Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі

Пән Информатика сынып 5 Күн і
сабақ №: 18
Тақырып: Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі
Мақсат:
Білімділік - Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сөйлеу, өз ойларын жеткізе алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі : аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тақта, тұсаукесер, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, Paint графикалық бағдарламасы, Word Pad мәтіндік редакторы.
Сабақ барысы
Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
(Сұрақ - жауап, компьютермен жұмыс)
Сұрақ:
1. Paint гафикалық редактор программасын іске қосу үшін қандай әрекеттер орындау керек.
2. Тақырып жолы деп нені атаймыз ?
3. Аспаптар құралы деп нені атаймыз?.
4. Сурет салу алаңы дегеніміз не ?
5. Түрлі - түсті тақтасы дегеніміз не ?
Компьютермен жұмыс.
Тапсырма
: Құралдар тақтасын пайдалана отырып әдемі үйдің суретін салып безендіру . Үйдің жаңына гүлдің суретін салып оны көшіріп көбейту.
Мәтіндік редактор - ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
- мәтіндік құжаттарды құруға;
- оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
- мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
- құжаттарды басып шығарға.
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер - мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз - бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен (пробелы) ажыратылып жазылған символдар тізбегі.
! Түйін
- Компьютерде мәтіндік
ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылығына: сақтау ықшамдылығын, мәтінді басқа тасығыштарға жылдам көшіру, компьютерлік желілер арқылы жеткізу мүмкіндіктерін жатқызуға болады.
- Мәтіндік курсор мынадай
символдардың орнын көрсетеді.
- Мәтіндік құжаттармен
жұмыс жасауға арналған арнайы программалар - мәтіндік редакторлар (немесе мәтіндік процессорлар) .
- Мәтіннін негізгі
элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.
- Мәтіндік құжат бос
болмайды. Онда міндеттә түрде бір абза бар және абзацтың қасиеттері сақталады.
Компьютердегі тәжірибелік
жұмыс оқулықта 157 бет.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
1-тәжірибе
Уақытты белгілеп, дәптерге «Мен мәтіндік редакторды аша аламын» деп жазыңдар. Word Pad мәтіндік редакторын іске қосыңдар және сол мәтінді теріңдер. Жазу және басып шығару уақытын санаңдар. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы тұжырым жасап, оларды дәптерге тіркеңдер.
2-тәжірибе.
1. «Мәтіндік редактор» сөздерін жартылай жуан әріппен ерекшелеңдер.
2. Құжатты өз бумаларына 2-тәжірибе_RTF деген атаумен, файлдың типін RTF етіп, сақтаңдар.
3. Word Pad батырмасы → Қалай сақтау бұйрығын орындаңдар, файлдың атын 2-тәжірибе_TXT деп, ал файлдың типін «Мәтіндік құжат» деп көрсетіңдер.
4. Жақындағы құжаттар тізімінен 2-тәжірибе_RTF файлын ашыңдар. Мәтіннің сыртқы түріне көңіл аударыңдар. Жаңадан 2-тәжірибе_ TXT файлын ашыңдар. Мәтіннің сыртқы түріне көңіл аударындар.
5. Редакторды жабыңдар.
6. Файлдардың мөлшерін анықтаңдар.
- 7. Дәптерге құжатты әртүрлі пішімдегі файлдарда сақтау туралы өз тұжырымдарыңды жазыңдар.
Көз жаттығуын орындайық. (презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар. ppt
- Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
- Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
- Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
- Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
- Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
? Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
(әрбір фигураның артында сұрақтар жасырылған, оқушылар фигураларға басып, артында жасырылған сұрақтарға ауызша жауап береді)
- Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
- Мәтіндік редактор деген не?
- Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
- Мәтіндегі абзацтар бір - бірінен қандай символмен ажыратылады?
- Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
- Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.
- Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақтағанда қандай пішімді таңдау керек?
Пән Информатика сынып 5 Күн і
сабақ №: 21
Тақырып: Мәтін бөліктерін ерекшелеу
Мақсат:
Білімділік - Мәтін бөліктерін ерекшелеу тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру
Дамытушылық - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, көре отыра есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі : аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тақта, тұсаукесер, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, Word Pad мәтіндік редакторы.
Сабақ барысы
Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сұрақ-жауап:
1. Мәтіндік редактор деген не?
2. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
3. Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
4. Мәтіндегі абзацтар бір-бірінен қандай символмен ажыратылады?
5. Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.
Мәтін теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.
Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.
Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері
- Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.
- Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда абзац ерекшеленеді.
- Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшеленеді.
Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады.
Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.
Компьютердегі тәжірибелік
жұмыс оқулықта 166-167 бет.
Егер тапсырмада көрсетілген файл
сендерге берілмесе, онда мәтінді өз
беттеріңмен теріңдер.
А деңгейі
- Мәтінді теріңдер:
Сәтемір хан
Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая-мисия барып, тамның төбесіне шағып кетіпті.
Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай-тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентай осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсызтық екен» деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.
- Құжатты өз бумаларыңда
Сәтемір хан деген атпен
сақтаңдар.
бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі
«Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.
- «; » белгісін «. » белгісіне
ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.
- Өз бумаларыңның Сәтемір хан
файлындағы өзгерсітерді сақтаңдар.
В деңгейі
- Мақалдар файлын
ашыңдар:
Өзін ғана ойланған - жамандықтыңң белгісі,
Өзгені де өйлаған -
Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таныйды.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра
Оқусыз білім жок, ьь
Білімсіз күнің жоқ.
Оқу - білім бұлақы
Білім - өмір шырағы.
- Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.
- Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер.
Enter, BackSpase және Delete пернелерін қолданыңдар:
- егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші мақалдың соңына қойып, Enter пернесін басыңдар;
- егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың соңына қойып, Delete пернесін басыңдар (курсорды екінші жолдың басына қойып, BackSpase пернесін басуға да болады) .
- Файлды өз бумаларыңда Мақалдар_1 деген атпен сақтаңдар.
С деңгейі
1
. Сөздер
файлын ашыңдар:
Тапсырма Дабыл Бума
Үйдің төбесі Мектеп Бөлме
Қоңырау Программа
2. Delete, BackSpase пернелерін қолданып және алмастыру режимінде (Insert пернесін қосып) символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер жасаңдар.
3. Құжатты өз бумаларыңда Сөздер_1 деп сақтаңдар.
Көз жаттығуын орындайық. (презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар. ppt
- Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
- Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
- Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
- Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
- Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- Мәтін теру ережелерін атаңдар.
- Мәтіннің басына бос абзацты қалай қосамыз?
- Мәтінді енгізгенде жіберілген қателерді түсіндіріңдер:
Планета тұрғындары арасында ондаған тілде сөйлейтін адамдар көп-ақ. Мәселен, К. Меццофанти (1774-1849 жж. ) 26 тілде, ал профессор Раск (1787-1832 жж. ), Д. Баурин (1792-1872 жж. ), доктор Гарольд Уильямс (1876-7928 жж. ) 28 тілде сөйлеген. Поуэлл Александр Янулас (1939 жылы туған) Канададағы Британ Колумбия провинциалды сотында 41 тіл бойынша қызмет істепті. Ал Ұлыбританияның ең ірі лингвисі саналатын Джордж Кэмбпелл (1912 жылы туған) 54 тілді меңгерген. Ол Би - би - си -де жұмыс істепті.
4. Мәтіндегі қолданылатын қандай амалдар түзетуге жатады?
5. Мәтіннің элементтерін жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.
6. «Мәтінді ерекшелеу тәсілдері» кестесін толтыруды аяқтаңдар (5-кесте) :
7. Сәйкестендіріңдер.
Ctrl+Home Таңдалған бұйрықтың бас тарту
Page Up Бас әріптерді теру режиміне өту
Delete Курсорды құжаттың басына апару
Caps Lock Курсордың сол жағындағы сөзді жою
Esc Курсорды бір бетке жоғары апару
Insert Абзацты енгізуді аяқтау
Enter Курсордың оң жағындағы сөзді жою
Ctrl+BackSpace Мәтінді енгізгенде ауыстыру
режиміне көшу
8. Мәтінді алмастырудың қандай тәсілдерін білесіңдер?
9. Ерекшеленген фрагментті алмасу буферін қолданбай қалай көшіреміз?
10. Алмасу буферіндегі бір мезгілде мәтін фрагменттерінің нешеуін сақтауға болды?
Пән Информатика сынып 5
сабақ №: 24
Тақырып: Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу
Мақсат: Мәтіндік редакторда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімдерін тексері, бекіту. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.
Білімділік - Мәтіндік редакторда тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту, жүйелеу.
Дамытушылық - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік - достық қарым-қатынасқа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі : аралас
Сабақ типі: бекіту
Құрал-жабдықтар: оқулықтар, таратпа карточкалар, интерактивті тақта, MyTest бағдарламасы.
Сабақ барысы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz