2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Лепті сөйлем

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Бегаулова Айгул Айтқұлқызы

Пән : Қазақ тілі

Сынып: 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Мақсаты: Лепті сөйлем жайлы түсінік беру.

  1. Сөйлем түрлерін ажыратады. Лепті сөйлем жайлы түсінік қалыптасады, түрлі жаттығулар арқылы түсінгенін практикада қолданады.
  2. Ойлау қабілеттері артып, жан-жақты ізденеді.
  3. Топта бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұжымшылдыққа үйренеді.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырып ұғымын біледі, түсінеді және тапсырмалар орындай алады

Модульдері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту.

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер: Композициялық талдау, Венн диаграммасы, Ыстық орындық, Кубизм

Сабақ кезеңдері
Уақыт
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері:

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

Уақыт: 2мин
Тапсырма:

Композициялық талдау жасау арқылы сұрақ жауап өткізу

Үй тапсырмасын кайталау

Мұғалімнің іс-әрекеті: Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір-біріне қоя отырып өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады
Оқушылардың іс-әрекеті: Бір-біріне жақсы сөздер айта отырып сұрақ -жауап арқылы бір-біріне жақсылықпен сәттілік тілейді
Сабақ кезеңдері: Түсіну
Уақыт: 7мин
Тапсырма:

Суреттер сөйлейді

Тақырыпқа қатысты сурет арқылы сөйлемдер құрастыру

Мұғалімнің іс-әрекеті: 1-2 жаттығуларды слайдтан көрсету. Сурет арқылы әңгіме құрастыру, түсініктерін жеткізу үшін суреттерін тақтаға ілу. Ережеге байланысты ой қорыту.
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тақырыпқа қатысты не біліп не үйренгендерін, тақырып туралы әсерлерін топ болып талдай отырып ортаға жеткізу
Сабақ кезеңдері: Қолдану
Уақыт: 10мин
Тапсырма: Венн диаграммасы
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тақырыптың мазмұнын қысқаша баяндайды, тақырыптың ең маңызды жерін ең қызық жерін табады, оны неге қызық деп тапқанын айтады, тақырып туралы ақпарат жинайды

байланыстырады, суреттейді, салыстырады, өз бағасын береді.

Оқушылардың іс-әрекеті:

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Сабақ кезеңдері: Сергіту сәті
Уақыт: 1 мин
Тапсырма: «Қара жорға» биі
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау
Оқушылардың іс-әрекеті: Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
Сабақ кезеңдері: Талдау
Уақыт: 15мин
Тапсырма: Ыстық орындық
Мұғалімнің іс-әрекеті: 4-жаттығу. Жаңа тақырыпқа қатысты әр топқа тапсырмалар беру олар тапсырманы олрындап ортаға шығып оқиды, жұмыстарын көрсетеді
Оқушылардың іс-әрекеті: Берілген тапсырманы уақытылы орындау, тапсырманы орындау керек.
Сабақ кезеңдері:

Жинақтау

Бағалау

Уақыт: 5мин
Тапсырма: Кейіпкерге хат арқылы сабақты жинақтайды
Мұғалімнің іс-әрекеті: Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты кейіпкерге өз ойларынан хат жазады топ басшысы оқиды
Оқушылардың іс-әрекеті: Өз ойларынан кейіпкерге хат жазады, қысқаша оқып шығады тақырыпты жинақтайды
Сабақ кезеңдері:

Формативті

бағалау

Уақыт: 2 мин
Тапсырма:

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдаршам арқылы

Мұғалімнің іс-әрекеті: Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату
Оқушылардың іс-әрекеті: Өзін- өзі бағалайды
Сабақ кезеңдері: Рефлексия
Уақыт: 2 мин
Тапсырма: Стикерлерді толтыру
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
Оқушылардың іс-әрекеті: Ұсынылған стикерді толтыру

Ұқсас жұмыстар
2 «Е» сыныпта өткен қазақ тілі пәнінің ашық сабағы: Лепті сөйлем
Қазақ тілі: Сөйлем және оның түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті) - сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Сұраулы сөйлем
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Хабарлы сөйлем
Қазақ тілі, 2 сынып: Сұраулы сөйлем туралы сабақ жоспары
8А сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Компьютер және сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті)
Лепті сөйлем: Астанаға саяхат түріндегі сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Сұраулы сөйлем
Ашық сабақ: Лепті сөйлем (2-сынып, Е тобы) - Төле би атындағы №8 гимназия, мұғалім Оспан А.Б.
Сабақ жоспары: Лепті сөйлем - мақсаттар, әдіс-тәсілдер және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz