Бастауыш сыныптың сабақ жоспары: 10 саны және біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды таныстыру

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы

Қазан ауылы Қазан негізгі мектебінің

Бастауыш пән мұғалімі

Қайролла Мұратқабыл Мейрамбекұлы

Жарияланған категория: бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: 10 саны

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: 10 санының құрылуымен таныстыру және «біртаңбалы, екітаңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушының зейінін, зерде үрдістерін, пәнге қызығушылығын, жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ойын

Сабақтың түрі : Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, ойын, АКТ, сұрақ-жауап, көрнекілік, коментарии

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекіліктері: сандар, сюжетті суреттер,

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық .

Әрбір адам -туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ -үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісім -тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім -шындық, бірлік, адалдық.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың барысымен және мақсатымен таныстыру.

-Балалалр, біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Ұлтымыз қалай аталады?

-Қазақ.

- Мейрамда біз де саяхатқа шығайық. Нағашы ауылына қонаққа барайық. Алдымен саяхатқа әзірліктеріңді тексеріп алайын.

8 +1 9-1 6+3 9-3

7+2 9-2 5+4 9-4

IV. Жаңа материалмен таныстыру

А) 10 дегеніміз қандай цифралардан т ұрады? (1 және 0)

10 -екітаңбалы сан. Барлық сандар 10 саны сияқты 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифраларынан

Ә) Суреттермен жұмыс .

Үйректерді санап, жауап береді.

10 дегеніміз 9 және 1 немесе 1 және 9.

9+1 =10 10-9=1 10-1=9

Б) 1 дм-де 10 см бар . 1 см жолақшаны жалғастрып, 10 рет бойлай алып, 10 см =1дм,, теңдігін құрал арқылы түсіндіру.

В)

Біртаңбалы сандар екітаңбалы сандар

V. Оқулықпен жұмыс

10 санын әдемі етіп жазу. №3 -22 бет /салыстыру/

6 * 7 6 * 6 +1 9-3 * 9-4

3 *4 8* 8 -3 10 -1 * 10 -2

10 * 9 10 * 9+1

VІ. Өткен материалмен жұмыс. №2- 84 бет

VIІ. Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық, Арықпен бірге ағайық.

Көлшік болып жиналып, Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен құрғайық. Бу боп аспан төрінде

Бұлттар санын құрайық Бұлттан жаңбыр сөгілер,

Жер әлемге төгілер.

VIIІ. Ауызша жұмыс№3 -84 бет,

Оқулықтағы №4 дәптерге орындау

1. Сол жақта сиырлар мен бұзаулардың суреті салынған. Оларды санайық. Бұлардан қандай өрнек құрастыруға болады?

2. Оң жақтағы жылқылар мен құлындардың суреті берілген.

Қандай өрнек құрастыруға болады?

3. Оң және сол жақтағы суреттерін санын салыстырайық. Ол үшін қатар екі өрнек жазамыз да, салыстыру (« >», «<») таңбаларын қоямыз . Қандай таңбаны қою керек, неліктен? Теңсіздікті оқыту.

ІХ. Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

Х. Үйге тапсырма беру: №5 №5 тапсырма кеңістікті елестету, заттардың белгілерін бөліп алу, салыстыру дағдыларын дамытуға арналған.

ХІ. Бағалау. Оқушылардың қатысымына байланысты кемшілік жетітіктерін ескере отырып бағалап мадақтаймын


Ұқсас жұмыстар
10 құрамы бойынша сандарды қайталау: бастауыш сыныптың саяхат түріндегі ашық сабағы
Бастауыш сынып математикасы: 10 саны және дециметр
7 саны мен цифры: таныстыру және қосу-азайтуды меңгерту
Бастауыш сынып сабағы: 7 саны мен цифрын таныстыру, құрамын анықтау және Жеті қазына мәдени аспектілері
15 саны мен цифры: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
1-сынып математика сабағы: 8 саны мен цифрын таныстыру
1-сынып математикасы: 11-20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыруға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
8 саны мен цифры: бастауыш математика сабағының жоспары
0 саны мен цифры: бастауыш сынып математикасының сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған 7 саны мен цифры тақырыбындағы аралас сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz