Тақырып Геометриялық денелерді жазықтықпен қию

Сабақтың тақырыбы:
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.
Сабақтың тақырыбы:: Жалпы мақсат:
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.:

Табанына параллель жазықтықпен қиюды меңгерту, оқушыларға үш жазықтықта проекциялау арқылы бұйымдарды талдауға

үйрету

Сабақтың тақырыбы:: Оқу нәтижелері:
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.:

Проекциялау арқылы бұйымдарды талдай алады, жазықтықпен қиюды үйренеді. Теориядан практикаға иекемделеді. Сызу арқылы

сыни ойлауы артады.

Сабақтың тақырыбы:: Сілтеме:
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.:

«You tube» сайтынан алынған бейнересурс,

9 сынып оқулығы.

Сабақтың тақырыбы:: Түйінді идеялар:
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.: Сызу арқылы, ойлау, бейнелеу дүниетанымы кеңейеді.
Сабақтың тақырыбы:: Ресурс:
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.: АКТ, флипчарт, әртүрлі маркер, стикер, А4 формат, қарындаш, сызғыш, циркуль, өшіргіш, бейнересурс.
Блум таксономиясы
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Блум таксономиясы: Жас ерекешелігіне сай оқыту
Мұғалім іс-әрекеті:

Мұғалім оқушыларға геометриялық фигура береді.

Бағалау парағын таратады.

Оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар ұнатқан фигураны таңдау арқылы топқа бөлінеді.

І топ.

ІІ топ.

Топ ережесін құрады, топ міндет атқарушыларды белгілейді.

Блум таксономиясы: Білу
Мұғалім іс-әрекеті:

«Серпінді сұрақ».

1. Геометриялық денелер деген не?

2. Қандай түрлерін білесің?

3. Сызбасын көрсетіңіз.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар өздері білетін фигураларды интерактивті тақтадан көрсете отырып мәлімет береді.
Блум таксономиясы: Түсіну
Мұғалім іс-әрекеті:

1. «You tube» сайтынан алынған бейнересурс арқылы

жаңа сабақ мәліметі беріледі

2. «Диалогтық оқыту».

Топтарға мәтін беріледі, түсіну тапсырмаларын береді.

Қию сызығы -геометриялық дененің бетінің қиюшы жазықтықпен қиылысатын сызық, ал қиылатын фигура -бұл геометриялық дене мен оны қиып өтетін жазықтыққа бірдей тиесілі, жазық фигура.

Көпжақты проекциялаушы жазықтықпен қию . Егер де көпжақты жазықтықпен қиып өтсе, онда көпжақтың жазықтықпен қиылысу сызығы тұйықталған жазық сынық сызық, яғни көпбұрыш болады. Бұл көпбұрыштың әрбір төбесі-көлбеу қырын жазықтық қиып өткен нүкте.

Проекциялаушы жазықтықпен призманы қиып өткенде қиылысу сызығының пішіні призманың пішініне және қиюшы жазықтықтың бағытына байланысты болады.

Нәрсенің V жазықтықтағы проекциясы - фронталь проекция, H жазықтықтағы проекциясы горизонталь проекция деп аталады. Осы жазықтықтардың қиылысу сызықтарын проекциялар осі деп аталатындығын біз білеміз.

Мұғалім түйіндейді.

Оқушы іс-әрекеті:

Көру, тыңдау арқылы ойлау, түсіну дағдысы қалыптасады.

Мәтінді өзара оқиды, түсінеді, бір-бірінің білімін толықтырады,

көмектеседі.

Блум таксономиясы:

Сергіту сәті

«Ойын ойға жетелейді».

Мұғалім іс-әрекеті:

Мұғалім интерактивті тақтадан фигура суретін көрсетеді, сұрақ береді.

Берілген фигуралардың атын жылдам табу.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар аңғарымпаздығын, шапшаңдығын, білімдерін көрсетеді.
Блум таксономиясы: Қолдану
Мұғалім іс-әрекеті:

«Т карта» Топтарға тапсырманы постер қорғау арқылы береді.

Мұғалім өзара топтардың жұмысын бағалатады.

Оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар бірлесе постер жасайды. Сызбаны жан-жақты зерделеп, өзара пікірлерімен сынаса орындайды.

2 топ өзара бағалайды. ФБ жүргізіледі.

Постерге стикер, смайлик беру арқылы.

Блум таксономиясы: Талдау
Мұғалім іс-әрекеті:

Конустың құрылымы

1. тапсырма

Конусты жазықтықпен қиғандағы алынған кескіннің проекциясын тұрғызу.

Жеке жұмыс:

2. тапсырма

1) . Көпжақты оның табанына көлбеу орналасқан жазықтықпен қию нәтижесінде қандай геометриялық фигура болады?

2) . Жалпы жағдайдағы жазықтықпен айналу бетін қиып өтетін сызық қандай геометриялық фигура болып алынады?

3) . Шарды әртүрлі жағдайдағы жазықтықтармен қиып өткенде қандай геометриялық фигуралар шығады?

Геометриялық пішім.

Көрнекі кескін арқылы.

Оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар кескіннің проекциясын жасайды.

Бірлескен топта талқылайды., мұғалімнен мәлімет алады.

Сурет, сызба салады.

Оқушылар ортаға берілген тапсырманы орындауда, мұғалім сауалына сыни пікір білдіреді.

Блум таксономиясы: Жинақтау
Мұғалім іс-әрекеті:

Тапсырма. Суретте конус, призма, пирамида түрінде шаңғы таяқшалары ұштары берілген. Барлық фронталь проекция бірдей, ал горизонталь проекция қандай болады?

Оқушы іс-әрекеті: Берілген суреттерден ойларын жинақтап, сұраққа жауап іздейді.
Блум таксономиясы: Бағалау
Мұғалім іс-әрекеті:

Дұрыс призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қиып, алынған дененің проекциясын тұрғыз.

Сенің ойыңша фигураларды проекциялаушы жазықтықпен қиып, жаға фигурадан қандай бұйым жасауға болады?

Оқушы іс-әрекеті: Оқушы өз білімін саралауда берілген тапсырмадан жаңа проекция бұйымды ажыратып, басқа бұйыммен өзара байланыстырады. Өмірде қолдануға үйренеді.
Блум таксономиясы: Үйге тапсырма
Мұғалім іс-әрекеті: Кескін салу. 3. 31- сурет 132 бет
Оқушы іс-әрекеті: Өз бетімен сызба кескін салуға тапсырма алады.
Блум таксономиясы: Рефлекция
Мұғалім іс-әрекеті: «Екі жұлдыз, бір тілек».
Оқушы іс-әрекеті: Кері байланыс жасайды.
Блум таксономиясы: Бағалау
Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім баяндамашының пікірін тыңдайды, өзі бағалайды.
Оқушы іс-әрекеті: Формативті бағалауды қорытындылай отырып, жинақтық балды есептейді.

Ұқсас жұмыстар
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию жайлы ақпарат
Қыртысы күрделі драпировка
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Пирамида көлемінің формуласы
Геометриялық денелерді графикалық редакторда кескіндеу
Бөлшектерді конструкциялау
Айналу денесі
Жеті жұмбақ
Кері тригонометриялық функциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz