Зз дыбысы және әрпі

ҚББ №32 «Қызғалдақ» санаторлық балабақшасы КММ

«Зз» дыбысы және әрпі

Тәрбиеші: Арыстанова Айзада Шакизадақызы

Қызылорда қаласы

Ашық оқу іс-әрекетінің мазмұны:

Мазмұны
Уақыты
Іс-әрекетті орындаушы
Мазмұны:

І Кіріспе бөлім

  1. Кіріспе сөз
  2. Шатық шеңбері

ІІ Негізгі бөлім

  1. Қонжықтың тапсырмасын орындау.

(сұрақ-жауап)

  1. Жаңа әріппен таныстыру

«З з» дыбысы мен әрпі

3. «З» дыбысына байланысты

«Дыбыстық талдау жасату»

4. Ойын: «Құстарға ұя жасату»

5. Сергіту сәті.

6. «З з» әріпінің баспа және жазба түрімен

таныстыру.

«З з» әріпін жазу

7. Суретке қарап сөйлем құрату

ІІІ Қорытынды бөлім

  1. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
  2. Үйге тапсырма.
  3. Бағалау

Барлығы

Уақыты:

2мин

1мин

1мин

24мин

4мин

2 мин

3 мин

5 мин

1 мин

5 мин

4 мин

4 мин

3 мин

1 мин

30 мин

Іс-әрекетті орындаушы:

Тәрбиеші

Оқушылар

Тәрбиеші

Оқушылар

Тәрбиеші

Оқушылар

Оқушылар

Оқушылар

Тәрбиеші

Оқушылар

Оқушылар

Оқушылар

Тәрбиеші

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: «З з дыбысы мен әрпі»

Мақсаты: Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың аттарын атауын білу, логикалық ойлау қабілетін арттыру. Жазу дағдысына үйрету.

Көрнекіліктер: Әліппе - дәптері, суреттер, тақтамен жұмыс.

Әдіс - тәсілдер: Әңгімелесу, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, суретпен жұмыс.

Түрі: Аралас сабақ

Типі: Жаңа сабақ

Қызметкезеңдері:

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Тәрбиешінің іс-әрекеті
Оқушыныңіс-әрекеті:

Оқушының

іс-әрекеті

Қызметкезеңдері:

Мотивациялық

қозғалыс

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңбері

Армысың, алтын күнім!

Жарқырап нұрын шашқан.

Армысың, көк аспаным!

Көгіңе самғап ұшсам.

Армысың, жер-анам!

Құшағын бізге ашқан.

Армысыңдар, достарым!

Оқушыныңіс-әрекеті: Балалар іс-қимылмен көрсетеді.
Қызметкезеңдері:

Ізденуші

ұйымдастырушы

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-қыстан кейін, қандай мезгіл келе жатыр?

-Көктем мезгілі

-Көктем мезгілінің ай аттарын атаңдаршы?

- Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгешеліктер болады?

- Күн жылынады.

- Қар ериді

-Құстар жылы жақтан ұшып келеді

- Жан-жануарлар ұйқысынана ояна бастайды. Ормандағы аңдарда ұйқысынан ояна бастайды.

Балалар, ормандағы аюда ұйқысынан оянып, қонжықтарын ертіп, серуендеуге шығып, бізге қонаққа келіпті. Олар бізге өздерімен бірге әр-түрлі тапсырмаларын ала келіпті, егер біз олардың тапсырмаларын жақсы орындасақ, бізге аю сыйлық ала келіпті.

Аюдан сыйлық алғыларың келе ме?

-Иә. Олай болса, қонжықтардың тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?

Егер сендер белсене қатыссаңдар менде сендерге әдемі күлімдеген жұлдызша беремін, қане жұлдызша жинауға, аюдан сыйлық алуға дайынсыңдар ма?

1-қонжықтың тапсырмасы:

Әріптерді қайталау.

-Олай болса, бірінші қонжықтың тапсырмасын көрейік. Бұл қонжық бізге әріптер ала келіпті. Олар қандай әріптер екенін көрейікші.

Балалардан әріпатерді сұрау.

  • А, Т, Ғ, Қ, Ә, У, Ж, Ы, Р, И, Ш,

Олардың қандай дыбыс екенін ажыратайық.

Дауысты ма, дауыссыз ба?

Тапсырма біткеннен кейін сұраққа жауап берген балаларға жұлдызша таратып беріліп отырады.

2 -қонжықтың тапсырмасы: Сұрақтар.

Енді келесі қонжықтың тапсырмасын қарайық. Бұл қонжық бізге әр түрлі сұрақтар алып келіпті?

-Сөз дегеніміз не?

-Сөз неден құралады?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстың таңбасы не деп атаймыз?

- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
-Жарайсыңдар, балалар!

Тапсырма біткеннен кейін сұраққа жауап берген балаларға жұлдызша таратып беріліп отырады.

Оқулықпен жұмыс.

3-қонжықтың тапсырмасы:

Араның суреті. «З» дыбысы.

  • Балалар, қараңдаршы. Біз бұл қонжық бір ойыншық алып келіпті.

Араның ойыншығын көрсетеді.

  • Балалар, мынау не?
  • Иә, дұрыс ара. Олай болса, араның даусын салайықшы.

Балалар араның даусын салады.

Біз, ара туралы қандай тақпақ білетін едік. Қане, есімізге түсірейікші.

Ағайынды аралармыз,

Еңбек үшін жаралғанбыз.

-з-з-з-з-з-з

Шырын іздеп күні бойы,

Гүл бақшаны аралаймыз.

-з-з-з-з-з-з-з

- Енді осы араның даусында -з-з-з-з- дегенде біз қандай дыбыс естіп тұрмыз.

  • Жарайсыңдар! «з-з-з-з-з-з» деген дыбыс шығып тұр.
  • Ол қалай айтылып тұр?
  • Дұрыс. «З». Қане барлығымыз бірге қайталайықшы. «З» тәрбиеші оқушылармен бірге қайталайды.
  • «З» дыбысын айтқанда тіліміз қандай қалыпта тұр.
  • Дұрыс. Тіліміз тісімізге кедергі жасап, ауа қысылып шығып тұр. Яғни оны қандай дыбыс деп атаймыз? Және қандай текшемен белгілеміз?
  • Дұрыс. Дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз.

4-қонжықтың тапсырмасы: Суретпен жұмыс. Дыбыстық талдау жасау.

  • Келесі қонжығымыздың тапсырмасын қарайық. Бұл қонжық бізге суреттер алып келіпті. Қане, біз осы суреттерге қарап, дыбыстық талдау жасайық.
  • «Зымыран» неше буын бар?
  • 4 буын бар.
  • «З» дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр.
  • Дұрыс. Сөздің басында кездесіп тұр.
  • Келесі «Жүзік» буынға бөліңдер?
  • Неше буын бар?
  • «З» дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?
  • Дұрыс. Ортасында.
  • «Жұлдыздың» суреті
  • Неше буын бар?
  • «З» дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?
  • Жарайсыңдар! Сонымен «З» дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында да кездеседі екен.

Көктем мезгілінде жылы жақтан ұшып келген құстарға ұя керек. Құстарға ағаштарға ұя орнатуға көмектесейік.

Ойын: « Құстарға ұя жасайық»

Ағаштарға ұяларды орнатайық. Әр ұяның бетіне буындар жазылған, сол буындарды оқып, ағашқа ілейік.

Балалар жеке-жеке буындарды оқып, оларды ағашқа орнатады.

- аз, -оз, -қаз, -жаз, -аз, -боз, -зе, -зер-де, - зе-ре

Тапсырма біткеннен кейін сұраққа жауап берген балаларға жұлдызша таратып беріліп отырады.

5-қонжықтың тапсырмасы: Сергіту сәті.

  • Балалар, қонжықтар қыс бойы ұйықтап-ұйықтап, шаршап қалыпты, ол бізге шармасын деп сергіту жаттығуын алып келіпті.

Сергіту жаттығуы. «Қорбаңдаған аю»

Сергіту жаттығуын орындайды.

6 -қонжықтың тапсырмасы: «З» дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.

Жазу.

«З» дыбысын жазып үйрену.

«З» дыбысы 3 санына ұқсайды дедік. Ауада жакзып үйренейікші. Қане, барлығымыз бірге оның жазылу танысайық. Тәрбиеші борды қолына алып, З дыбысын ауада жазып көрсетеді.

Соны балалар қайталайды.

Енді. Дәл осылай дәптерізге орындаймыз.

Балалар дәптерлеріне «З» дыбысын жазады.

Тапсырма біткеннен кейін сұраққа жауап берген балаларға жұлдызша таратып беріліп отырады.

7-қонжықтың тапсырмасы: Сөйлем құрату.

Тақтаға сызбаның үлкен суреті ілінеді.

Дәптердегі сызба бойынша сөйлем құраймыз.

Қарбыздың суреті

Яғни, біз осы сызба арқылы сөйлем құрауымыз керек. Мысалы: Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі. балалға сөйлем құратады.

8 -қонжықтың тапсырмасы: Ребусты шешу.

Балалар біз ребус шешуді білеміз. Қане барлығымыз ребуысты шешейік.

Қаздың суреті ЫНА . осы ребусты орындаңдаршы. «ҚАЗЫНА».

«Қазына» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

- Балалар, Қазына дегеніміз - түрлі бағалы заттар, дүние мүлік


Ұқсас жұмыстар
З з дыбысы мен әрпі
Өө дыбысы мен әрпі
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Дауысты дыбыс әріптері
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Негізгі және туынды зат есім
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Қазақ тілі. «к дыбысы мен әрпі»
Емен ағашы
Ә дыбысы мен әрпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz