Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әдептілік ар ұят - адамдықтың белгісі

Мерзімі: 20.01.16 сынып: 3 «а»

Сынып сағатының тақырыбы: «Әдептілік ар ұят - адамдықтың белгісі»

Сабақтың мақсаты:

• Оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайы сөйлеуге, әр ортада өзін
ұстай білуге үйрету.

• Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

• Жаман мен жақсыны ажырата білуге, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық
жасауға, қарт адамды қадірлеуге, ата -ананы ардақтауға тәрбиелеу;

Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың жабдығы: интеративті тақта, нақыл сөздер, мақал -мәтелдер,
тірек сызбалар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа бейімдеу, назарларын аудару

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберде тұрып; бүгінгі күнге сәттілік
тілейік.

Енді балаларды топқа бөліп отырғызу, парақшалар таратып беру
парақшаларда қандай фигура болса сол екі жұп бірге отырады.( мысалы:
Абай мен Лашында жұлдызша болса екеуі бір партаға отырады деген сөз)

Жарайсыңдар орналасып болсақ, назар аударамыз мен сендерге жұмбақтар
жасырамын. Сендер шешесіңдер? Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбын
білеміз. Жарайма , олай болса бірінші жұмбақ;

▪ Ағашта жабысып тұрады

Тұмсығын аямай ұрады. ( тоқылдақ)

▪ Ол келсе орма іші шулайды.

Толқып теңіз тулайды.

Қуса өзін қуады

Ешкім оны қумайды. (жел)

▪ Дөп дөңгелек ала

Жақсы көрер бала( доп )

▪ Қанатсыз құс маңып барады.

Көзінен жас тамып барады. ( бұлт)

▪ Шырша саясы күркесі

Өзі орман еркесі

Қорқып жүрер жан жаққа

Өте құмар жанғаққа ( тиін)

▪ Өзі айлакер, өзі бір қу.

Жүрген жері айқай шу.(түлкі)

▪ Қабат қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

▪ Шұнтиып қос құлағы

Түнде көрер қырағы.( үкі)

Міне қараңдаршы қандай сөз шықты «әдептілік» Жарайсыңдар балалар біздің
бүгінгі сынып сағатымыз «Әдептілік» тақырыбында өтіледі.

Әдептілік - адамдарының өзара жақсы қарым қатынасының, жүріс
тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау қажет.

Бүгінгі заман адамы сегіз құлы, бір сырлы, болып өсу керек.

«Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді,
досыңа қайырымды, еңбексүйгіш шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата
анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез , жаман
әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.

➢ Көрініс көрсетеміз. «Бала мен Әжей» әңгіме желісі бойынша шағын
көрініс тамашалаймыз.

Сұрақтар:

Тапсырмалар: жұп жұп бойынша тапсырмалар беріледі де тақтаға шығып
түсіндіреді.

I-жұп Мына әріптерден адам бойындағы жақсы қасиеттерге байланысты
сөздерді тауып тазыңдар. (Лашын мен Самал)

Лдаа, қлаас, зөмшлі, кеттен, ітітпәрт, зіспітртә, ытпықұ, зсыпықұ.

(адал, салақ, тентек, тәртіпті, тәртіпсіз, ұқыпты, ұқыпсыз.)

II- жұп тапсырма. мақал мәтелдер жазылға парақшалар паратылады.
Сендер бұл мақал мәтелдердің ішінен әдептілікке байланысты мақалдарды
тауып мында жапсырамыз. (Аймарал мен Бахытжан)

III- жұп тапсырма: Кімге әдептілік көмек көрсеттіңдер? Әдептілік
көрсеткен сәттеріңді естеріңе түсіріңдер? ( Абай мен Дамир)

IV-жұп әдептілікке байланысты суреттерді қиып жапсырыңдар.

Оқушылар тақтаға шығып өз өз жұмыстарын қорғайды. ( Хундыз бен Дамир)

«Жалғастыр ойыны»

Мұғалім оқиды оқушылар жалғастырады. Тақтада.

✓ Үлкендердің алдын............................................

✓ Кішкене баланы.....................................................


Құстарды...............................................................


Сабақтан..............................................................

✓ Сыныптың ішінде................................................

✓ Өтірік
айтуға........................................................

✓ Оқу
құралдарын........................................................

✓ Құстың ұясын
...........................................................

✓ Үлкен кісіні
..............................................................

✓ Қыз
баланы................................................................


Досқа..................................................................
........

Қорытынды

Балалар бүгінгі сабақты қорытындылаймыз егер бүгінігі сабақ ұнады,
жартылай ұнады. ұнамады,

Жарайсыңдар балалар , бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар,жұлдызшалар
тарату. бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе: мынындай «Әдептілік»
ережесі естеріңде болсын: сендерге беремін үйде қайталап оқып
естеріңнен шығармаңдар.

▪ Алдыңнан үлен адам болсын, кіші болсын сәлемдесу.

▪ Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу.

▪ Үлкенге жол беру, автобуста орын беру.

▪ Табиғатты аялап, қамқор болу.

▪ Қарсы келген кісіге , қыз балаға жол беру.

Шеңберге тұрғызып, Ата анамызды ренжітпей әдепті бала болайық.

Осымен сынып сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

[pic]

Ұқсас жұмыстар
Ізгілік тобы
Әдептілік – әдемілік
Әдептілік- тәрбие бастауы
Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық
Әдептілік туралы өлеңдер
Қыз бала одан
Әдептілік - әдемілік жайлы ақпарат
Қара сумка біреу
Әдептілік әлеміне саяхат
Оқушылардың саны
Пәндер