Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

Қазақстандық кәсіби композиторлар Ахмет Қуанұлы Жұбанов

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандық кәсіби композиторлар»
Ахмет Қуанұлы Жұбанов
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке,елжандылыққа тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Музыкалық білімін жетілдіру.Ырғақты сезіну,есту,есте
сақтау қабілетін дамыту.Музыка өнері дамуының негізі халықта екенін
насихаттау.А.Жұбановтың шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: Эстетикалық ой-өрісін, сезімін ашу,білімін
тереңдету.Ырғақты сезіну,есту,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:оқулықтар,портреттер,баян аспабы,магнитафон,үнтаспа
т.б.
Сабақтың өткізу әдісі:
Пән аралық байланысы:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен сәлемдесу.
-Сынып тізімін,сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақтың тақырыбы :
«Қазақстандық кәсіби композиторлар»
Ахмет Қуанұлы Жұбанов
-Композитор деген кім?
-Ахмет Жұбанов кім екенін білесіңдерме ?
-А.Жұбановтың қандай шығармаларын білесіңдер?
-Оздерің басқа кандай композиторларды білесіңдер?
Халық музыкасы – қайнар бұлақ, таусылмайтын алтын қазына.Одан біз
сусындап,нәр аламыз.Әсем халық әндері мен күмбірлеген күйлері арқылы
тегімізді,тарихымызды білеміз.Осы халық музыкасын қазақ кәсіби музыкасының
негізін қалаған атақты композиторлар Ахмет Жұбанов,Мұқан Төлебаев,Евгений
Брусиловский,Латиф Хамиди,тағы басқа композиторлар өз шығармаларына арқау
етіп,шебер құбылтып,көркемдеп жазды.
Академик Ахмет Жұбанов – 1906 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында
дүниеге келген.Ленинград консерваториясын бітірісімен Қазақстандағы
музыкалық – мәдени өмірге белсене араласып кетеді.Республикамыздағы бүкіл
өнертану ғылымының көшбасшысы.Ахмет Жұбанов – опералық және симфониялық
туындыларын қоса есептегенде 300-ден астам шығарманың авторы.
А.Жұбановтың музыкалық мұрасы өте бай.Қазақ ұлт – аспаптар оркестірінің
кіндік атасы,оркестр үшін 100-ден аса күйді өңдеген.
Музыка тыңдау : Ахмет Жұбановтың «Би күйі» тыңдалады.
-Күй қалай орындалды?
-Күйден қандай аспаптардың үні естілді?
-Күйдің орындалу шеберлігі қандай?
-Қандай сезімде болдың?
-Қандай әсер алдың?
Оқулықпен жұмыс.
«Қазақстандық кәсіби композиторлар» мәтіні оқылады.
Дауыс жаттықтыру:
Жаңа ән үйрену :
Композитордың халық арасына кең тараған сүйікті әндерінің бірі- «Ақ
көгершін» әні.
Үйретілетін әнмен жұмыс:
-сөзімен
-әуенімен
-дикциясымен
-темпімен жұмыс жүргізу арқылы әнді үйрету.
Әнді 1952 жылы алғаш рет атақты әнші Роза Бағланова орындаған.
«Ақ көгершінді» ата бабамыз ерте заманнан бері
әділеттіліктің,бейбітшіліктің,таза,пәк сезімнің,әсемдіктің нышаны ретінде
таныған оның бейнесін қолөнерде пайдаланған.Құстұмсық,қазтабан,құсқанат т.б
ою-өрнектерден көруге болады.
«Ақ көгершін» әні –бейбітшілікті,достық,бірлік,бақыт,көктегі күн,ашық
аспан сияқты сәтті суреттейді.
Әннің динамикасы,дыбыс биіктігі,ырғағы, дыбыс бояуы әннің мазмұнына сай
үйлесімін тапқан.
Әнде бір буынға 2-3 нотаның қатар келуі,лига сияқты белгілерге көңіл
бөлініп,таза орындалуына назар аударылады.Тынысты фраза бойынша жеткізу
қиынға соқса,екі мотив арасында тыныс алуға болады.
Оқулықта берілген «Ақ көгершін» әнінің басты әуенін ноталармен орындау.
Музыка тыңдау:Ахмет Жубановтың бәрімізге таныс «Қарлығаш» әнін тыңдап
көрейік.
Жұмбақ шешу: ҚҰСТАР туралы жұмбақтар шешу.

Қырық қылыш, найзалы қай жануар,
Асынған және он екі қанжары бар.
Көңіл жер мен көктің арасында,
Жігіттер, мұны байқап аңғарыңдар.
Болады бұған әуес көп адамзат,
Шежіре көкірегі жазылған хат.
Қолына шынжыр арқан ұстап жүріп,
Астына мініп отыр алтыннан тақ.
Басында құрулы тұр алтын шатыр,
Ғайыптан қызығы бар бұл бір батыр.
Барғанын тіпті аман жібермейді,
Адамзатсыз болмайды әуел ақыр.
/Бүркіт, қырық қылыш-жиырмадан екі қанаты, он екі қанжар-он екі тал ұзын
құйрығы, сегіз найза- тұяқтары, шынжыр арқан-аяқ бауы, алтыннан тақ-тұғыры,
алтын шатыр-томағасы/.

Үйде отырады, жатпайды,
Көзін терімен қаптайды.
Жазда бекер тұрса да,
Бергенді қыста ақтайды.
/Бүркіт/.

Далаға отау тіктім қонақ үшін,
Қонақ кісім ақылы шолақ үшін,
Қонақ қонып жатқанда үй жығылып,
Үй үстінде қалыпты қонақ кісім.
/Бүркіт/.
 
Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,
Іліксе дүниенің бәрін алмақ.
Өзінің тілі бар да тістері жоқ,
Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.
/Бүркіт/.
 
Таудан тоқым лақтырдым.
/Бүркіт/.

Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім,
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.
/Бүркіт/.

Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,
Бір айла адамзатта болып жатыр.
/Бүркіт/.

Елең, елең етті,
Қарға ауылға қона кетті,
Қақтың суын іше кетті.
/Бүркіт/.

Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде
Шошаңдайды құйрығы.
/Бүркіттің қоянды алуы/.

Ерте тұрады,
Жар шақырады.
/Қораз/.

Басы тарақ,
Арты орақ.
/Қораз/.

Қызылдан киген киім, басқа қалпақ,
Саусағы төртеу болған, емес жалпақ.
Үстіне неше түрлі тон жамылып,
Басады мас адамша талтақ-талтақ.
/Қораз/.

Дүниеде бір молда
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп жер шұқиды.
/Қораз/.

Бір топ қамыс ішінде
Шақырады жанды гүл.
/Қырғауыл/.

Бір топ жыңғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл.
/Қырғауыл/.

Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап.
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді екі қолын артына ұстап.
/Сауысқан/.

Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан,
Бір күнде тағам татар әр қарадан.
Басында қара жылтыр кепесі бар,
Белінде белбеуі бар күлпарадан.
/Сауысқан/.

Музыка тыңдау : «Абай сюитасын» тыңдап көрейік.
Қорыту: «Нені есімізге сақтаймыз?» ойыны.
Оқушыларға сұрақ жазылған кестелер таратылады.

Оқушылардың жауабы бойынша сабақты қорыту.
Бағалау:Сабаққа белсене араласып,үй тапсырмасын орындаған оқушыларды
бағалаймын.
Үйге тапсырма:«Қазақстандық кәсіби композиторлар» Ахмет Қуанұлы Жұбанов
мәтінін оқу, «Ақ көгершін» әнін жаттап мәнерлеп айту.Ахмет Жұбанов өмірі
мен шығармашылығына реферат жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Композитордың қандай шығармаларын білесің
Ахмет Жұбановтың суреттер
Қазақ музыка өнерінің– гималайы ахмет жұбанов
Екінші сұрақ
Қыз Жібек операсы туралы
Дарынды да, дана композитор нұрғиса тілендиев. 6 сынып
Хор капелласы
Қазақтың мемл
МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ
Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту
Пәндер