Тақырып Менің Отаным - Қазақстан

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Білім беру саласы: Қатынас. Таным.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ. Р. рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» презентация, глобус.
Әдіс-тәсілдер :аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасайық
Қуан шаттан алақай!
Қуантатын күн келді!
Қайырлы таң, қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Ия, балалар, осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайы
Ұйымдасты-
рушылық-ізденістік
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?
-Ал сары түс ше?
-Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?
-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?
-Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?
(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағұлмат береді)
Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан туралы тақпақтарды айтып еске түсірейік.
1. Менің елім Қазақстан
Бар ғой онда бәрі де:
Өзен де бар, көл де бар,
Орман да бар, тау да бар,
Жайнаған сансыз қаласы бар,
Жайқалған жомарт даласы бар.
2. Байтақ дала - туған жердің
Қымбат маған әр тасы.
Өзен, көлі, самал желі
Асқар тауы, баршасы.
- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
« Отан -елдің анасы».
« Отан - оттан да ыстық»
« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».
« Отанды сүю отбасынан басталады».
« Жері байдың елі бай». т. б.
«Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
- Жарайсыңдар, балалар.
Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана жайында қысқаша слайдтан суреттер көрсету.
Астана - арман қала
Астана - сұлу қала
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында.
-Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?
-Дұрыс, мемлекеттің рәміздері: елтаңба, ту, әнұран жатады.
Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін.
Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
-Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді? (ортаға рәміздер жайында білетін тақпақтарды айтады)
Сергіту сәті:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жеріне гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?
Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.
Ал енді балалар. Қазақстан Күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде тұрғанымызға бақыттымыз, балалар, біз бақыттымыз ба?
Еркін, ұшқыр тәуелсіз елім,
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда,
Бостандық елім- Республикам менің!
(Балалар кішкентай жүрекшелерді жер шарына жапсырады)
1. Еліміз аман болсын!
2. Әр қашан күн күлім деп тұрсын!
3. Көк туымыз биік болсын!
4. Аспанымыз ашық болсын!
5. Әрқашан соғыс болмасын!
6. Күніміз жарқырай берсін!
7. Елбасымыз жасай берсін!
8. Табиғатымыз сұлу болсын!
9. Суларымыз-мөлдір таза болсын!
10. Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын!
11. Болашағымыз жарқын болсын!
12. Астанамыз көркейе берсін!
Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын!
Ендеші өзімідің тобымыздағы Жансая өлең шумағымен сабағымызды аяқтаймыз.
Қорытынды. Сұрақ-жауап
Балалар, бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар.
-Дөңгелек шарға!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz