Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сүт және сүт өнімдері
Бітік орта жалпы білім беретін мектеп -балабақшасы
Сабақтың тақырыбы:
6 класс
Сүт және сүт өнімдері
Өткізген: технология пәнінің мұғалімі
Х.А.Аймағамбетова.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Оқушылардың сүттің қоректік құндылығы мен емдік қасиеттері туралы білімді
меңгеруін қамтамасыз ету, олардың сүт өнімдерінің мол ассортименттерімен ,
сүт өңдеу түрлерімен , сүтті сақтау шарттарымен таныстыру.
Еңбекқорлыққа, мұқияттылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, сүт
өнімдеріне дұрыс және ұқыпты қолдану көзқарастарын қалыптастыруға бағыт
беру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: көрнекілікпен түсіндіру, сарамандық жұмыста алған
білімдерін бекіту.
Көрнекі құрал-жабдықтар: оқулық, төрт түлік мал туралы плакат, сүттен
даярлаған тағам түрлері, сөзжұмбақ.
Ұйымдастыру сәті.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Өткен тақырып бойынша сұрау жүргізу.
*Макарон өнімдерінен қандай тағам түрлері дайындалады?
*Макаронды пісірудің неше тәсілі бар, олар қандай?
*Макарон өнімдерінің пішіндері қандай болады?
Жаңа сабақ.
Сүт-бағалы тағамдық өнім.Оның құрамында адамның ағзасы дұрыс өсіп-дамуы
үшін қажетті барлық қоректік заттар бар.
Сүтті көптеген халықтардың фольклорында кездесетін , мақтаған «тірі
сулың» нағыз өзі десе де болады.
Егер де сүтті пайдалы қазбалардың үлкен кен орнымен салыстыратын болсақ,
біз бұл «кен орнынан» Менделеев кестесінің барлық дерлік элементтерін
кездестіреміз. Сүт құрамындағы бірқатар элементтер кейбір азық-түліктерде
мүлдем кездеспейді.
Сүттің сіңірілуі ең жоғары -98%. Сүт құрамына ақуыз (3,6%), майлар (3-4%),
көмірсулар (4%), А,В,С,Д дәрумендері және минералды сусындар кіреді.
Сүттің 1 литрі ағзаға 600 кал, береді, бұл ересек адам үшін калориялардың
тәуліктік мөлшерінің шамамен 20 % құрайды. Сүт және сүт өнімдерінің жеңіл
сіңімділігі оларды қорыту үшін көп энергияны қажет етпейді. Балалардың
тағамақтануында сүттің маңызы зор. Сүт өнімдері арқылы бала өзіне қажетті
ақуыз, дәрумендер, кальций, темір және басқа да көптеген пайдалы
микроэлементтер қорын алады, әр түрлі ауруларға қарсы төзімділігі артады.
Сүттің химиялық құрамы және оның тағамдық құндылығы мал тұқымына , оның
қоректенуіне және күтіміне, сонымен қатар жыл мезгіліне байланысты өзгеріп
отырады.
Сүт зауытына әкелінеін сүтті зарарсыздандырады (пастерлейді) (80-85 С
темп. дейін қыздырады). Пастерлеу кезінде сүт зиянды микробтрадан
зарарсыздандырылады, сонымен қатар оның барлық қоректік қасиеттері
сақталады.
Сүт зауыттарында май, ірімшік жасаушылар, қаймағы алынбаған сүт және
қаймақ-ірімшік жасау өндірісінің шеберлері, қойытылған және құрғақ сүт
өндірісінің аппаратшылары жұмыс істейді.
Сүт және сүт өнімдерін тиісті мерзімге дейін тоңазытқышта немесе суық жер
қоймаларда сақтау қажет. Сүтті ашық ыдыста және иісі бар басқа өнімдердің
жанында (балық, пияз т.б) сақтауға болмайды, себебі сүт бұл иістерді тез
қабылдайды.
Ежелден бері сүт, сүттен дайындалатын тағамдар қазақтың ұлттық
тағамдары қатарында ерекше орын алады. Сүт өнімдері қазақ халқы үшін
қасиетті, байлық пен молшылық тың белгісі болып саналады. Егер сүт
байқаусызда төгілсе, үйдің берекесін жоғалтпау үшін сол жерде дәстүр
бойынша төгілген сүтке саусақты малып, маңдайға жағатын.
Сүттің алатын орыны ерекше, бұған күнделікті тәжірибеде қанщалықты көз
жеткен болса, медицина да тап солай құптап отыр. Барша жұрт сүтті ең жеңіл
тағам ретінде бағалайды.
Пайдасы: асқазаны бұзылған, сондай-ақ басқа да ауыр науқастарға – жүрегі,
бүйрегі, бауыры ауыратын адамдарға пайдалы. Суық тигенде бал қосылған сүт ,
жөтел тигенде інжір қосылған сүт ішеді, өкпе ауруына қарсы сары май бал
және басқа да құрамдастар араластырып қолданады.
Сүттің құрамында аса қажетті 200-ден аса әр түрлі органикалық минералды
қосылыстар бар. Атап айтқанда, белоктар, май, витаминдер, лактоза,
ферменттер, органикалық қышқылдар, минералдық тұздар кездеседі. Соның
ішінде 98 проценті организмге толық сіңеді. Сүт құрамында 12 түрлі витамин
бар.
Әлемге аты әйгілі дәрігер ғалым Әбу Али Ибн Синаның « Дәрігерлік ғалым
қағидасы» деп аталатын еңбегінде сүттің шипалық қасиеті жөнінде жан-жақты
айтылған. Әсіресе, ешкі сүтінің ағзаға жұғымды қасиеті, пайдалылығы атап
көрсетілген. Ешкі сүті ана сүтімен тең: әлсіреген адамға беріледі. Құрамы
жағынан сиыр сүті жақын болғанмен, біраз артықшылығы бар. Ешкі сүтінде сиыр
сүтіне қарағанда май қышқылдары көп, оның жұғымдылығы көбіне осыған да
байланысты деп дәлелденген. Қазір өнідірістік салаларда сүттен дайындалған
өнім молшылық.
Кальций көзі ретінде сүт өнімдерін сүйектері қарқынды түрде өсетін
болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационына қосу керек.
Сүт тағамы жас қосылған сайын сүйектен кальцийдің шайылуы арта беретін қарт
адамдарға да қажетті. Сүйек құрамында кальцийдің жетіспеуі остеопорозға
(сүйек тканінің жұқаруына) алып келсе, ал оның салдары сүйек сынғыштығына
алып келеді. Ірімшік және басқа да азық-түлік түрлері хирургиялық операция
басынан кешірген немесе жарақат алып, сүйегі сынған адамдарға өте қажетті
тағам.
Бүгінгі сабағымызда сүттен дайындалатын ірімшік тағамын жасаудың
тәсілін түсіндіреміз. Ірімшік (сыр) құнарлы азықтық тағам. Оның құрамында
22-30 пайыз белок, 15-30 пайыз май, А,В дәрумендері, кальций мен фосфор
бар. Ірімшік- қатты, жұмсақ, тұзды және қышқыл ірімшіктер деп бөлінеді.
Көбінесе түрліше аспаздық пісірілген тағамдарда- пирог, запиканка, құймақ,
дайындауда пайдаланылады.
Жасалу жолы: ірімшік сүттен жасалады. 3 л . сүтті қайнатып, оған қымыз ,
айран, шұбат сияқты ащы 20г. іріткі қосып ірітеді. Әбден қыздырып, бабымен
қайнатылады да сүзіп алынады. Әрине, қой сүтінен жасалған ірімшік өте дәмді
болады. Ірімшік қыста да, жазда да жақсы сақталады.
Бекіту:
1. Сүт өнімдерінің ағза үшін маңызды құндылығы қандай?
2. Сүт өнімдерінен қандай тағам түрлері дайындалады?
3. Ірімшік тағамын дайындау жолдарын еске түсір.
Тазалық талап ережесімен танысайық.
1. Сүт тағамдарын дайындау алдында қолыңды жақсылап жуу керек.
2. Сүт тағамдарын салқын, қараңғы жерде, жабық ыдыста сақтайды.
3. Шикі сүтті ішуге болмайды.
4. Сүтті ашыту үшін нанды, басқа да осы мақсатқа арналған пайдалану
қажетсіз.
Қадағалау, үйрету, бағыттау.
Қорытынды : «сүт» сөзімен синквейн құрау.
Француздар тақпақ ойлап тауып, оны «синквейн» деп атады. Синквейн сөзін
еркін аударғанда «бес шабыт» немесе «бес сәттілік» деп аударылады дейді-
мыс. Бұл ғажап өлеңді жазу ережелері келесідей.
1- жол- зат есімнен тұрады.
2-жол- сол зат есімнің сипатын беретін, қасиеттерін ашатын екі сан есімнен
тұрады.
3- жол- зат есім жасайтын қимылды білдіретін үш етістіктен тұрады.
4- жол- сіздің зат есімге деген көзқарасыңызды білдіретін төрт сөзден
тұратын фразадан тұрады.
5- жол- зат есімнің синонимі немесе сіздің сол сөзге байланысты
ассоциацияңыз.
Бағалау.Үйге тапсырма беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz