Тақырып - Амандасу салты

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, шеңгелді ауылы
«Қ. Сатпаев атындағы негізгі орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Амирова Айнур Бакытбековна
2-сынып
Амирова Айнур Бакытбековна
Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету. Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру. Амандасудың түрлерімен таныстыру. Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру. Рөлдік ойындарға бейімдеу. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Нәтиже: амандасудың түрлерімен танысып, ролдік ойындарға бейімделеді. Өз пікірін білдіреді.
Көрнекілігі: м ақалдар, кесте, сурет, ойын, үлестірмелі парақшалар, бағалау парақшасы.
1) Шаттық шеңбері
-Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір -бірімізді көргенімізге қуанышты екенімізді көрсете отырып, амандасайық.
2) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
Кел, балалар, кәнекей,
Парақтайық әліппи,
Талай қызық күтуде.
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа сен, жалықпа
Оқы, тоқы, арманда
Бәрін білген балаға
Жақын болар алыс та.
-Оқушылар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сондықтан өз білімімізді көрсетейік. Бүгін сабақта топпен жұмыс істейтін боламыз. Әр орындалған тапсырма үшін топтарға асықтар беріліп отырады. Сабақ соңында асықтар саналып қорытынды шығарылады.
- Бүгін бізге ақылды үкі көмек сұрап келген екен. Ақылды үкі Білімпаз ата ауылын басып өтіп Астанаға сапар шекпекші екен. Бірақ ақылды үкі көптеген жолда кездесетін кедергілерден өте алмаймын ба деп қорқып тұрған сияқты.
-Балалар ақылды үкіге саяхат жасауға кедергілерден өтуге көмектесеміз бе?
-Ендеше сапарымызды бастайық!
1-тапсырмасы: - Саламатсыңдар ма, балалар, сендер ертегі білесіңдер ме? Ендеше маған ертегі оқып беріңдер. (Балалар О. Әубәкіровтың Сүт қалай ұйықтады? ертегісін оқиды. )
Бұл ертегінің авторы қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров 1934-1986 жылдары дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Оспанхан Әубәкіров - әзіл-сықақ жазудың асқан шебері, Ол мысал өлеңдерді де көп жазған. Онда ақылсыздарды, қызғанышақтар мен мақтаншақтарды сынайды. Оның “Бөдене”, “Күлкіңіз келді ме?”, “Қоңырау”, “Ұзын сөздің қысқасы”, т. б. жинақ кітаптары бар.
Ертегіні 2 топ алма- кезек оқиды.
2-тапсырмасы:
- Ертегі мазмұнын қара сөзбен әңгімелейді.
- Суретпен жұмыс жүргізіледі.
- Сүттен не және қалай жасалатыны жөнінде айтқызу
3-тапсырма -Балалар, сендер тест тапсырмасын орындай аласыңдар ма?
Ендеше менің дайындаған тест сұрақтарым мынадай:
1. Оспанхан Әубәкіров кім? А) суретші Ә) жазушы Б) әзіл-сықақ жазушы
2. Ертегінің неше түрі бар? А) 2 Ә) 3 Б) 4
3. Сүт қалай ұйықтайды? Е ртегінің қай түріне жатады?
А) Жан- жануарлар туралы ертегі Ә) Қиял- ғажайып ертегілері
Б) Шыншыл ертегі
4-тапсырма: Балалар, сөзжұмбақ шешуге көмектерің қажет.
1Қосмекенділерге не жатады?(бақа)
2Ақ алтын деп нені атайды? (мақта)
3Жылқы атасы кім? (қамбар)
4Ас атасы-? (нан)
5Өмірге сәби келді деген сөзде «Өмір» сөзін басқа қай сөзбен алмастыруға болады? (дүние)
6Ақ көйлекті көк желек
Орманда орны бір бөлек. ? (қайың)
7 Қыстап қалатын құс? (сауысқан)
8. Адам қажеттіліктерінің бірі? (Су)
-Балалар сөзжұмбақтан қандай сөз шықты? - «Амандасу»
-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі біздің сбағымыз ен жайлы болмақ?
-Нені оқып білетін боламыз?
-Дұрыс айтасыңдар бүгін біз амандасу салты жайлы сөз қозғаймыз. Дұрыс қарым-қатынас жасап қазақ халқының салт-дәстүрін ұстауға үйренеміз. Білгенімізді ортаға саламыз, білмегенімізді үйренеміз.
-Сендердің ойларыңша адамдар не үшін сәлемдеседі?
-Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
Оқушылар өз ойларын білдіреді.
-Балалар, Білімпаз атаның ауылына да жеттік. Ендеше Білімпаз атамен амандасайық. Және ол кісінің тапсырмаларын орындайық.
Білімпаз ата:
-Саламатсыңдар ма, балалар. 2 топқа мәтін жазылған парақшалар таратамын. Парақшадағы мәтінді өз беттерінше оқып және мазмұнын талдаңдар.
1) Топпен жұмыс:
1. Топ мүшелері берілген мәтіннің бөлімдерін өз беттерінше оқиды.
2. Мәтіннің мазмұнын топта талқылайды.
3. Мәтін мазмұны бойынша көріністер көрсетеді.
Әр топ өз мәтіндеріне байланысты көріністер көрсетеді.
Мәтіндегі амандасу сөзіне байланысты, сөйлемдерді толықтыр:
Аяжанның сұрағы: -Білімпаз ата, басқа елдердің амандасу түрлері туралы білгіміз келеді.
Білімпаз ата:- Жарайды, менің кішкентай білімқұмарларым, тыңдаңдар.
Күншығыс елі жапондықтар бір - біріне иіліп, екі қолын қусырып, басын шұлғып, белін бүгіп жымия күледі.
Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе, тибеттіктерде тіпті қызық, бір- бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.
Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Бұл «Басымыз аман болсын» дегені.
Ертедегі қытайлар өз қолын қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды.
2) Шығармашылық тапсырма: Сызбаны толтыр.
3) Білімпаз Ата: достар, мұхият тыңдап, ойланып жауап беріңдер.
Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді. Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі - өз құрбысы Жанар. Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты. Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.
Бұл тапсырмасын әр топ топта талқылап, ортақ шешімдерін білдірді.
4) Білімпаз атаның сұрақтарына жауап беріңдер.
1. ”Сәлем” сөзінің мәні қандай?
2. Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?
3. Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде?
-Балалар, Білімпаз атаның бізге берген білімі үшін рахмет.
Ойын шарты:Оқушылар тақтаның алдына шеңбер құрып тұрады. Қоңырауды бір-біріне ұсыну арқылы бүгінгі сабақта алған жаңа мәліметін бір ғана сөйлем арқылы жеткізеді немесе мына сұрақтарға жауап береді.
Сәлемді алдымен кім береді?
Жастардың амандасу түрлері қандай?
“Амандасуға да жарамады” деп қай кезде айтылады?
Сәлем сөзі қайдан шыққан?
“Жол болсын” деп қай кезде айтылады?
Сәлем беру туралы мақал айту.
Ассалаумағалейкүм!
Сәлеметсіз бе?
Сәлем!
Сәлем бердік!
Сәлеметсіңдер ме?
«Сәлемдесу» ойыны.
-Қимылды тез-тез жасаймыз. Амандас көзбен, қолмен, баспен, иекпен, өкшемен т. б.
Білімпаз атаның дайындаған мақал-мәтелдерден топпен кезек-кезек жауап беріңдер.
Мақал-мәтел айтысы .
- Ассалаумағалайкүм «Алты жасар бала келсе алыстағы шал сәлем береді» - демекші, қалыңыз қалай?
- «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz