Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ата-ана құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Мақсаты: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет
тұтуға үйрету.
- Ата-ананы қадірлеу, ардақтау,ата-ананың үмітін ақтауға
баулу.
- Махаббатқа,мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар,бейнежазбалар
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша өткізілді

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Шаттық шеңбері
Сөзі: Ғ.Қайырбеков
Әні: Ш.Қалдаяқов «Ана туралы жыр» (әуені ойнап тұрады
оқушылар бірге орынд)

Мұғалім:
- Енді тақтадағы суреттерге қарай отырып, біз бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы мен дәйексөзін құрастыра аламыз.
тау , бұлақ , құрақ
ІІІ. Мағынаны тану «Джиг СО» стратегиясы
Әке – асқар тау
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағадағы құрақ.
Халық нақылы

( оқушылар мағынасын түсінд)
Әке-асқар тау.
Болаттай берік, құрыштай қайсар рухы бар әкенің өз перзентіне
көрсетер үлгі-өнегесі мол.
Шығыс халқы: «Әкеден асқан арман жоқ, әкеден асқан қорған жоқ, әкеден
асқан пана жоқ, әкеден асқан дана жоқ» деп әкені ерекше құрметтеген.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу- айрықша парыз.»Әкеге бағыну –
Аллаға бағыну.Оның алдында күнәһар болу – Алла алдында күнәһар болу»
дейді Пайғамбарымыз.
Ана – аққан бұлақ.
Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Сондықтан ананы
ардақтамайтын халық та жоқ. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де
ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаға, тағы
да анаңа, тағы да анаң, содан соң әкеңе жақсылық жаса». «Егер атаң
мен анаң бірдей үн қатса, әуелі анаңа жауап бер». «Анаңды Меккеге
үш рет арқалапапарсаң да парызыңды өтей алмайсың».
Бала – бауырындағы құрақ
Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек – ата-ана өмірінің жалғасы
– бала. Бала-ата-ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін
қалыптастыратын - өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны
ілерсің дейді халқымыз.Айналайын деп арқаңнан қақса да жаман
қылығына күйініп, жерден алып, жерге салып жатса да – балам жақсы
болса екен деген тілегі»
ІV. Мәтінмен жұмыс
І. топ – Мәлік Ғабдуллиннің
«Ана» мәтіні бойынша
ІІ. топ – Ғабит Мүсіреповтің
«Ақлима» әңгімесі
/ әр топ постер қорғау,берілетін уақыт 5 минут қорғау 2 минут
Р.Әлқожаның орынд. «Қос бәйтерегім» әні жүріп тұрады /

V. Толғаныс. «Болжау» стратегиясы
- «Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеудің қажет екендігін ақыл-ой,парасат
тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана
ғой.Не үшін ата-анаға құрмет жасаймын деп» есіңе алма. Олар сен
үшін....( оқушылар әрі қарай ойын жалғаст.)

- Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі. Сені жан-тәнімен
жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаң көңілін қалдыратын құрттай да
іс жасасаң, сен ешқандайда жақсылыққа
лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе,
басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен ...

- Егер сен, өз перзентім құрмет қылсын десең, ата-анаңды құрметте,
сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент –
жеміске, ата-ана сол жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы
күтсең, жемісі де, дәмі де жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген
ізет , құрметіңді аямасаң , саған деген олардың ізгі тілегі қабыл
болғаны».

VІ. Ұлағатты сөздер арқылы ой толғау

1. «Алты аға бірігіп әке болмас
Жеті жеңге бірігіп ана болмас»
2. «Баланың бас ұстазы-ата-анасы»
3. Баланың жақсысы-қызық, жаманы – күйік
4. Атасы тұрып , ұл сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қыз сөйлегеннен без.

VІІ. Бейнежазба «Ана қадірі»

VІІІ. Жақсы тілек,
Жылы жүрек. ( әр оқушы ұялы телеф. арқ. анасына соғып жылы
лебізін жіберу немесе хат жазу )

- Оқушылар, мен сіздерді аналарымызға мейірімділік пен
сүйіспеншілік арқцылы махаббатқа бөлеуге шақырамын, үнемі бір-бірімізге
жылы лебіз білдірейік.
« Анашым, мен сені жанымнан артық көремін»
« Анашым, мен сен үшін бәріне дайынмын»
«Анашым мен сені бәрінен биік қоямын» т.б

Назарларыңызға рахмет!

«Есет мектеп-балабақша кешені» КММ

2015-2016 ж

Ұқсас жұмыстар
Ата -ана алтын тұғырың. 11 сынып
Отбасы тәрбиесі
Өнеге отбасынан
Білім алушының әрекеті. Сабақ типі
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Табиғатқа қамқорлық
Ата - баба өнері
Адам - әлем бөлшегі
Ақылды тыңдай білуде өнеге
"әкем, шешем және мен" спорттық сайыс
Пәндер