Ауғанстан - жүректегі жара

Ерлік сабағы
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Қызығушылығын ояту (оқушылар жазады)
Патриот сөзі гректің «Отан», «Туған жер» деген атауынан шыққан.
2. Мағынаны ашу.
Ол күнде ошағы оттың ауған еді,
Өмірі көз ашпаған жаудан елі.
Ақтығың шығар қалған жаныңды алып,
Төбеңнен ажал оғы жауған еді.
С. Нұрымбет.
Ә) Ауған соғысы жайлы не білеміз?
Мадина:
Ауған соғысы - Кеңес өкіметі Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі саясатына, ішкі істеріне қол сұғу салдарынан тұтанған соғыс.
Айнұр:
Кеңес өкіметінің бұл ісі өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік Қауіпсіздік қызметі тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарылып, біраздан соң ел екіге бөлінді.
Мадияр:
1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен астыртын қимылдар арта түсті. Ел басындағылардың кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдеп-ғұрпымен санаспау т. б. себептер халықтың назарлығын туғызды.
Еркежан:
1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі Кеңес Одағымен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып, Мәскеуге арқа сүйей бастады. Алайда халық назарлығы арта түсті.
Айым:
Бұл жағдайды шешу үшін Кеңес үкіметі 1979 жылы 12 желтоқсанда әскерін Ауғанстанға енгізді. Ол соғыс ақпанның 15 жұлдызы, 1989 жылға дейін созылды.
Әділжан:
15 ақпан - Кеңес әскерлерінің ауғанстаннан шығарылған күні. Бұл күн әрқашанда бәріміздің жадымызда, өйткені, қазақстандықтардың бұл оқиғада үлесі зор. Интернационалдық борышын орындауға барғандар өз күштерін, жастық жігерін аямастан ар-намыспен қорықпай, жақсы қасиеттерін көрсете білді.
Назерке:
Ауғанстан соғысының ардагерлеріне арнап, Семей қаласында ескерткіш қойылды.
Эльнұр:
Ауған соғысында Семейден 46 адам, жалпы қазақстаннан 22 мың адам қатысқан екен. Қаза болғандар жайлы мәліметті кестеден көре аласыздар.
Ауған соғысы
(1979-1989жж)
Даулет:
Ауған соғысының 13 жыл бойғы зияны 20 млрд долларды құраған екен:
- 100 мыңнан астам ауғандықтар қаза болды.
- 6 млн ауғандық шетелге ауып кетті.
- 2 млн ауғандық ел ішіндегі «босқынға» айналып кетті.
Ибрагим:
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ауған соғысы жайлы былай деген: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындандық. Мыңдаған өмір қиылды, бәрі бір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бола ма? Бұл ұтылыс жоғарғы әскери командашылықтың белгілі бір бөлігін мықтап ойлантты».
Б) Ерлік туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Ер басына күн туса,
Ереулі атқа ер салмас.
Ерлікте шек жоқ.
Жақсыда шек жоқ.
Ер жігіт елі үшін туады,
Ерлік үшін өледі.
Ер есімі ел есінде.
Ер - елдің айнасы.
Ел үмітін ер ақтар.
Ер атағын ел ақтар.
Ел - елдің түбі бір,
Ер - ердің тілегі бір.
В) « Ерлік», «Отан», «Туған жер» туралы қандай өлең, тақпақтар білеміз?
Г) Қазіргі кезде Отан алдында әскери борышын өтеу міндет пе?
Д) Әскери міндетін өтемеген адамды, мысалы: дәрігер, мұғалім т. б. патриот деуге бола ма? (оқушылар пікірі) .
Ж) Халқымыз өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркіне баласа, ер баланы ел қорғаны деген. Оған жүктелетін Отан аманаты жеңіл емес. Ол әрбір ер азаматтан қайыспас қайсарлықты, төзімділікті талап етеді. Сондықтан орта мектепті бітіріп, үлкен өмірге жолдама алған жастарымыздың алдында қасиетті Отан қорғау міндеті тұрады. Халық қаһарманы Бауыржан атамыз «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген екен. Отан қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымыға адал қызмет ету - біздің перзенттік борышымыз.
Өз елінің мұңын мұңдап,
Жоғын жоқтап әрқашан.
Өз елінің қорғаушысы
Болу керек әр ұлан!
З) Ауған соғысының ардагерлері жайлы сыр шертсек.
Әйгерім:
Біздің мектебіміз Лебаев көшеснің бойында орналасқан. Лебаев Марат Төлеуғазыұлы - қатардағы жауынгер, қатардағы әскери борышын өтеп жүрген, 1983 жылы Ауған соғысына интернационалдық борышын өтеу үшін жіберілген. Ол Семей қаласында туған. №5 мектепті аяқтаған соң Калинин атындағы Семейдің еткомбинатына жұмысқа орналасады. Ауған соғысында бірнеше рет әскери тапсырмаларға қатысып, ержүректілігімен таныла білген. 1983 жылы 17 мамырда әскери тапсырманы орындауда жараланып, қайтыс болады.
Ерен еңбегі мен қырағылығы үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Семей қаласында жерленген.
Ерсін:
Семей қаласындағы Жоламан елді мекенінде Сарлыбаев көшесі бар. Сарлыбаевтың кім екенін екінің бірі біле бермейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz