Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шығыс Қазақстан күйлерінің мектебі

Зайсан аудандық балалар музыка мектебі

А Ш Ы Қ С А Б А Қ

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан күйлерінің мектебі

Оқушылар: Оралбекова Саяжан 4 сынып
Оралбеков Нұртілеу 3 сынып
Елжанова Айғаным 2 сынып

Мұғалім: Қабиолданова Айтолқын Айтқазықызы

Зайсан қаласы
2015 жыл

Сабақтың мақсаты:

1. Шығыс Қазақстан күйшілік мектебінің ерекшелігі
2. «Шыңырау», «Ерке атан», «Торы жорға», «Самұрықтың зары»
күйлерінің авторларына, шығу тарихына тоқталып, күйлерді орындау.

Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, аспапта орындап
көрсету.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, георграфия.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Үн таспалар, ноталық

әдебиеттер, проектор.

Сабақтың түрі: Аралас (сабақтың, кіріспесі, өткен тақырыпты қайталау,
жаңа сабақты түсіндіру, сабақты
қорытындылау.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ құрылымы:
1. Ұйымдастыру сәту – 2 минут
2. Алдыңғы материалдарды қайталау – 5 минут
3. Материалды игеру – 35 минут
4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы – 3 минут

Сабақтң барысы:
Сабақтың өтетін уақыты: 8.04.2015 жыл
Сабақ өтетін оқушы: Оралбекова Саяжан 4 сынып
Оралбеков Нұртілеу 3 сынып
Елжанова Айғаным 2 сынып

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың өту барысы: Сабақтың басында оқушымен домбырадағы күйшілік өнер
жайында пікір алмасып, ойы жүйеленеді. Содан соң тақырып аясына шолу
жасалып, шерпе күй жөнінде сауалдар қойылады. Шерпе күйдің аймақтық
мектептері туралы оқушымен пысықтаймын.
Қазақстан Республикасының георгафиялық картасынан сол аймақтарды көрсетіп,
оқушының білімінің жан-жақты толыға түсуіне себепші болады.
Пысықтау барысында төмендегі тармақтар қолданылады.
(слайтта көрсетіледі)

Шерпе күйдің аймақтық мектептері:

• Шығыс Қазақстан күйшілік мектебі
• Арқа күйшілік мектебі
• Жетісу күйшілік мектебі
• Қаратау күйшілік мектебі

Жаңа сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан күйшілік мектебі
Жоспар:
1. Шығыс Қазақстан аймағы күйшілік дәстүрінің басты орталықтарын атап өту.
2. Шығыс Қазақстан күйшілік мектебінің негізгі ерекшеліктерін жіктеу.
3. «Шыңырау», «Ерке атан», «Торы жорға», «Самұрықтың зары» күйлерінің
авторларының өмірбаянына тоқталып, шығу тарихын айтып, күйдің құрылымын,
дыбыстың өзгерістерін айқындау.

Сабақтың негізгі бөлімін түсіндіру кезінде келесі ерекшеліктерге
тоқталамын.
• Архаикалық (көне) күйлер көп кездеседі, басым жағдайда аңыздар күймен
бірге айтылып, орындалады.
• Күйлер домбыра, шертер, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз аспаптарына ортақ
саз ретінде туған.
• Күйлердің басым бөлігі домбырамен қатар сыбызғы аспабында да орындала
береді.
• Ілме, терме қағыстар мен тайғанақ әдістер қолданылады.
• Көмекей ғырыл (бурдон) дыбыстың сақталуы
• Күйлердің құрылымы ән формалы болып келеді.
Осыларға мысал ретінде үнтаспадан Калектің «Арман» күйі сыбызғы аспабында
тыңдатылады.

Шығыс Қазақстан күйшілік дәстүріндегі авторлық күйлер мен халық
күйлерінің негізгі болмысы жайында әңгімелеу арқылы сабаққа жаңа
тақырыпты енгіземін. Оқушыға келесі сызба көрсетіледі (слайд)
Халық күйлерінің басым бөлігінің аңыз күйлер болып келетін, құрылымы
қарапайым, теріс бұрауда орындалатын оқушыға егжей-тегжейлі баяндаймын.
Оқушы халық күйі «Шыңырауды» орындайды. Осы тұста күйдің атауына
байланысты «Шыңырау» деген не? Деген сауал арқылы оқушының ой-өрісін тағы
да өрбітуге мүмкіндік беремін. Күйдің шығу тарихын қысқаша айтады. Күйдің
құрылымы, ерекшелігі туралы айтылады.

Шығыс Қазақстан күйшілік мектептің атасы – Байжігітке тоқталамын.
(слайтта көрсетіледі)
Байжігіт күйшілік өмірін «Ерке атан» күйінің шығу тарихын оқушы қысқаша
айтып кетеді. «Ерке атан» күйін орындайды. Күйдің құрылымына, ерекшелігіне
тоқталып кетеді. Оқушы күй туралы ойын сурет арқылы жеткізеді.
Абайдың «Торы жорға» күйі оқушының орындауында тыңдалады. Оқушы автордың
өмірін (слайтта көрсетеді) күйдің шығу тарихын қысқаша айтады. Күй туралы
ойын оқушы сурет арқылы жеткізеді. Шыңжан өлкесінің күйшілік дәстүріне
тоқталамын. Құлжа аймағының күйшісі Әшім Дүңшіұлының «Самұрықтың зары»
күйін орындаймын. Күйдің шығу тарихын, яғни Самұрық құс туралы аңызда
айтып, қазіргі уақытпен байланыстырамын. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан
күйшілік мектептің ізін жалғастырып жүрген күйшілер жайлы айтып кетемін.
(слайтта көрсетемін)

Сабақтың қорытындысы: Ашық сабақты қорытындылау үшін жалпы шерпе күйшілік
дәстүрлері, Шығыс Қазақстан күйшілік мектебінің ерекшеліктері, осы өңірдегі
күйшілердің күйлері жайында сауалдар қойып, сабақты пысықтаймын.

Сабақты бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен күйді
орындаудағы шеберлігіне байланысты баға қоямын.

Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі күйшілік өнер
Қ.ахмедияров күйлерінің ерекшелігі. 3 сынып
Дарынды да, дана композитор нұрғиса тілендиев. 6 сынып
Қазақ сазгерлері
6- сынып киіз үй - көшпелілердің баспанасы
Заттың агрегаттық күйлері. қатты денелердің балқуы жіне қатаюы. балқу және қатаю температурасы
«Ұлттық ойындар» сайыс сабағы
Заттың агрегаттық күйлері тарауына омж 8 сынып
Шертпе күйдің орындалу тәсілдері
Құрманғазының күйлері
Пәндер