Желтоқсан туғызған тұлғалар

Тақырыбы:Желтоқсан туғызған тұлғалар
Мақсаты: а) Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру, тарихына шолу жасау
ә) Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу
б) Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту
Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 24 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын.
І Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 24жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 29жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, гимніміз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Интерактивті тақтадан желтоқсан қаһармандары туралы арнайы дайындалған слайд көрсету.
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
Желтоқсан туғызған тұлғалар атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Ендігі кезекте 6-сынып оқушысы Сүндетова Дилназдың Желтоқсан өлеңіне берсем.
1-оқушы : ”Желтоқсан” өлеңін оқиды
Қанды қырғын-қалған іс,
Бейне теңіз сең соққан.
Жарқылдайды ар-намыс,
Алматы. Аяз. Желтоқсан.
Дүрсілдейді жүректер,
Сесі күшті күшті қарудың.
Жүзіне мұң түнетті,
Үлбіреген арудың.
Арманы алда, сенім көп,
Оранды отқа үміттер.
Мұрты жаңа тебіңдеп,
Келе жатты жігіттер.
Жасамай ездік босқа айбат,
Намысымен от шайнап.
Халық үшін бас байлап,
Жанып та кетті жас Қайрат.
Қанды қырғын от өрген,
Жарқылдады ақыл-ой.
Бәрін соның көтерген,
Біздің халық батыр ғой!
Сынып жетекшісі сөз алады: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды. Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі - Қайрат., Ербол. Cонымен бірге осы оқиғада Сабира Мұхаметжанова, Лаззат Асанова қаза тапқан еді.
Ендігі кезекті 5 сынып оқушыларының тақпақтарына берсек:
1-оқушы. Мадияр Орынбасаров
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
2-оқушы:Темірханов Ақылбек
Қара мынау ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.
3-оқушы:Жылқыбаев Ақылбек
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
4- оқушы:Шапағат Қонысбайұлы
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып - жойып таптады.
Сонда елімнің ұл - қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
5- оқушы:Шомаев Нұрқат
Жалғыз Отан -адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат - нағыз ердің бірі еді ғой.
6 - оқушы:Мұратов Нұрсәт
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
7- оқушы:Жөкесова Аяулым
Желтоқсан - тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар - ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын - сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні - қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің.
1-жүргізуші Сіздердің алдарыңызда 5 сынып оқушысы Байбараққызы Шырайлым
Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” -өлеңі.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz