Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Құс – көктем жаршысы
Тәрбие сағаты: «Құс – көктем жаршысы»
Мақсаты: 1) Оқушыларға құстардың алуан түрлілігі және олардың маңызы
жөнінде мағлұмат беріп, дүниетанымын кеңейту.
2) Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, өз
беттерінше ізденуге, шығармашылыққа талпындыру, сахналық өнерге баулу.
3) Оқушыларды құстарды қорғауға, аялауға бейімдей отырып,
еліміздің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдқа жазылған құстарға байланысты нақыл сөздер,
фотомонтаж, құстардың дауысы, танымдық ойындар , сөзжұмбақ , ребус, т.б.
І Кіріспе: «Құс – табиғат байлығы»
Мұғалім: Жылы шуағымен гүл өсіріп, жыл құстарын ілестіріп көрікті
көктем келді. Шұғылалы, шуақты көктем күндері құтты болсын, балалар!
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
«Құс – көктем жаршысы». (Интерактивті тақтадан фотомонтажды көрсету.)
Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар. Жер шарының әр
түпкірінде құстардың қоныстануы бірдей емес. Қанаттылар түріне Орталық және
Оңтүстік Америка бай. Құс түрінің ең аз өсетін жері Жапония. Онда 425 құс
түрі тіршілік етеді. Жалпы дүние жүзінде 8600 – ге жуық құстардың түрі
таралған деп есептелуде. Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар екен.
Ал өзіміздің Алакөлде 283 құс түрі бар. Құс – табиғат байлығы, өмір көркі.
Табиғатты қорғау дегеніміз – Отанды қорғау.
Оянды бар табиғат ұйқысынан
Жадырап құтылғандай қыс қамынан
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан
ІІбөлім: «Құс – көктем жаршысы»
І оқушы: Көктем келді ,сұлу қаздай жаз келді!
Күміс қанат үйрек келді, қаз келді!
Май шуағы, жан шуағы бір шуақ,
Жырла ақын, жырла шаттық аз ба еді?
ІІ оқушы: Жыл құстары келді деп
Балдырғандар мәз болды,
Қос қанаты желбіреп
Көлге үйрек, қаз қонды.
І оқушы: Адам мен құстың достығы сонау ерте заманнан –ақ басталған. Оған
дәлел халықтың аңыз-ертегілері, құстар жайлы айтылған ән-жырлары. Адамды
алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қасиеті болған. Себебі ертегілердің
көпшілігінде адам басына қауіп-қатер төнген кезде құтқарушы, жақсылық
жасап, дәулет сыйлаушы- бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық
аңыздарында қанатты достарымыз ақылды, айлалы етіп көрсетіледі.
ІІ оқушы: Құс-табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты
азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген.
І оқушы: Жылы шуағымен гүл өсіріп, жыл құстарын ілестіріп көрікті
көктем келді.!
ІІ оқушы: Құстар тойын құттықтап
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қолдаймыз.
Көктем:
Сәлем, достар, аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Ән саламын құс үнімен,
Сәнденемін нұр гүлімен
Қуантамын бәріңді
Құт мереке күнімен!
Қорықшы: Сәлем елдің көктемі!
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік
Құстарыңа көктегі.
Көктем: Рақмет, балалар!
Сендерде ой, сана бар.
Бау-бақшаның дұшпанын
Бастырмайды құстарым
Кербез құстар әнімен
Келді міне сәнімен! Хор: «Көктем вальсі»
Көкек: Жаршысымын көктемнің . Қараторғай: Шегірткедей жұтыңды
Көкек дейді мені жұрт
Қырғи болып қырамын.
Өз ойын айтар құс менмін
Егістікке, жайылымға
Көктемді күтсең мені күт.
Қорғаушы боп тұрамын.
Бозторғай: Жаз ішінде 3 рет Бұлбұл: Мен
еркін, бақытты бұлбұлмын
Өргіземін балапан
Бұлағын тасытқан ән-жырдың
Қас жәндікті қағып жеп,
Тамаша ,тамылжып шырқаймын,
Пайдама жұртты қаратам.
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.
Көктем: Ақ тамақты қарлығаштар келіңдер! Аялаймыз, шын достыққа
сеніңдер!
Қарлығаш: Мен адамның досымын
Мекеінде тұрамын.
Шыбын келсе кәсібім
Ұстап жеймін, қырамын.
Тазалаймын үй-ішін
Шыбын деген кеселден
Ел аузында мақтаулы
Санитармын төселген!
Көктем: Елдің сәні, көлдің сәні ақ құсы, келді жұппен көптен күткен бақ
құсы!
Аққу: Құс сұлуы аққумын Сұлулыққа
паш етіп
Табиғат көркін сыйлаған. Жырлаған
талай ақындар
Мылтығын кезеп еш мерген Нәзік үнді
көл көркі
Атуға көзін қимаған. Құс
патшасы атым бар.
Эколог: Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал,
Түйесін ал, тиме аққуға!
Аққудың киесі бар.
Тиме аққуға,
Кіршіксіз, асыл ар ғой!
Тимеңдерші көлімнің көркі болсын!
Бірқазан:
Үкі:
Тоқылдақ: Сырымды кей құс білмейді, Бүркіт: Бүркіт ірі,
қайратты,
Мазақтап күліп күндейді.
Сұлу, әрі айбатты.
Ақ пенен қара шапанды
Көтеріліп тым биік,
Қабаттап киіп жүр дейді.
Көзбен шолар аймақты.
Қашаудай мықты тұмсығым,
Бүрген жерін жұлады,
Бәсеке тігем, бұл шыным.
Жүректі әрі қырағы.
Құрт, қоңыз теріп жарыссам,
Бүркіт-алғыр, текті құс,
Ілеспей қалар шымшығың.
Ең мықтысы – қыраны!
Үкі: Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған
Үкімді үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан-ақ адамдар тағып алған.
Ән: «Ақ көгершін»
3оқушы: Адам баласы бүркіт, тұйғын, қаршыға , ителгі, лашын, қырғи
сияқты кейбір құстарды қолына үйретіп олармен аң аулаған, бұларға қасқыр,
түлкі , қоян, т.б. аңдарды алдырған.
Құс салу, саятшылық өнеріне құмар елдің бірі – қазақ елі. Ондай адамды
халық құсбегі деп атаған.
4 оқушы: Құстар көктемгі ауыл шаруашылығы еңбегінің нәтижелі болуына
көмегін тигізеді. Олар жыл сайын көптеген зиянды жәндіктерді, кенелерді,
кемірушілерді құртып, егін мен орманды қорғайды.
5 оқушы: Құстар өсімдіктермен де қоректенеді. Тұқым мен дәнді, түрлі
жеміс-жидектерді, кейбіреулері гүлдердің тәтті шырынын қорек етеді.
Көктем: Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме деймін балама.
Өсиетің қандай ғажап жан ана!
Тал, теректі тамырынан қиятын
Тас жүректер әлі де көп арада!
Эколог: Орманға бара жатқандар,
Аңшылық дәмін татқандар,
Өтінем түгел бәріңнен
Көктемде құсты атпаңдар!
Сенімін оққа сатпаңдар!
Кішкентай жанды сақтаңдар.
Оларда титтей жүрек бар,
Жүректі жо-жоқ атпаңдар!
Қанаттыларды қақпаңдар!
Солармен атар ақ таңдар.
Көктемнің гүлі сияқты
Көктемде құсты атпаңдар!
Көктем: Жарайсыңдар, балалар!
Ей қазақтың ұланы
Болғайсың дала қыраны
Жер суын қорғау бабаңның
Емес пе елдің ұраны.
Көгершін: Бейбітшілік құсы менмін – көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан ашық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін!
Ән: «Ақ көгершін»
Көрініс: «Аңшы мен бала»
Мысал оқу : Тотықұс
Тотықұс айна алдына келіп,
Айнадан өз бейнесін көріп,
Шаттанып қалды,
Қуанышын ақтарыпсалды.
- Мынау-қас пен қабақ,
Үлбіреген тамақ.
Аршынтөсім мынау.
Жарасып-ақ тұр-ау.
- Қас қабағым ашық екен,
Құстың нағыз асылы екем,- деп,
Тырнақтарын бүре түсті.
Сол кезде көзі екі аяғына түсіп, үрейі ұшты.
- Шынымен өз аяғым осы ма?-
Деп айғайлап жіберді шошына. (Тотықұс денесін көріп сыланар,
Аяғын көріп қорланар
деген мақал оыдан шықса керек.)
«Ақ шағала» мәнерлеп оқу
ІІІ бөлім Сайыс
Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1. Таныстыру. (әр топ өз аттарын қорғап, таныстырады)
1 тапсырма: «Тапқыр болсаң тауып көр»
-Қандай құстар біздің жаққа ең бірінші болып ұшып келеді? (Ұзақ)
-Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
-Дүниедегі ең кішкентай құс? (колибри)
- Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (260рет)
- Қандай құстар ұша алмайды? (Түйеқұс, пингвин, тауық)
- Қыстың күні құстарға не қорқынышты, суық па, аштық па? (аштық)
-Саятшылық дегеніміз не? (Қыран құсты баптап аңға салу)
- Жер бетіндегі ең ірі құс? (түйеқұс)
2 тапсырма «Ұйқасын тап» ойыны
Байқа, миды сына!
Ойлан! Толған! Шыда!
Ұқсас ұйқас тауып,
Сөзден сөйлем құра.
Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді ... (кекілік)
Шабақ аңдып жағада
Шарқ ұрады ... (шағала)
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді ... (шымшық)
Аппақ доп тауып
Шақырады ... (тауық)
Дүрегей
Қайдан ұстар ....(шүрегей)
Үні ғажап дүлдүл
Бақта сайрар ...(бұлбұл)
3 тапсырма «Кім жылдам?» Берілген сөздердегі әріптердің орнын
ауыстырса , Қазақстандағы қорғауға алынған құсардың аттары шығады.
ОҚЗИҚАҚ, АШЛАҒА, ДАУҚАД, НҰҚАТ, ЗІРҚАБАН, КЕЛӘЛИ.
4. «Кім зерек?»
«Жасырын құстың астын сыз» Әр топ әңгімедегі сөздерден құстардың жасырын
аттарын тауып астын сызу керек
Ағайынды Асқар, Абай, Саттар, Тарлан бастары қосыла қалса ,жазғытұрым тайға
мініп, Асы жайлауына барғандарын еске алады. Бұлар шілдеде жапалақтап
жауған қардың астында қалған. Алыстан аппақ қураған ағаш жанында от жағып
жүрген үкілі әжесін көргенде қуанып кеткен. Самырсын ағашының жанына көк
текеметтен жасалған қазақ үйі құрылған.Қарлыға шашын тарап болысымен еттің
нанын илеуге кірісті.Ал біздер Асы шатқалына жылқышы Байқұтан атаны тамаққа
шақырдық. Бір қазан етті жеп отырып кештің қалай батқанын білмей қалдық.
(Жазғытұрым тайға – тұрымтай; Бұлар – ұлар; шілдеде – шіл; жапалақтап –
жапалақ; қураған –қу; үкілі –үкі; қазақ –қаз; құрылған –құр; Қарлыға шашын
–қарлығаш; жылқышы – жылқышы; Байқұтан – құтан; Бір қазан –бірқазан.)
5. «Мен саған, сен маған» Екі топтың бір- бірне дайындаған сөзжұмбағы,
мақал-мәтелдері, жұмбақтары, халық болжамдары, т.б. тапсырмалары.
Сурет құрастыру Әр топ бір-біріне дайындаған сурет қиындыларынан құстың
суретін құрастырады.
Сөзжұмбақ шешу «Табиғат» Әр топ өздерінің дайындаған сөзжұмбағын ұсынады.
Сыйлық беру. Әр топ тақырыпқа сай 1 сыйлық дайындау керек
ІҮ. Қорытындылау.
Құстардың қандай пайдасы бар?
Үй тұрмысында (киім, жастық)
- Тағамға пайдалану
- Тыңайтқыш ретінде
- Санитарлық қызметі
- Емдік қасиеті
- Сән үшін
- Ауа райын болжау
Қазіргі кезде құстардың саны азайып барады. Олардың азаю себебі неліктен?
- Жұмыртқасы зақымданғандықтан
- Қорегінің азаюынан
- Есепсіз, өте көп пайдаланудан
- Ұясының бұзылуынан
- Өрт салдарынан
- Табиғи апаттардан
- Қамқорлықтың кемуінен.
Елімізде қандай қамқорлық шаралары жасалған?
Қызыл кітапқа енгізген, қорықтар ,парктер ашылған. Бізде құстарға
әрқашанда қамқорлық жасауымыз керек.
Туған жерді сүю- парыз,
Сүю үшін білу-парыз,
Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру-парыз.
Жас достар! Бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және алтын бесігі , құтты
қонысы мен өсіп-өнер мекені- табиғатты аялайық!
Ү. Бата беру. Тілек білдіру.
Ал, балалар, қарағым!
Қолдарыңды жая қой
Ақ батамды ала қой
Жаратқан ием сендерге
Тотының сәнін берсін,
Бұлбұлдың әнін берсін.
Бүркіттің қырағылығын,
Сұңқардың әдемілігін берсін .
Аққудың махаббаты мен іңкәрлігін берсін
Ең абзалы жасын берсін.
Әр ісіңде қарлығаштай жылдам болып,
Барлық құстардың еңбекқорлығын берсін
Ақылды ұл-қыз болып өсулеріңді құдай қолдап, аруақ оңдаын! Әумин.
-

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz