұғалімі Бектасова Гүлжан Казыханқызы
Сабақтың тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным! Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: Оқушыларды қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын
Мұқағали Мақатаев шығармаларымен таныстыру.
2) дамытушылық: Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту
3) тәрбиелік: Өз елін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, кеспе сөздер, кесте
Түрі: Аралас сабақ
Әдістері: Түсіндіру, оқыту, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері
Жаңа технология : Сатылай кешенді талдау, жалпы оқыту дағдыларын дамыту
Сабақтың барысы :
I.Ұйымдастыру бөлімі
1. Сабаққа көтеріңкі көңіл күймен қатысайық
Бір-бірімізге сәттілік тілейміз !
І. Үй тапсырмасын сұрау
Қасым Аманжолов «Туған жер» мәнерлеп оқу. Лирика дегеніміз не?
ІІ. Сергіту сәті «Туған жер» өлеңін тыңдау
III. Жаңа сабақ
Мына өлеңдерді еске түсірейік. Осы өлеңдердің авторын атаңдар
Мұқалағали атамыздың елін, тілін, халқын сүйген азамат ретінде барлық қазақ
еліне мәлім.
Үш бақытым!
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Кім мықты? - десе біреу, - Отан дер ем,
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.

Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның касиетті тілін сүйем,
Мен оның кұдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан»деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: Бұл өлеңдердің авторы –қазақ поэзиясында
шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаев. Оның өлеңдерінде сөздің
сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдерінің
бірі –Сүйемін, өскен Отаным!
Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін мен жерімнің
Топырағын, тасын да
Сүйемін думанды елімнің,
Кәрісін және жасын да.
Бұлтсыз ,айсыз,жылы деп,
Сүйемін салқын кештерін.
Бетті аймалап уілдеп,
Толассыз соққан ескегін.
Шаңдатып жота, қырларын
Жылқы ойнаса біріндеп.
Мен сүйемін тұрғанын
Жылқышының күлімдеп.
Сүйемін гүлге нәр берген
Нөсерді жауған сіркіреп.
Жарқ –жұрқ етіп әр жерден
Сілкінсе аспан күркіреп
Бұлт ойнаған бетінде
Сүйемін көкшіл аспанын
Ауылдың оқшау шетінде
Асыр салған жастарын.
Байқасам кейде тұра қап,
Тәтті бір сырды сеземін.
Сүйемін суды қуалап
Сырқырап жатқан өзенін.
Сан алуан гүл өскен
Далаңды сүйем сұлаған.
Төбелестен ,күрестен,
Балаңды сүйем жылаған.
Сүйемін, өскен Отаным,
Жылысып өткен жылыңды.
Қарыздармын сондықтан,
Беремін талай жырымды.
ІV. Сатылай кешенді талдау (мұғалімнің түсіндіруі)
1. Тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным
2. Авторы: Мұқағали Мақатаев
3. Бұл-әдеби шығарма. Әдеби шығарма –дегеніміз белгілі бір дәуірдегі
қоғамдық шындықтың сәулесі
4. Жанр түрі: өлең (поэзия). Себебі, белгілі бір өлшеммен алынған
қиыстырылып үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
5. Идеясы: туған Отанды, оның сұлу табиғатын жырлау
6. 16 шумақтан тұрады. Шумақ дегеніміз аяқталған біртұтас ойды білдіреді.
7. 12 тармақтан тұрады. Тармақ бұл өлеңнің әрбір жолы.
8. Қара өлең ұйқасы (АБАБ)
Ұйқас-бұл соңғы сөздері бір-бірімен үндес, дыбыстары да бірегей жақын ,ол
өлеңнің бүкіл бітімімен, мазмұнымен тамырлас.
9. Әдеби теориялық ұғымдар:
А. Кейіптеу –табиғат құбылысын жандандырып ,адам сияқты күлдіріп,қуантып,
т.б кейіпте суреттеуді айтады (бетті аймалап уілдеп…)
10. Түсіндірме сөздік:
Ескегін - бұл жерде желін,самалын
Сұлаған - созылып жатқан
Сұлаған - созылып жатқан
11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Отансүйгіштікке тәрбиелеу
V. Топпен жұмыс
1-топ. «М. Мақатаев-ақын». Бұл топтағы оқушылар М. Мақатаевтың өмірі мен
шығармаларын айтып өтеді.
[pic]
2-топ. «Топтастыру». Өлеңдердің ішінен туған жер, Отан туралы өлеңдерден
текшеге құрастырады.
[pic]
3-топ. «Іздену, ойлану». Үлгілі ағашқа «Сүйемін» тақырыбында құрастырады
және екі өлеңді салыстырады.
|Қ. Аманжолов. |М. Мақатаев. |
|«Туған жер» |«Сүйемін, өскен Отаным» |
| | |
| | |

4-топ. «Бейнелеу». Оқушылар туған жері, ауылының бейнесін салады.
[pic]

5-топ. «Поэма, проза». Өздері өлеңдер шығарып, әңгімелер жазады.
[pic]
V. Жаңа сабақты бекіту
Мәтінмен танысу (мәнерлеп оқу)
Мәтінмен жұмыс
Оқыту түрлері Тізбектеп оқу
Ақынның нені сүйетінін үлгілік ағашқа қарап жазып шық
Сүйемін
топырағын тасын
кәрісін жасын
ескегін кештерін
нөсерді аспанын
жылыңды жастарын
өзенін даланы
Дәптермен жұмыс.
Туған жер туралы шағын әңгіме жазу
Дидактикалық ойын «Жалғастыр»
Өз елің….
Отан оттан да …
Қорытынды
1. Бүгін сабақта қандай мәтінмен таныстық?
2.Мұқағали кім?
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Туған ел тақырыбына шығарма жазу

Ұқсас жұмыстар
Сүйемін, өскен Отаным
Менің Отаным - Қазақстан атты шығармашылық байқауға қош келдіңіздер
<<М.Мақатаев. Сүйемін, өскен Отаным>>
Таудағы көктем өлеңін жаттау
Мұғалім түсіндірмесі - Мұғалімнің кіріспе сөзі
"Сүйемін туған елімді дархан"
Менің Отаным - Қазақстан Кеңсің дала
Мұқағали ақын
Мұқағалидың балаларының есімі
Туған жылың
Пәндер