Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Сан ұлтқа сая болған Қазақстан

№3 Қарауылкелді орта мектебі

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Сан ұлтқа сая болған Қазақстан»

Өткізген:
Қожабаева А
1 «Б» класы

2014 – 2015 оқу жылы

04.05.2015 ж. Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Сан ұлтқа сая болған Қазақстан».
 Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін
қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту. Туған ел,
Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын
молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің
тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу. Өз
елін, жерін тарихын білу,оларды құрметтеу. Мақтаныш, сүйіспеншілік
сезімдерінің оянуына әсер ету.
Көрнекілігі: слайд, рәміздер, шармен безендірілген кабинет, буклеттер.

Барысы: І.Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында,
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!

Сөзжұмбақ шешу. «Отан»

| | | | | |
| | | | | | | | |
| | | |
| | | |

1. Аңдардың мекені
2. Орман дәрігері
3. Қадірлі жан
4. Ас атасы

ОТАН – дегенде ойларыңа не елестетесіңдер?
- Алдарыңызда ақ бет және суреттер жатыр сол суреттерді жапсыру арқылы
отанды құрастырыңыздар.
Керекті суреттер: отбасы, бәйтерек, үй, ит, жануар, астана, аңдар,
президент, ауыл, ақтөбе, полиция, т.б.
Осы суреттердің ішінен балалар өздеріне керегін алады.
Оқушылар өз ойларын айтады.

Сұрақ – жауап:

1. Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
2. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
3. Біздің Президентіміз кім?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?

- Олай болса, балалар, біз бүгінгі сабағымызда Астанаға саяхат жасаймыз.
Ол үшін алдымен барлығымыз автобусқа жайғасайық. Ал кеттік, Жолымыз болсын.
- Балалар, жол қысқарсын бір ән айтайықшы, біздің аналарымыз аман
болсын, күніміз биік болсын деген мақсатта «Әрқашан күн сөнбесін» әнін
орындайық.
- Балалар, біз әлі де Астанаға жетпеген екенбіз олай болса, Отанымыз
туралы тақпақтар, мақал – мәтелдер айтайық. Кәне, кім біледі?
Тақпақтар, мақал – мәтелдер айту.
Отан үшін күрес- елге тиген үлес.

Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Достық күші бірлікте.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Отан оттан да ыстық.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Туған жердің ауасы да шипа.
Туған ел  алтын бесік.

Елімнің атым айтсам Қазақстан.
Жерімнің атым айтсам Қазақстан.
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығымның атын айтсам Қазақстан.
Қазақстан  республикам, мақтанышым,
Мен сені мақтамаймын мақтан үшін.
Құдайым маған құттай жүрек берген,
Лүпілдейді сені сүйіп, сақтау үшін
Қазақстан бабамнан қалға мұра,
Сенбейсін бе, даламнан бар да сұра,
Қазақстан ұлт атын ұлықты еткен,
Ұлылардың арманын биіктеткен

Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел.
Отан –менің ата-анам
Отан досым, бауырым
Отан өлкем, астанам
Отан – туған ауылым.
- Балалар, біз әне – міне дегенше Астанаға де жетіппіз.
- Жан – жақтарыңа қарап отырыңыздар біз Астананың әсем көшелерімен келе
жатырмыз. Қараңдаршы көшелер қандай әсем. Әр ауылдың, қаланың өзінің
мешіті болады, сол сияқты Астанада да НҰР АСТАНА мешіті мынау. Мынау
Қазақстан ПРезидентінің Резиденциясы Ақүй. Көрдіңіздерме, балалар,
бізді Президентіміздің өзі қарсы алып тұр. Ары қарай жүрсек Астананың
символы Бәйтерек. Одан кейін біз Астанадағы Пирамида іспетті етіп
тұрғызылған сарай Бейбітшілік және келісім сарайына тоқтайық.
Бейбітшілік және келісім сарайында қазақстан халықтары ассамблиясы,
ұлтаралық және дін аралық келісім орталығы, мұражай, университет,
опера залы және қысқы бақ орналасқан.
- Саламатсыздарма, Сіздер қандай ұлтсыздар?
- Біз Қазақстанда тұратын Өзбектерміз. Астанада өзбек мәдени орталығы
2007 жылдан бері жұмыс жасайды. Үстіміздегі ұлттық киімдеріміз,
мынау өзбектердің елтаңбасы, туы. Біздің ұлттық тағамымыз палау,
домляма, халвайтар, тандырнан, көкшай. Біз сіздерге өзбек ұлтының биі
«Нозли гулим» биін ұсынамыз.
- Сіздер қандай ұлтсыздар?
- Біз Қазақстанда тұратын грузиндерміз. Грузин мәдени орталығы 2010 ж
қаланған. Үстіміздегі ұлттық киіміміз. Елтаңбамыз, туымыз.
Грузиндердің ұлттық тағамдары кучмаши, чахохбили. Чахохбили тауық, құс
етінен жасалады.
- Сіздер қандай ұлтсыздар?
Біз Қазақстанда тұратын Орыстармыз. Үстіміздегі ұлттық киіміміз.
Орыстардың дәстүрлі шараушылығы жер өңдеу болып табылады. Жер
өңдеудегі басты бағыт дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, тары, зығыр)
өсіруге бағытталған. Орыстар ірі қара малын, жылқы, қой, шошқа және
құс (қаз, үйрек және т.б) асыраған. Бал немесе балы бар су қосылған
үгітілмеген бидай, тары жармасынан жасалған ботқа - кутья кеңінен
таралған. Жылқы етін жемеген, ал, балықты тамаққа жиі пайдаланған.
Сусындар қара наннан жасалған квас және сыра орыстардың сүйікті асы
болған.

- Мы гордимся , что  Казахстан  обьединил  нации и народности в единое 
братской семье.
  Дружба- симбол братства. Дружба - самое дорогое и самое 
необходимое  условие жизни всего общества.
отан туралы тақпақ. Елтаңбасы, туын көрсетеді.
- Сіздер қандай ұлтсыздар?
- Біз Қазақстанда тұратын кәрістерміз. Үстіміздегі ұлттық киміміз,
елтаңбамыз ,туымыз.   - Біз қазақ халқының шексіз дархандығын айтқымыз
келеді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына болады, өйткені
достығы, бірлігі мықты ел қашанда дараланып тұрады. Қазақстан
Республикасында тұратын, мақтан тұтатын ұлттың бірі- біздер кәрістер.
Корей - халқының нағыз ұлттық тағамы пигоди мен корейше дайындалған
ет. Корейлер шошқа етін, ащы қызыл бұрышты ұнатады және теңіз
өнімдерін жиі пайдаланады. Және олардың сүйікті асы - «Секоги покым»
- Ал енді өзіміздің Қазақтарды қарсы алайық. Біз Қазақ болғанымызды
мақтан тұтамыз. Біздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Қазақстардың ұлттық тағамы ет, қазы, қарта, жал – жая, сусыны айран,
қымыз, шұбат.
Әнұран айтылады.
Балалар, көрдіңіздерме, біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады екен..
Жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ: қазақстар, орыстар,
өзбектер, кәрістер, украиндар, грузиндер, ұйғырлар т.б. біздің елімізде
әрбір ұлт өкілдерінің өз тілі мен дінін, салтын, мәдениетін сақтауға жағдай
жасалғын. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы,
туыстығы мен достығы жарасқан.

  Осы достығымыздың дәлелі ретінде барлығымыз бірге «Достық» әнін
орындайық.

- Балалар, Астанаға саяхат ұнады ма?

- Қандай ерекше жерлер ұнады?

Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін - өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы,
- деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз
жан екен.

- Олай болса, саяхатымыз аяқталды, енді ауылымызға қайтайық.

- Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Бабалары еккен шынарды балалары саялап..
Бабалар арманы
Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын...
Заңдардың бастауы -конституция
1 мамыр - Халықтар бірлігі күні
Қазақ халының ұлтық киімдері
Орал - тарихи қала
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Ынтымағы жарасқан ырысты елміз
Ғасырдың дара перзенті
Пәндер