Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Ыбырай Алтынсарин Өзен

19.02.16жыл Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңнің пайдасы
адам өміріндегі маңызы туралы айту. Өлеңдегі негізгі ойды ашып
түсіндіру. Автор туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қаблеттерін,өз ойларын еркін жеткізе
білулеріне байланысты сөйлеу түрлерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сұлулыққа, әдемілікке
баули отырып,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: слайд
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой
қозғау. Сабақтың түрі: Жаңа
материалды меңгерту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мейірлі бол балаға,

Бар әлемде анаға.

Басымызды иеміз,
Бабамыздың
тілі деп.
Анамыздың тілі деп,

Ана тілін ,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз.
Ұйымдастыру бөлімі: Топқа
бөлу "кітапша өшіргіштің түсімен бөлу"

Иә, балалар ана тілді байыптап оқысаңдар, ана тілі біздің
тарихымыз,әдебиетіміз, мәдениетіміз. Оларды терең білу міндетіміз.

Ендеше, балалар бүгінгі жаңа тарауымыз: "Табиғат -менің өз үйім"
Жаңа сабақ: Ы.Алтынсариннің "Ө з е н" өлеңімен
танысамыз. 1.Ы.Алтынсарин кім? "Бәйтеректің" суретін
салып іліп қоямын, оқушылар стикергі жауаптарын жазып жабыстырады.
Оқушылар ойларын жеткізеді. 2.Бейне ролик көрсету. Автордың өмірбаяны мен
шығармашылығы туралы. Автордың оқыған өлеңін ары қарай жалғастырып өзім
оқып шығамын.Оны талдаймыз. Ендеше барлығымыз суретке зер салайық
,суретпен жұмыс жасайық.

- Суретте не бейнеленген?
(оқушылардың жауабы)
- Табиғаттың тамаша көрінісі сендерге қандай көңіл күй туғызды?
5 . - Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
Дәптерімізді ашып күннің жадын жазып,берілген
тапсырманы орындайық. Суретке қарап әңгіме құрастыру,әр топ 5 сөйлемнен
жазып талдайды , 1 бала оқиды.
Оқушылар
жауап береді.

-Мұғалім: Адам мен табиғат --егіз. Табиғат асыраушың ,қорғаушың
десек те болады. Ата-бабамыз "Жер қазына, су -алтын , мал- байлық" деп
өсиет айтып кеткен.
-Сөздік
жұмыс

қынарда -- жағасында

жанабында -- маңайында
Тізбектеп
бір шумақтан төрт балаға оқытамын.
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру .
-Топтық жұмыс

-1-топ Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
2-топ
Өзеннің қандай пайдасы бар?
3-топ Ақын өзенді қалай суреттеген?

-"Тас тасқа,алтын тасқа сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбына" деген
жолдардан не түсіндіңдер?
- оқушыларға
айтқызу.
Ал енді балалар сіздер қандай
өзендерді білесіңдер?
Қазақстандағы өзендерді аттарын атаңдар. Осы жерде қосымша мәлімет беру.
(слайд)
Қазақстан
аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (
Ертіс, Тобыл, Жайық ,Сырдария, Іле,Шу) ұзындықтары 1000 км-ден асады.

-Дәптермен жұмыс. Өзен
аттарын жазады.
Ойын "Кім шапшаң"
Өлеңдегі бір шумақты
жылдам жаттап алып, жатқа айту.
Сабақты бекіту.
Сонымен
өзен суының адамдарға, жануарларға табиғатқа қандай пайдасы бар?

Сабақты қорыту.

Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдаған
"Қазақстан - 2050" жолдауы- болашағымыздың бағдары. Жолдаудың негізгі
бағыттарының бірі экологияға арналып отыр.Қоршаған ортаны ластауға
,экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.
(тақтаға жазу) Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізге суды
сабамау,суды лайламау,былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Бұрынғы
кезде ата-аналары балаларына "Судың сабама-балығын шошытасың,

Бұлақты лайлама- құсын кетіресің",- деп тоқтау айтып тәрбиелеген.
-Мұзарт тобының орындауында "Есіл ағады" әні .
Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Өзеннің суретін салу. Өлеңді жаттап алу. Осымен
сабағымыз аяқталды,демалыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Өзен өлеңі
Ыбырай алтынсарин "өзен" өлеңі
Дала жұлдызы-ыбырай алтынсарин. тәрбие сағаты
Сабақ кезеңдері. Жаңа сабақ
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары
Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі
Ананың сүюі
Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын
Ыбырай Алтынсарин кім
Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Пәндер