Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға.
Сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін
еркін айтуға үйренеді.
2. Оқушылардың ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта
білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылар «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұнымен таныса отырып,
ертегідегі негізгі ойды ашуға машықтанады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау, интерактивті
оқыту тәсілдері.
Қажетті құралдар: оқулық, А4 қағазы, слайд, интерактивті тақта, маркер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Топтарға бөлу.
Шарты: Ертегі кейіпкерлерінің аты жазылған түрлі түсті қағаз таратылады.
Қағазға Ақ қайың, Қараағаш, Тобылғы, Сексеуіл деген аттар жазылған.
Сол жазылған кейіпкер аттары бойынша топтарға біріктіріледі.
ІІІ.Үй жұмысын тексеру.
Әр топтан бір-бір оқушыдан А.Сейдімбектің «Әйел-Ана» атты ертегісі
бойынша
жазған эсселерін оқыту.
ІV. Жаңа сабақ.
1) Кіріспе. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
2) Автор жайлы қысқаша дерек.
Қ. Жармағамбетов (1918-1974) Қостанай облысында дүниеге келген.1941
жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика институтын бітірген. «Ара»
журналының бас редакторы болған. Оның «Балладалар», «Мұғалима», «Дәурен»,
«Сырлы тал» атты шығармалары бар.Сондай-ақ, ол Ә.Қашаубаев өмірі туралы
“Әнші азамат” повесін жазды.
3) Ағаштар туралы қысқаша дерек.
V. Оқулықпен жұмыс. Мұғалім мәтінді 4 топқа ауызша бөліп береді.
Мәтін бөліктері:
1.Тобылғының Ақ қайыңды шағыстыруы.
2.Тобылғының Қараағашқа баруы.
3.Екі достың жанжалдасуы.
4. Тобылғының орманнан аластатылуы.
Топтағы әрбір оқушы мәтін бөлігін өздері оқып шығады, түсінгендерін айтады,
бір-бірін толықтырады.
- Бұл ертегіден ойыңа не түйдің ?
- Ертегіде қандай мәтел кездеседі? Оның мәнін қалай түсінесің ? – деген
сұрақтар қойылады, тақтаға жазылады.
VІ. Топтық жұмыс:
Осы сұрақтарды топ ішінде талқылайды. Мәтіннің бөліктерін әр топтан бір-бір
оқушы шығып, түсінгенін айтады.
VІІ. Сөздік жұмыс.
Қосақ – сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір-біріне тақап қосақтай
байланған қой немесе ешкілер тобы.
VІІІ. Кестемен жұмыс.
Әр топ «Адамның мінез-құлықтары» тақырыбында жағымды және жағымсыз
қасиеттері бойынша үш-үштен мысал келтіреді
ІХ. «Кубизм» әдісі.
4 топқа 4 текше таратылып беріледі. Текшелерге жазылған сұрақтарға жауап
беру.
1. Ертегінің авторы жайында не білесің?
2. Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
3. Ертегідегі жағымсыз кейіпкерді ата.
4. Екі мықтының ортасында жүріп кім жапа шекті?
5. Бұл ертегіден ойыңа не түйдің?
6. Ертегіде қандай мәтел кездеседі?
7. Татулық, бірлік туралы мақал-мәтелдер айту.
Х. «Бестармақ» тәсілі.
Әр топ өз кейіпкеріне мінездеме беріп, ойларын қорытындылау үшін тек 11
сөзді қолданады.
1. Не? – 1 сөз.
2. Қандай? – 2 сөз.
3. Не істеді? – 3 сөз.
4. Оның қандай маңызы бар? – 4сөз.
5. Оны басқаша қалай атауға болады? – 1 сөз.
ХІ. Үй жұмысын беру. Ертегіге кешенді талдау жасау.
Үлгісі:
1. Авторы. 2. Тақырыбы. 3. Жанр түрі (ертегі, аңыз, мысал, т.б.). 4.
Идеясы
(автордың айтайын деген ойы). 5. Ертегінің тәрбиелік мәні.
ХІІ. Рефлексия.
Оқушылар «Мен нені үйрендім? Нені білмей қалдым? » деген сұрақтарға өздері
жауап беріп, өз-өздеріне және топтарына баға береді.
ХІІІ. Бағалау.
Оқушылардың білімдерін бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz