Математикадан 2-б сыныпқа арналған ашық сабақ: Теңдеуді қайталау (09.12.2015)

2 «Б» сынып. 09. 12. 15ж

Математика. Ашық сабақ.

Тақырыбы: Теңдеуді қайталау.

Мақсаты:

  • Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
  • Дамытушылық:Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту
  • Тәрбиелік:Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме, оқулық. Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Назарын сабаққа аудару.

2. Жаңа сабақ.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУ.

«Жыл мезгілдері» видео ролик тамашалау.

  • Балалар, біз табиғаттың не екенін білеміз, солай ма?
  • Ал жан-жануарлардың да табиғаттың не екенін білгісі келеді екен.

Балық бақадан сұрапты:

  • Табиғат деген не?

Бақаның жауабын тыңдау үшін тапсырма орындауымыз керек.

Ойын: «Аққалаға қалпақ кигіз». Тапсырмаларды орындау .

Үй тапсырмасын бекіту:

Бақаның жауабы:

  • Табиғат деген телегей теңіз су.
  • Қалай ойлайсыңдар балалар, бақа неге суды айтты?
  • Оқушылардың жауабы.

Қонжық аюдан сұрапты:

  • Табиғат деген не?

Аюдың жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындауымыз керек

  • Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырма. / ауызша/

Аюдың жауабы:

  • Мен талай жерде болдым, табиғат деген орман.
  • Балалар, қалай ойлайсыңдар аю неге орман деді?
  • Балалардың жауабы.

Бота сұрапты түйеден:

  • Табиғат деген не?
  • Түйенің жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындайық.

Өрнекті жаз және мәндерін тап:

8-ге 40 пен 20 сандарының айырмасын қосу;

а-ға 30 бен 10 сандарының айырмасын қосу, мұндағы а = 9.

60 пен 50 сандарының айырмасына а-ны қосу, мұндағы а = 7.

45 пен 10 сандарының айырмасынан 4-ті азайту;

  • Түйенің жауабы:

Табиғат деген көп құм, тікенек шөп.

  • Балалар, неге түйе олай жауап берді?
  • Балалардың жауабы.

Көгершін қарлығаштан сұрапты:

  • Табиғат деген не?

Қарлығаштың жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындауымыз керек.

  • Теңдеуді шеш:

Х + 30 = 70 50 - х = 1 Х - 20 = 60

Шаршының периметрін табу:

Бір қабырғасы 5см болатын шаршының периметрін тап?

  • Қарлығаштың жауабы:

Табиғат деген ашық аспан, дәнді дақылдар, таза ауа.

  • Қалай ойлайсыңдар қарлығаш неге олай деді?
  • Балалардың жауабы.

Кішкентай жәндіктер еліктен сұрапты:

  • Табиғат деген не?

Еліктің жауабын есту үшін тапсырманы орындауымыз керек:

Шығар:

Сызғыш 55 теңге, ал жай қарындаш одан 30 теңге арзан тұрады. Жай қарындаш неше теңге тұрады?

Екі амалмен шығатындай етіп есептің сұрағын өзгерт. Оны шығар.

  • Сәйкестендіру:
Мысал
20
14
16
13
Мысал: 6 + 7
20:
14:
16:
13:
Мысал: 10 + 10
20:
14:
16:
13:
Мысал: 8 + 8
20:
14:
16:
13:
Мысал: 10 + 4
20:
14:
16:
13:
  • Жұппен жұмыс.
Теңдеу
Өрнек
Әріпті өрнек
Теңсіздік
Теңдік
Есеп
: 4+3 9 - 1
Теңдеу:
Өрнек:
Әріпті өрнек:
Теңсіздік:
Теңдік:
Есеп:
: 5+5 = 20-10
Теңдеу:
Өрнек:
Әріпті өрнек:
Теңсіздік:
Теңдік:
Есеп:
:

Болды - 10

Сатылды - 3

Қалды - ?

Ш: 10 - 3

Ж: 7

Теңдеу:
Өрнек:
Әріпті өрнек:
Теңсіздік:
Теңдік:
Есеп:
: 10 - 5
Теңдеу:
Өрнек:
Әріпті өрнек:
Теңсіздік:
Теңдік:
Есеп:
: а + 4
Теңдеу:
Өрнек:
Әріпті өрнек:
Теңсіздік:
Теңдік:
Есеп:
: Х + 20 = 50
Теңдеу:
Өрнек:
Әріпті өрнек:
Теңсіздік:
Теңдік:
Есеп:
  • Балалар, өте жақсы тапсырмаларды орындадық.

Енді еліктің жауабын тыңдайық:

  • Жер- Жер - деп жар салды Елік.

Балалар, елік неге олай айтты?

«Әрине, балалар барлығымыздың асыраушымыз, анамыз - жер - Ана, табиғат - Ана»

  • Неліктен табиғатты анаға теңейміз?

Қорытынды.

Логикалық есептер:

Алматта үш асық

Саматта екі асық

Қанатта бір асық

Ал менде төрт асық

Барлығы неше асық? /10/

Дүкеннен үш сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бәрі? /8/

Бағалау. Мен бүгінгі сабағымды табиғаттың берген сыйларымен бағалағым келіп отыр. Оқушылар бірін бірі бағалайды.

Үйге тапсырма. №6, 109 бет.


Ұқсас жұмыстар
Ашық сабақ: 2-сынып математика - Теңдеуді шығару
Математикадан қайталау сабағы: ойын түріндегі ашық сабақ жоспары
2-б сыныпқа арналған Хабарлы сөйлем: ашық сабақ жоспары мен жаттығулар
2-а сыныпқа арналған математика: Қайталау және есептер шығару пысықтау сабақ жоспары (2014-2015 оқу жылы)
2 «Б» сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Сырбай Мәуленовтің Балалардың бақыты өлеңі
Ашық сабақ: 6-Б сынып - Мәтіндік редактор MS Word (қайталау сабағы)
5-сыныпқа арналған математикадан бақылау диктанты
6-сыныпқа арналған математикадан бақылау жұмыстарының толық жинағы
Ашық сабақ: Қосудың терімділік қасиеті (2 «б» сынып, математика)
Б дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz