Камералық музыка: бастауыш сыныптарға арналған ашық сабақ

Тақырыбы: Камералық музыка

Мақсаты:

  1. Білімділік : Музыка мәдениетіне баулу. Камералық музыка түсінігімен танысу.
  2. Дамыту:Ой қабілетін, есте сақтау қабілетін, ән айту өнерін дамыту.
  3. Тәрбиелік:Өнер ұжымдарына деген сүйіспеншілігін, оқушы бойына музыкалық тәрбиемен қатар, елін, жерін, ата-анасын, достарын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : Слайд, үнтаспа ( сергіту сәті), оқулық

Типі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері! / психологиялық дайынд/

Қуан шаттан,

Қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, достым

Қайырлы күн болсын.

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Сұрақ-жауап

  1. Театрдағы ең басты адам кім?
  2. Театрға барғанда өзімізді қалай ұстауымыз керек. Оның қандай ережелері бар?
  3. Режисер не істейді?
  4. Суретшілер қандай жұмыс жасайды?
  5. Сахна әртістерінің киім үлгілерін кім жасайды?
  6. Филармония залынан көбіне қандай музыкаларды тыңдауға болады?
  7. Музыкалық өнер шаңырағы - филармония кімнің атында?
  8. Көрермендер өз көңіл-күйлерін қалай білдіреді?
  9. Театр түрлерін ата?

ІІІ. Жаңа сабақ.

/ суреттер арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу/

камера музыка

  • Ерте замандарда Еуропада филармония мен концерт залдары болған жоқ. Сондықтан музыканттарды бай әрі ауқатты адамдар арнайы үйлеріне шақырып тыңдаған. Мұндай концертке бір немесе бірнеше орындаушылар қатысқан. Әсіресе скрипка, альт, виолончель орындаушыларының концертін тыңдауды дәстүрге айналдырған.

- Аспаптардың ұқсастығы мен айырмашылығына тоқтала кету

Концертті үй иесінің туыстары, достары және арнайы шақырылған қонақтар тамашалаған.

Мұндай концертті камералық концерт деп атаған. Бұл атау Италяның «camera», яғни «бөлме» сөзінен шыққан.

Ал, бүгінгі күнде камералық музыка концерттерін филармонияның кіші залынан тыңдай аламыз.

Мысалы, әншілердің дуэті, қобызшылардың триосы

Ішекті аспаптардың квартеті Үрмелі аспаптар квинтетін

атап айтуға болады. Осылайша үйде пайда болған камералық музыка үлкен сахнаның төрінен орын алады.

V. Музыкалық сауаттылық.

Екі, үш, төрт және бес адамнан құралған орындаушыларды дуэт,, трио, квартет және квинтет деп атайды.

VІ. Сергіту сәті ( бейнероликке қарап билеу)

VІІ. Ән орындау:

«Домбырасыз сән қайда»

Әні: И. Нүсіпбаев

Сөзі: Х. Талғаров

/ әнді қайталап, ән орындау дағдыларын пысықтау/

І Х. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

- Ертеде концертті қайда өткізген?

- Не себепті камералық музыка деп атаған?

- Дуэт, трио, квартет, квинтет дегеніміз не?

Х. Үйге тапсырма.

- «Домбырасыз сән қайда» әнінің сөзін жаттап келу

- Камералық музыка / мазмұндау/

- музыкалық сауаттылықты жаттау

«Есет мектеп - балабақша кешені» КММ

Бастауыш сыныптар арасындағы әдістемелік

күнде өткізілген ашық сабақ

16. 02. 2016 ж


Ұқсас жұмыстар
Камералық музыка: түсінігі, тарихи қалыптасуы және орындау формалары
Зерде білім сайысы: 6-сыныптарға арналған музыка пәні сабақ жоспары
5-6 сыныптарға арналған музыка пәні тест тапсырмалары
Тілашар тойы: бастауыш сыныптарға арналған мерекелік сабақ
16 желтоқсан - бастауыш сыныптарға арналған ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіз елім Қазақстан
5-9 сыныптарға арналған Өнер білім саласы: Музыка және Бейнелеу өнері оқу бағдарламалары (Астана, 2013)
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықшаны қолдану: бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары
Бастауыш сынып музыка сабағы: Халық музыкасы және Наурызға арналған шығармашылық-концерт
Бастауыш сыныптарға арналған театрландырылған танымдық сағат: Кітаптар ауруханасында
Ашық сабақ: Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев (Музыка, 6-сынып)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz