Ағашты көркемдеп оюдың түрлері

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы
БОЖББ мектеп-балабақшасы.
Тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері.
Өткізген: «Жас шебер» үйірмесінің жетекшісі
Х. С. Аймағамбетов
Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою әдістерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың қол икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға сай бұйымды жасауды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды үнемділікке, тиянақтылыққа, көркемдеп оя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, практикалық жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дайын бұйымдар, пышақ түрлері, дайын тақтайшалар, нұсқалар, плакаттар, қауіпсіздік ережелері.
Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, сызғыш, ағаш материалдары, ою пышағы, балға, ара, қашау, зімпара қағазы, қиылған ою үлгісі, лак т. б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Сабаққа дайындығын қадағалап, қажетті құрал - жабдықтарын тексеру.
б) Қауіпсіздік ережелерін тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылар, жер жүзіндегі барлық халықтарда ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, ірі мәдениет үлгісі ретінде жақсы сақталған. Халық арасындағы шеберлер ою арқылы сәулетті ғимараттар мен қару-жарақты, т. б. толып жатқан тұрмыста тұтынатын, бұйымдарды мәнерлеп, әшекейлеп отырған. Ою сөзі латынның ornamentum (орнамент) деген мағынаны білдіреді. Балалар, бүгінгі сабағымызда ағашты оюдың және ағаштардан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің алуан түрлі жасалу жолдарын іс жүзінде жасауды үйренеміз. Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы білуі шарт. Ағаштың: қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, түсі т. б. Ою дегеніміз - бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
Бедерлеп ою
деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп жасауды айтады.
Жұмырлап оюда ағаштан тұтас шабылатын келі, келсап, аяқ табақ, ожау сияқты бұйымдарды жасауды айтады. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометриялық бейнедегі өрнек . Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Геометриялық оюлар - ағаш оюдың кең тараған және ежелден келе жатқан түрі . Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді геометриялық фигуралардан тұратын өрнектер екі, үш және төрт қырлы ойықтар түрінде орындалады .
1-сурет. Геометриялық резьбалардың базалық элементтері: а-екі қырлы; б-үш қырлы; в-төрт қырлы; г-қисық сызықты түрінде.
Геометриялық оюлардың элементтері.
Геометриялық оюлар пышақ, қиғаш жүзді және жартылай дөңгелек қашаулармен орындалатын бірнеше негізгі элементтерден құралған әр түрлі комбинациядан тұрады. Геометриялық оюлардағы ең қарапайым элементтер тереңдігі мен ені әр түрлі, түзу және қисық сызықты екі қырлы ойықтар. Геометриялық оюда пішіні, өлшемі және орындалу техникасы әр түрлі үш қырлы ойықтар ( үшбұрыш ) көбірек таралған .
22-сурет. Геометриялық оюлардың техникалық орындалуы.
2 Екінші тәсіл - өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады.
Өрнекті тақтай бетіне көшірудің әдістері:
- Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі ;
- Өрнекті тақтай бетіне ортасынан бастап салу әдісі ;
- Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі .
Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы :
- а) Тең бүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою ;
- б) Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою ;
- в) Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою .
Ағашты ою арқылы бұйым жасау үшін :
- Ең алдымен ою үлгісін қағазға салып алып қияды ;
- Үлгіні ағаш тақтаның бетіне көшіреді ;
- Тақтаға қарындаштың ізін қуалап, пышақтың жүзімен өрнекті түсіру үшін қашауды жұдырыққа тік етіп сығымдап ұстап, ішке қарай нығырлап тартып оюды ;
- Екінші көмекші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болады ;
- Дайын өрнекті, бұйымды тазалау, әрлеу, лактау.
Оқушылар ақ қағазға геометриялық ою-өрнектердің түрлі үлгілерін сызып, қию әдістерін орындайды. Верстакта ағашты өңдеу жұмысы жүргізіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz