Сыйынар ем ана деген тәңірге

Күні: 05. 03. 2015
Сынып жетекші: Сагинтаева А. Б.
Тақырыбы: Сыйынар ем ана деген тәңірге
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау, оқушыларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Кіріспе. Мұғалім сөзі:
Қош келдіңіздер, қымбатты аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де арулар мен аналарға арналады.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
1-жүргізуші:
Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Аяулы аналарымыздың құрметіне 1топ қыздың орындауында «Орыс биін» қабыл алыңыздар.
1-оқушы: Арай
2-оқушы: Ислам
3-оқушы: Ділдә
1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Аяулы анашым» орындайтын Арай мен Дилара
2-жүргізуші:
Хазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар, -дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет, -деген екен Пайғамбар. Олай болса аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
4-оқушы: Назерке
5-оқушы: Нұрай
6-оқушы: Қаракөз
1-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, -деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. Ақбөпе, Дилара , өзбек биі.
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды . . . Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды», - деген.
1-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
«Анашым» атты әнді қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар. Нұрай
Көрініс: Бір ананың жеті қызы.
1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды, -дей отырып Назерке мен Ділдәнің орындауындағы «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында
2-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, -деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Перзент сыры» әңі. Орындайтын - Арай
1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз. Нәзік, Нұрай
2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше тағы да ана туралы жыр шумақтарын тыңдаңыздар.
7-оқушы: Нәзік
8-оқушы: Бекзат
9-оқушы: Исағали
10-оқушы : Анель
1-жүргізуші:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz