Мамандықтардың құндылығы: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
әдісі: СТО әдісі, Блум таксоманиясы, ойын
Өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.
II. Шаттық шеңбері:
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.

III. Оқушыларды 2 топқа бөлу

Стол үстінде : сөмке, қарандаш, пенал, кітаптар, парта, градусник, укол, дәрілер

Өз қалауларымен суреттерді таңдап Дәрігер және Мұғалім тобы болып

екі топқа бөлінеді.

IV. Блум таксоманиясы:

1. Білу

Интербелсенді тақтадан « Жан қорғаны-Дәрігер» бейне фильмі көрсетіледі.

2. Талдау

Сұрақтары қою арқылы оқушыларды сөйлету

3. Қолдану

Сюжетті-рөльдік ойын «Дәрігер»

«Дәрігер» ойынын ойнағанда балалар дәрігер мен емделушінің әрекеттеріне еліктейді.

4. Жинақтау

Жұмбақ жарыс:
1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
4) Зымыранды ерттеген,
Ай - жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
5) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім? (Шекарашы)
6) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)

V. Сергіту сәті

X. Кім болам? Тақпақтар айту

Мұғалім (Мөлдір) :
Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.

Дәрігер: ( Дастан) :
Сыйлайтын саулық, амандық,
Дәрігер жақсы мамандық.

Шекарашы(Сағыныш) :
Тыныштық күзетіп тұратын,
Шекарашы болып шығамын.

Жүргізуші (Жанболат) :
Елге қызмет істеген,
Көлік айдап үйренем.

Аспазшы (Ақерке) :
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.

Ғарышкер:(Азамат)
Тоқтар, Талғат - нағыз ер,
Солардай болам - ғарышкер.

Полиция: (Жанерке)
Тәртіп, заңды қолдайды,
Полиция елді қорғайды.

Құрылысшы:( Нұрхат)
Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.

Тігінші: (Назым)
Тігетін киім-кешекті,
Тігінші болам мен епті.
VI. Қорытындылау Рефлексия: Бағдаршам әдісі

Кері байланыс

Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата - аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Қобыланды батыр жырының тәрбиелік және тарихи құндылығы
10-сыныпқа арналған Салауатты өмір салты және дұрыс әрекет құндылығы бойынша сабақ жоспары
XVIII ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тарихи дереккөзі ретіндегі құндылығы: 8-сыныпқа арналған кіріктірілген сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған Қиял арманға жетелейді тақырыбындағы сабақ жоспары (ішкі тыныштық құндылығы)
5-сыныпқа арналған Адалдық пен әділдік тақырыбындағы сабақ жоспары (Ақиқат құндылығы)
Денсаулық құпиялары: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Табиғатқа құштармын: 1-сыныпқа арналған табиғатты қорғау мен қиянат жасамау құндылығы бойынша сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағының жоспары: Отбасының жылуы және сүйіспеншілік құндылығы
Баяндауыш пен бастауыш арасындағы байланыс: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сөйлем мүшесін оқыту: бастауыш сыныпқа арналған пирамидалық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz