Электр тізбегінде өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануы: теория және есептер

Бисенова Г. М. 8ә сыныбы.

Тақырыбы:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау
Тақырыбы:: Мақсаты:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау: Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғай білуге, тізбектей және паралель жалғау белгілерін, тізбектей және паралель жалғау кезіндегі кедергіні таба білуге үйрену.
Тақырыбы:: Күтілетін нәтиже:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау:

А. Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғауды үйренеді. Тізбектей және паралель жалғау белгілерін түсіндіре алады тізбектей және паралель жалғау кезіндегі толық кедергіні есептеудің формулаларын біледі.

В. Шамалардың физикалық мағынасын ажырата алады, сызба бойынша өткізгіштердің қалай жалғанғанын айтып бере алады. Формуланы қолданып толық кедергіні таба алдады.

С. Өткізгіштерді паралель қосқанда жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болатынын дәлелдей алады.

Тақырыбы:: Керекті жабдықтар:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау: Флипчарт, маркер, карандаш, қаламсап, стикер, компьютер
Тақырыбы:: Сабақ кезеңдері:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау: Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Тақырыбы:: Кіріспе:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау:

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Топқа бөлу (суретке, электрлік шамалар, өлшем бірліктерге байланысты)

-мұғаліммен сәлемдесу;

- жоқ оқушыларды айту

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.

Топқа бөлінеді

Тақырыбы:: Тұсаукесер:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау:

Үй тапсырмасын «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі арқылы сұрау

  1. Электр тогы деген не?
  2. Тізбектен электр тогы өтуі үшін қандай шарттар орындалуы қажет?
  3. Электр тогының әрекеттері қандай?
  4. Ток күші дегеніміз не?
  5. Ток тығыздығы қандай?
  6. Бөгде күштер деген не?
  7. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдаңдар.
  8. Электр кедергісі деген не?
  9. Металл өткізгіштің кедергісі оның геометриялық өлшемдеріне қалай тәуелді?

Мұғалім оқушылардың іс-әрекеттерін бақылайды.

Оқушылардың бағалауларын толықтырып, бағыттайды.

Оқушылардың білім алуларын қолдау үшін «түрткі болатын» сұрақтар қоюға оқушыларды бағыттайды.

Сұрақтарға жауап береді. Крестер мен нөлдер жинайды

- екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша бағалайды

Тақырыбы:: Негізгі бөлім:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау:

Сурет және топқа бөлінулері бойынша тақырыпты ашу

Жеке жұмыс ,

Жұптық жұмыс

«Топтық жұмыс», «Ойлан, бірік, бөліс» әдісімен оқушыларға тапсырма беріледі.

Әрбір топ жауаптарын қадағалайды, смайликтер арқылы бағалатады.

Дарынды оқушыларға паралель және тізбектей жалғауды ұсыну

Тақырыпты айтады.

Әрбір оқушы оқып, өзі түсініп, түсінбегендерін топпен талқылайды.

Топ орындарынан тақырып бойынша флипчарт дайындайды. Тапсырма таныстырылымы спикер таңдау арқылы жүргізіледі.

Топпен өзара жауаптарын қадағалап, смайликтер арқылы бағалайды.

Тақырыбы:: Қорытынды:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау:

Кері байланыс.

«Кезбе тілші» әдісімен сабақты қорытындылау. Стикерде деңгейлік тапсырмалар беріледі.

«3».

1топқа . Кедергілері 100 Ом және 300 Ом және 200 ом болатын үш шам электр желісіне жалғанған. Шамдар тізбектей және паралель жалғанған кездегі толық кедергіні табыңыз.

2-топқа. 36 В кернеуі бар тізбекке кедергілері 12 және 6 Ом екі өткізгіш тізбектей қосылған. Осы тізбектегі токты табыңыз?

«4»

1-топқа Кедергісі R 1 =44 ом өткізгіш арқылы I 1 =5A ток өтеді. I 2 =0, 8A

ток өткендегі өткізгіштің R 2 кедергісін анықтаңдар.

2-топқа. Егер R 1 =120 Ом кедергі арқылы 6 А ток өтіп жатса, R 2 = 80 Ом кедергі арқылы өтіп жатқан токты табу керек.

«5»

1-топқа. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?

2- топқа . Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R 1 =36 ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U 1 =9В . Кедергісі R 2 =64 ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.

Үй тапсырмасын беру: 9. 1-9. 4. тақырыптарды оқу

Оқушылар Стикердегі деңгейлік есептерді шығарады

Тілші хабарлама жасайды. Тілші сұхбат алатын оқушы тақтада тапсырманы орындайды.

Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.

Тақырыбы:: Бағалау:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау: Оқушылардың пікірлері немесе бағалау.
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін кері байланыс рефлексия парағын толтыру арқылы көрсетеді. Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді.

Ұқсас жұмыстар
Электр тізбегінде өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауы: қағидалар, формулалар және есептер
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау: теория мен есептер
Толық тізбек үшін Ом заңы және өткізгіштердің тізбектей және параллель қосылуы
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау: негізгі заңдылықтар мен есептер
8-сынып физикасы: тұрақты электр тогы - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Қысқа мерзімді жоспар: 8-сынып, Тұрақты электр тогы - Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Конденсаторлар: түрлері, жалғануы және электр өрісінің энергиясы
Орта мерзімді жоспар: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау; электр тогының жұмысы, қуаты және Джоуль-Ленц заңы
8-сынып физика: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz